Сабақты талқылау және жаңа сабақ циклін жоспарлау


Сабақтан кейінгі талқыны төменде ұсынылған жолдармен ұйымдастыруға



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата10.06.2022
өлшемі109.4 Kb.
#267839
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
4.8-үлестірме материалы Жұмыс тобының қорытындысы

 
Сабақтан кейінгі талқыны төменде ұсынылған жолдармен ұйымдастыруға 
болады, бірақ оны істеу жолы бұл тізіммен шектелмейді: 
• Егер бір мұғалім өзекті болып табылатын проблемалардың бірін көтерсе, содан бастау: 
«Х әріптесіміз маңызды мәселені көтеріп отыр, соны талқылап алайық». 
• Сабақтың нақты бір бөлігінің ықпалы туралы пікірталасты бастау үшін жоспарда осы бөлімге 
қатысты жазылған бағамдау шараларын немесе бағалауға арналған сұрақтарды пайдалану. 
Егер бір адам арыз айтса, басқаларға оны жақтап немесе даттап өз пікірін ұсынып, оны 
деректермен қуаттауға шақыру. Сабақта уақыт қалай пайдаланылғанын талқылауға шақыру. 
Оқушыларға жеткілікті уақыт беріле ме? Мүмкін тым көп уақыт берілген шығар? Нақты 
деректермен дәлелдеуін сұрау. 
• Сабақтың мақсатына назар аудару. Қолда бар деректерге қарап сабақ жоспары тұрғысынан 
және ұзақ мерзімді жоспар тұрғысынан оқушының қаншалықты алға жылжығаны туралы 
болжам жасай аламыз ба? Оқушылардың тақырыпты меңгергені туралы деректеріміз бар ма? 
Егер оқушылар біз үйреткіміз келген нәрселерді меңгермеген болса, неліктен бұлай болды? 
Алдағы уақытта оқушылардың қандай қажеттіліктерін қанағаттандыруымыз керек? 
• Мезгіл-мезгіл аралық қорытынды жасап, содан кейін келесі мәселеге көшіп отырған 
орынды. Мысалы, «Осылайша, _______ қатысты ортақ пікірге келдік. Ал ________ туралы не 
дейсіздер?» 
• Сабақты бағамдау. Бұны бірталай деректерді ортаға салып, талқылағаннан кейін 
пікірталастың соңына қарай орындаған тиімді. 
• Зерттеу сұрағына жауап алынғаны/алынбағанын зерделеу. Осы сабақ арқылы зерттеу 
сұрағымызға жауап алынды ма? Ісіміз қаншалықты табысты болды? (Сабақ қаншалықты 
табысты өтті деген тұрғыдан емес, зерттеу сұрағына қаншалықты толыққанды жауап 


алынғаны тұрғысынан оның табыстылығын зерделеу). Неліктен табысты болды немесе 
табысты болмаса, неліктен табысты болмады? Алдағы сабақтарға қатысты қандай ойлары бар? 
Сабақты талдау барысында зерттеу тобы зерттеу сабағын қайта қарау жолдарын 
анықтайды. Кейбір топтар осымен тоқтауы да мүмкін. Алайда әдетте зерттеу тобы зерттеу 
сабағының екінші циклін өткізу туралы шешім қабылдап, қайта қаралған зерттеу сабағы 
өткізіледі. Бұл екінші цикл кезінде мұғалімдер дерек жинаудың басқа әдістерін қолдануды 
келісуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру