Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы Сабақтың мақсаты



Дата22.09.2021
өлшемі46 Kb.
түріСабақ

Күні:

Сыныбы: 7 қазақ

Саламатсыздарма оқушылыр! Отырыңыздар.

Саламатсыздарма апайлар!

Рұқсат етсеңіздер, бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз.



Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы

Сабақтың мақсаты:

а) тығыздық ұғымы, бірлігі туралы түсінік беру, жаңа материалды меңгерту;

б) оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру;

в) оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу



Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, плакаттар, суреттер, формулалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Сұрақ-жауап

  2. Кесте толтыру

  3. Есеп шығару

  4. Физикалық диктант



Сұрақ – жауап
1) Масса дегеніміз не?

2) Инерттілік дегеніміз не?

3) Масса бірлігі ретінде не қабылданған?


Кесте толтыру




Физикалық шама

Белгіленуі, әрпі

Өлшем бірлігі

Формуласы

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

5.

 

 

 

 

Есеп шығару
1. Массасы 30кг қозғалмай тұрған салдан (плот) массасы 45кг бала жағаға секірді. Сонда сал 1,5м/с жылдамдық алды. Баланың жылдамдығы қандай?

2. Массалардың төменде берілген мәндерін килогармм арқылы өрнектеңдер:
100г, 2т, 50г, 2мг, 7,2т.

3. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигін салыңдар:
υ=-3м/с және x0=6м.

4. Іріктеу орнынан ылдиға қарай вагон 120м қашықтықты 10с өтеді де, жазықта жүрісін жалғастырып, әбден тоқтағанша 360м жолды 1,5мин жүреді. Вагонның барлық қозғалысының орташа жылдамдығын табыңдар.

Физикалық диктант
1. ........ қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын дене.

2. Жол - ............ ұзындығы.

3. ........ – қозғалыстағы дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді.

4. ....... – дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүреді.

5. Бірқалыпты емес қозғалыс - дене тең уақыт аралығында ......... жол жүреді.

6. ....... – берілген уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақыт аралығына қатынасы.

7. Күнге ең жақын орналасқан планета .......

8. ....... – дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғандағы бастапқы орнының өзгеруі.

9. Санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі мен сағаттан тұрады .....

10. x=x0+υt ......... Теңдеуі.
Жауаптары

  • 1. (материялық нүкте)

  • 2. (траекторияның)

  • 3. (орын ауыстыру)

  • 4. (бірқалыпты қозғалыс)

  • 5. (әр түрлі)

  • 6. (жылдамдық)

  • 7. (Меркурий)

  • 8. (механикалық қозғалыс)

  • 9. (санақ жүйесі)

  • 10. (қозғалыс




  1. Жаңа сабақ

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады.

Заттың тығыздығын анықтау үшін дененің массасы мен көлемін өлшеп алып, соннан соң массаны көлемге бөлсек болғаны.

ρ=m/V


ρ - заттың тығыздығы, m - дененің массасы, V - дененің көлемі.

Зат тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің халықаралық жүйесінде (SI) килограмның метр кубқа қатынасы (кг/м3) алынған. Есептеулер жүргізу кезінде тығыздықтың г/см3, т/м3 сияқты басқа да бірліктері қолданылады:

1г/см3=103кг/м3 1кг/м3=10-3т/м3

Қосымшалағы 6, 7, 8 – кестелерде кейбір газ тәрізді, қатты және сұйық заттардың тығыздықтары берілген.

Газ молекулаларының ара қашықтығы өте үлкен, ал сұйықар мен қатты күйдегі денелердің молекулалары өте тығыз орналасқан. Сондықтан газдардың тығыздығы сұйықтар мен қатты денелердің тығыздықтырымен салыстырғанда өте аз. Зат газ күйіне көшкенде оның тығыздығы шамамен 1000 есеге дейін кемиді.

Заттың тығыздығы және денелердің көлемі белгілі болса, онда өлшеулер жүргізбей-ақ оның массасын анықтауға болады:



m=ρ∙V

Көп жағдайда бір дене тегі әр түрлі заттардан жасалады. Мұндай жағдайда ρ=m/V формуласы бойынша есептеулер жүргізе отырып, денені құрайтын материалдың орташа тығыздығын табады.



Мысалы, суретте кеменің негізгі бқлігі болаттан тұрады, оның әр түрлі заттардан жасалған (ағаш, шыны, түсті металл, пластмасса, т.б) бөліктері бар. Әсіресе кеменің көп аумағын ауа толтырып тұрады. Міне, сондықтан кеменің орташа тығыздығы (ρорт≈500кг/м3) судың тығыздығынан аз болады. Кеме суға батпайды (67-сурет). Бұл кеменің суда жүзуін қамтамасыз етеді.

  1. Бекіту сұрақтары

  1. Заттың тығыздығы дегеніміз не?

  2. Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің массасын қалай есептейді?

  3. Заттың тығыздығының өлшем бірлігі қандай?

  1. Бекіту есептері. Есеп кітаптан №3,4,5,6,7,8,9,10

Мысалы, кірпіштің тығыздығы 1,8∙103кг/м3, өлшемі 250х120х65 (мм) екені белгілі болса, онда бұл кірпіштің массасын есептеп табу керек. Әуелі оның көлемін табамыз: V=abc=0,25м∙0,12м∙0,65м=0,00195м3≈0,002м3, онда m=ρ∙V=1,8∙103кг/м3∙0,002м3=3,6кг

  1. Қорытындылау

  2. Бағалау

  3. Үйге тапсырма: §24, 9-жаттығу


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар