Басы
10 минут
20 минут
5 мин
Соңы 5 минут
Қорытын
ды
|
Салеметсіздерме құрметті оқушылар?! –
- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.
- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.
Топқа бөлу:
Мұғалім : Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: - Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр? - Көремін. Өрмек тоқып жүр. - Анау құмырсқаны көремісің? - Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады. - Жоғары қара аспаннан не көрдің? - Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар. Сонда атасы былай депті: - Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді. Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар? - Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке. - Иә жарайсыңдар еңбек туралы бүгінгі тәрбие сағатымыз «Еңбек түбі – береке» тақырыбында болмақ.
.
Мұғалім: - Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады. - Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын. - Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар? Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз. - Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады? Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді тыңдағанда. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер. Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап, деген екен Абай атамыз.
Мұғалім: (Оқушылардан еңбек туралы мақал сұрау)
Иә, балалар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп. Еңбек түбі – береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді
Еңбек етпеген ішіп – жемейді. Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме. Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек. Сұрақ – жауап. Не үйрендің? Не түйдік? Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқынапайдасы берекелі болады. Осымен «Еңбек түбі – береке» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
|
Оқушылар сәлемдеседі.
Ойсергек: «Сәлемдесу»
Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба?
Жақсы бала еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бір адам. (2 рет қайталау)
Еңбекшіл досым – ай
Болайықшы осындай.(хормен айтады).
1оқушы . «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2оқушы . «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3.оқушы «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. оқушы «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болма
5 оқушы : Еңбекті сүй құрметте Береке болар еңбекте Еңбек етсең емерсің Жақын болшы еңбекке. Маржан: Майда бол жігіт болсаң тал жібектей Жарамайды қатты болу тікенектей Білімің болсадағы ұшан – теңіз Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
6 оқушы : Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей? Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей «Бір тойған – шала байлық» деген қазақ Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей.
7 оқушы : Еңбек – өлім жан қанатын қиятын Еңбек – өлім жанды ашудан тыятын. Еңбек деген – еңбектеген мылқауды тыю Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
|