Жаңа тақырыпты түсіндіру.
VideoPad редакторы құралдар тақтасының қызметімен толықтай танысып алайық.
Көрсетілім.
Осы құралдарды пайдалану арқылы біз видеожазбаларды сапалы дайындай аламыз. Сонымен қатар олар видеожазбаларға әртүрлі әсерлер, аудиолар, суреттер, мәтін титрлерін енгізуге мүмкіндік береді.
Нысандарды кірістіру батырмасы- видеожазбаларға қарапайым мәтін, анимациялы титрлер, суреттер кірістіруге, оларды бос фондармен безендіруге болады.
Жазу батырмасы- экран бетіне түсіруге, видео, аудио жазуға, жасалған видеожазбаны дыбыстауға болады.
Мәтіндік әсерлер (эффектілер)-түрлі мәтіндерді жоғары, төмен, оңға, солға айналдыру бағыттары бойынша, толқынды және жазу мәшинесі түріндегі мәтіндердің типін пайдалануға болады. Мәтіндердің түсін, түрін, мөлшерін өзгерте аламыз. Қаріптің түстерін таңдауға болады. Сонымен қатар видеожазбаға уақыт, минут, таймер көрсету мүмкіндіктері де бар.
Аудио әсерлер-дыбыс деңгейін реттеуге және өзге де әсерлерді қолдануға мүмкіндік береді.
Видео әсерлер- видеожазбаға әртүрлі әсерлер қосуға болады.
Ауысулар- видеожазбалар арасына түрлі ауысулар жасауға болады.
Жеке жұмыс. 1-тапсырма.
VideoPad редакторында берілген тапсырмаларды орында:
Интернеттен қыс мезгіліне қатысты суреттерді жұкте.