Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Психологиялық ахуал туғызу.
5 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Психологиялық ахуал туғызу.
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
|
Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар пазл қима қағаздар беріледі. Әр оқушы пазл қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Тыныс алу
2 топ: Ауа жолдары
3 топ: Альвеола
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
(Қазіргі жағдайда) ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
1 0 мин
|
(Ұ) «Quizizz» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында тест сұрақтарына жауап береді. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.
|
1. Жүрек және қан тамырларының қалыпты жүйесі үшін қандай жағдайлар керек?
2. Жүрек ауруларының негізгі себебі неде?
3. Спиртті ішімдік пен темекі жүрек – қан тамырлары жүйесіне қалай әсер етеді ?
4. Капилярлық қан кетуді қалай тоқтатады?
5. Веналық қан кету кезінде қандай көмек көрсету керек?
6. Артериялық қан кетудің қауіптілігі неде? Мұны қалай анықтауға болады?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Дескриптор:
-жүрек және қантамырлары мүшесінің құрылысын талдайды;
- жүрек ауруларының негізгі себептерін анықтайды;
-Қантамырларының қызметін біледі.
|
Интерактивті тақта,
Телефон.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу 5 мин.
|
Видеокөрсетілім.
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Термин сөздермен таныстырады.
|
Жаңа сабақ туралы видео көреді.
Оқулықты оқып танысып шығады. Термин сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тірі организмдегі газ алмасу механизмдерін сипаттайды.
|
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.
|
Топтық жұмыс
15 мин
|
І.Топ
Ағзадағы тыныс алудың рөлі
ІІ топ
Адамның тыныс алу мүшелері
ІІІ топ
Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу
|
Оқушылар өздеріне берілген тақырып бойынша постер дайындайды.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Тапсырманы орындайды.
2.Постер қорғайды.
-Тыныс алу мүшелерін, орналасу ретін түсінеді;
-Тыныс алу мүшелерінің құрылысын меңгереді;
тыныс алу мүшелерінің қызметін ажырата алады;
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Жеке жұмыс 5мин
|
«Сырлы сөздердің орнын тап» әдісі бойынша берілген анықтамаларды сәйкесінше кестеге орналастыру.
«Сөзжұмбақ» әдісі бойынша әртүрлі бағытты орналасқан әріптерден термин сөз құрастыру.
|
Тыныс алу жолының құрылымы мен қызметін ажыратып сәйкесінше кестеге толтырады.
Балалар термин сөздерді тез ұғынады, жаңа сабақты меңгеруде қызығушылығы артады.
|
- тыныс алудың төмеңгі жолы мүшелерін біледі;
- әр мүшелерінің қызметтерін ажыратады;
- кеңірдек, бронхы құрылысындағы ерекшелікті сипаттайды;
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Тапсырмалар бар парақтар.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
5 мин.
|
«Кері байланыс Квадрат. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|
№1есеп. 1сағат=60 минут х 16рет= 960рет; 1күн =24 сағат х 960рет =23040рет
№2 есеп. 150000: 3 =50000 ағаш.