Сабақтың тақырыбы: Зат есім



Дата19.11.2021
өлшемі217.31 Kb.
түріСабақ



10-СОӨЖ.Қысқа мерзімді жоспар:



Пәні:Қазақ тілі


Мектеп: Ханшайымдар мектебі

Күні:12.11.2021

Мұғалімі: Жауметбай Жазира

Сыныбы: 4

Қатысқандар: 21

Қатыспағандар:5

Сабақтың тақырыбы:

Зат есім



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты(оқу бағдарламасына сілтеме):

4.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу


Сабақ мақсаттары

зат есім туралы оқушылардың білім деңгейін көтеру, пысықтау, тереңдету;

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы

7 мин


.


Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға сабақтың тақырыбын ашуға байланысты ребус беріледі сол арқылы сабақтың не туралы болатындығын анықтайды.



«Сұрақ жауап» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

1.Сөз таптары дегеніміз не?

2.Сөз таптарын ата?

3.Сұрақтары қандай?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.





Сабақтың ортасы

28 мин
Ойлау дағдыларының деңгейі:



Білу, түсіну

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну,талдау


Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну,талдау,

қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну,талдау


1тапсырма

«Галереяны аралау» стратегиясы. Жұппен жұмыс. Екі оқушыдан шығып, бірінші оқушы мақал-мәтел айтса, екінші оқушы сол мақал-мәтелдерден зат есімдерді атап көрсетеді.

Мысалы:

Мақал-мәтелдер: Кітап – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.



Зат есімдер: кітап, білім, өмір, бұлақ.

Дискриптор:

1)Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.1бал

2)Мақал-мәтелдерден зат-есімді табады.1бал

ҚБ: «Асыл тастар»әдісі

Оқушылардың тапсырманы дұрыс орындау бағытына қарай

Әр дұрыс жауапты асыл тастарды үлестіру арқылы бағалаймын.

2тапсырма



Белсенді оқыту «Бекіту және қолданысқа енгізу»

Тапсырмада қолдану мақсатым: Жаңадан меңгерген зат есім туралы білімін тапсырма орындау барысында қолдану және жетілдіруге ынталандыру.

Тапсырма:

  • Берілген сөздерден жалқы есім, жалпы есімдерді анықтау.

  • Жалқы есімдердің бас әріппен жазылу себептерін есіңе түсір.

Бағалау критерийі:

Берілген сөздерден жалпы және жалқы есімдерді ажыратады.



Дескриптор:

  • Жалқы есімдерді ажыратады.

  • Жалпы есімдерді ажыратады.

  • Жалқы есімдердің бас әріппен жазылу себептерін түсіндіреді.

ҚБ: «Асыл тастар» әдісі
«Сэн Ку Эн», 5 жолды өлең стратегиясы. Айтылған мақал-мәтелдерден зат есімдерді бес жолды өлең стратегиясы арқылы талдау.

  1. Зат есім Кітап

  2. 2сын есім қызықты, үлкен

  3. 3 етістік білім береді, оқылады, жазылады.

  4. Кітап – білім берудің негізгі құралы.

  5. Оқулық.

Дискриптор:

1)Бес жолды өлең құрастырады.1бал

2)Өлеңнің ішінен зат есімді талдайды.1бал

ҚБ:Асыл тастар әдісі.

Сәйкестендіру тесті. Берілген зат есімнің сұрақтары мен зат есімге берілген мысалдарды сәйкестендіріңдер.

1. Кім? 1. Байшұбар, Астана қаласы

2. Кімдер? 2. домбыра, гүл

3. Не? 3. оқушы , ана

4. Нелер? 4. әндер, құстар

5. Дара зат есім 5. оқушылар, аналар

6.Күрделі зат есім 6. Қобыз, ән, құс



Дискриптор:

1)Сәйкестендіреді.1бал

2) Зат есімнің құрылымын ажыратады.1бал

4 тапсырма



Тапсырма:

  • Мәтінді түсініп оқу.

  • Мәтінді пайдаланып, кестені сөздермен толтырады.



Бағалау критерийі: Көпше және жекеше түрдегі зат есімдерді анықтайды.


Жалқы есім

Жалпы есім

Көпше түрдегі зат есім

Жекеше түрдегі зат есім












Дескриптор:

  • Мәтінді түсініп оқуды

  • Жалқы есімдерді анықтайды

  • Жалпы есімдерді анықтайды

  • Көпше түрдегі зат есімдерді анықтайды

  • Жекеше түрдегі зат есімдерді анықтайды

ҚБ: «Асыл тастар»әдісі

«Артығын тап» ойыны. Берілген зат есімдер қатарынан артық сөзді табыңдар.

  1. Мектеп, өнерлі, аспан, кеме, қалам

  2. Күт, оқырман, кітапхана, Айжан.

  3. Мәдениет үйі, жазбалар, бес жүз, мен.

Ой-толғаныс кезеңі . «Екі минуттық эссе» әдісі. «Мен – зат есіммін» тақырыбына эссе жазылады. Берілетін уақыт 2 минут.

"Мен — зат есіммін"

Менің атым –зат есім. "Кім, кімдер, не, нелер? " деген сұрақтарым бар. Мен белгілі заттардың атауын білдіремін. Біз негізі тоғыз ағайындымыз. Мен біріншімін, сондықтан барша затқа иелік етемін.



Дискриптор:

1)Эссе жазады.1бал



Үйге тапсырма:

Төмендегі сұрақтарға жауап жазып


келу тапсырылады.

  1. Сенің жолдастарың кімдер?

  2. Қандай газет, журнал, кітап оқисың?

  3. Қандай елді мекендерді білесің?

  4. Қандай озен, кел, теңіз аттарын білесің?

  5. Қандай ірі қалаларды білесің?

  6. Қазақстан қандай мемлекеттермен көрші?

  7. Сіздің үйде кімдер тұрады? Олардың аты-жөнін толық жазып көрсет.




Оқулық 9-бет

Ауызша орындайды.







Оқулық бойынша 10-бет
Дәптермен жұмыс








Оқулық 11- бет





Дәптермен жұмыс.

Сабақтың соңы

5 мин




КЕРІ БАЙЛАНЫС





10-СӨЖ.《Сөз таптары》бөлімі бойынша оқушының меңгеретін білім ,білік және дағдылар көлемі.

Грамматикалық күрделі материалдарды оқытудағы ең күрделі тақырып сөз таптары. Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуді үйретеді. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: «Балалардың тілі шығып, сана-сезімі өсе келе, ол сөйлеуге үйренеді; (сөздерді қолдануға) оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Грамматиканың міндеті – сол тәжірбие нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру», - дейді. Сондықтан ол бастауыш сыныптан бастап үйретіледі.

1-сыныпта сөз таптары жайында бастапқы түсінік алып, алдағы уақытта сөз таптарын жүйелі түрде оқыту мақсаты қойылады. Сондықтан бірден зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп аталмай, 1-сыныпта заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздер деп беріледі, артынан солардың грамматикадағы үйреншікті атаулары беріледі. Осылайша есім сөздерді 2-сынып оқушыларына білудің мақсаты морфологиясы жүйелі түрде білдіруге алғашқы саты ғана емес, сондай-ақ бұл тақырып оқушылардың тілін дамытуға да көмегін тигізеді, сөз байлығын молайтады, ой-өрісін кеңейтеді, сөйлем құрауды үйретеді.



Жаңартылған бағдарлама бойынша тілдің морфологиялық жүйесі 2-сыныптан бастап оқытыла басатайды. Бұл сыныпта оқушылар сөздердің семантикалық-грамматикалық топтарынан яғни, сөз таптарынан алғашқы мағлұматтар ала бастайды. Сөз таптары терминдік тұрғыдан ажыратпағанымен, 2-сынып оқушылары «кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді», «Бас әріппен жазылатын сөздерді», қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді, «қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді» олардың анықтамаларымен бірге оқып үйренуге тиісті. Сонымен қатар әр топтағы сөздердің қайсысына қандай сұрақ қойылатынын біліп, оның есебін түсінулері қажет. Сондай-ақ заттың қимылын, санын, сынын білдіретін сөздермен тіркестіріп сөйлем құрай білу дағдыларын да меңгеруге міндетті. Егер оқушы бұл соңғы дағдылырын меңгермесе, кейінгі «Сөйлем» тарауындағы мағлұматтарды дұрыс игере алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік