Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы



Дата19.11.2021
өлшемі18.65 Kb.
түріСабақ

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Физика

Бөлім:

Термодинамика негіздері

Педагогтің аты-жөні:




Күні:

9.11.2021

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы.

Жылу процестерінің қайтымсыздығы.Термодинамиканың екіншi заңы



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.3.2.17 – термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру, сапалық және сандық есептер шығару.

8.3.2.18 – термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: термодинамиканың I-ші заңы және оның жалпы сипатының мәні,газ бен бу ұлғайғандағы жұмысының мағынасын тұжырымдай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы жайлы түсіне отырып есептер шы ғара алады.

Кейбір оқушылар: проблемалық сұрақтарға жауап іздейді,бағалайды,барлайды.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

Бекіту

Кері байланыс



Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

Сәлеметсіздерме балалар!Біз бүгін жаңа тарау термодинамика тарауы соның ішіндегі Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы тақырыбын қарастырамыз.Өткен сабақта біз Қайнау.Меншікті булану жылуы.қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігі туралы өтіп сол тақырыпқа есептер шығарған болатынбыз. Өткен тақырып бойынша тест тапсырмасын орындаймыз

Өткен тақырыпты тексеру.

Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар:

Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы.

-Бүгінгі сабақты меңгерген соң, Термодинамиканың бiрiншi заңы тұжырымдап, оны есептер шығаруда қолдана алатын боласыздар.

Теориялық материал

Оқулықты ашындар:


http://ust.kz/word/sabaq_jospary_termodinamikanyng_birinsi_zangy_gazdyng_jane_bydyng_jumysy_8_synyp-72678.html
Оқып, тараудағы физика терминдерінің қазақ,орыс және ағылшын тілдерінің минимумын дәптерге жазып аламыз.
(2 тапсырма) Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі:

Q= U+A


Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгеруіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады.

Жүйенің энергиясы өзгертетін сыртқы күштердің А жұмысы мен оған берілген Q жылудың қосындысы жүйенің ішкі энергиясының өсімшесіне тең: U=A+Q

Қысым тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті изобаралық процесс деп атайды.

Изобаралық ұлғаю кезінде газдың сыртқы күштерге қарсы атқарған жұмысы газ қысымын оның соңғы және бастапқы көлемдерінің айырымына көбейткенге тең.

(а-сурет) изобаралық ұлғаю кезіндегі газдың жұмысын график түрінде көрсетілуі.

Изобаралық процесс үшін термодинамикнаың І заңы:

Газдың көлемі тұрақты, ал температура мен қысымы өзгеретін термодинамикалық процесті изохоралық процесс деп атайды. (ә) –сурет.

Изохоралық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Температура тұрақты, ал қысым мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесті изотермалық процесс деп атайды. (б) –сурет.

Изотермалық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық процесс деп атайды.

Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Адаибаталық процесті графикте адиабата деп аталатын қисықпен көрсетуге болады:

Жабық пробиркадағы су қайнағанда, пробирка тығыны атылып кетуін түсіндіру барысында сабақ тақырыбына шығу және сабақ мақсатын айқындау:

Қандай құбылысты бақыладыңдар? Мұндағы құрғақ отынның жылу мөлшері қайда жұмсалды? Осы бу жұмыс жасады ма? Ендеше бігінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсындар?

Жарайсыздар!

Оқушылар әр қайсысы өз түсінгендері бойынша ортаға ойларын салу арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын анықтайды.
Есепті шығар. (3 тапсырма)
№1 Газға 5 кДж жылу мөлшері берілгенде,ол 2 кДж жұмыс атқарды.Газдың ішкі энергиясы қалай өзгереді?
Берілгені: SI Формула Шешуі:

Q= 5 кДж 103 Q= U+A

A= 2 кДж 103 U= Q-A=5*103-2*103=3*103 Дж

Т/к: U-? Жауабы: U=3*103 Дж -ға өседі

№2 Газға 7 кДж жылу мөлшері берілгенде,ол 10 кДж жұмыс атқара алатындай процесс мүмкін бе?Мұндай жағдайда газдың ішкі энергиясында,температурасында нендей өзгерістер болар еді?

Берілгені: SI Формула Шешуі:

Q= 7 кДж 103 Q= U+A U= Q-A

A= 10кДж 103 U= Q-A=7*103-10*103= -3*103 Дж

Т/к: U-? Жауабы: U=3*103 Дж -ға өседі

Үйге: 3.1 жаттығудың 4 есебін шығарамыз


Рефлекция

Кері байланыс бутерброды

-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен....................... үйрендім.

-Маған........................................................қиын болып көрінді.

-Мен енді ......................................................... үйренгім келеді



Тест тапсырмасын орындау

Теориялық материалмен жұмыс




Ұпай



Кесте


Оқулық, жұмыс дәптері



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік