Сабақтың тақырыбы: Таулар Сабақтың мақсаты

Loading...


Дата29.07.2020
өлшемі123.26 Kb.
түріСабақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ «МКҚК»

Пәні: Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі

Тақырыбы: ІV сыныптарда жұмыс істеудің әдісі мен мазмұны

Орындаған: Үдеш Фариза 2курс

Тексерген: Койшыгулова А.К.

Ақтау 2020ж.
4сыныпты оқытудың әдіс -тәсілдері, мұғалімдерге қойылатын талаптарды орындай отырып, соған дәлел ретінде осы сыныпқа дүниетану пәнінен бір сабақ жоспарын жазыңыз.
Күні:

Дүниетану 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Таулар

Сабақтың мақсаты:


  1. Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығын таныту. Таудың түзілу жолдарымен таныстыру. Адамның тауды пайдалану жолдары.

  2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз беттерімен іздене білу дағдыларын дамыту. Электронды оқулықпен жұмыс жасауға машықтандыру. Картамен жұмыс.

  3. Туған елінің әсем табиғатын сүйе білуге және алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Интерактивтік тақтада слайдтар. Оқушылардың кіші ғылыми жұмыстары. Қазақстанның физикалық карта.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Табиғат суреттері.

  • Табиғат туралы бір-екі ауыз сөз (әр оқушы)

  • Табиғаттың кереметі

  • Табиғатты аялайық!

  • Қорғайық!

  • Таза ауа, мөлдір суы біз үшін

  • Неткен сұлу неткен көркем ,осы менің туған өлкем!


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Жазық дала Төбе Жыра Жазық

Жазық деп нені айтады?

Жыры неден пайда болады?

Жыраның сайдан қандай айырмашылыға бар?

Жазық жерлер шаруашылық үшін қолайлы.

Елді мекендер, егін егіледі, жол салынады.

Қазақстанның физикалық картасы.

Кім білгіш?

Жасыл түс – ойпатты жазықтар.

Сарғыш түс – қыратты жазықтар.

Қоңыр түс – таулар.


ІІІ. Жаңа сабақ: Таулар.

Биік тау Аласа тау

Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығы.

Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді.

Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды.

Аласа таулар Сарыарқада көп.


ІV.Ғылыми зерттеуге сүйенсек

Қарқаралы өңірі: Қарқаралының тау сілімдері әсем табиғи ерекшелігімен әркімді қызықтырары сөзсіз.

Қарқаралы облыстың оңтүстік шығысындағы тау аты. Таудың ұзындығы – 40 шақырым. Ені 20-25 шақырым. Ең биік жері – 1338 метр.

Алатауда үнемі қар жатады. Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тау жүйесі.Биіктігі – 3500 – 4000 метр. Ол шығыс және батысқа қарай төмендеп аласа таулармен жалғасады.Бұл жердің табиғаты өзгеше. Үнемі күшті жел соғады. Тау ішінде бұлақтар, сарқырамалар, мөлдір таза көлдер, ағысы жылдам өзендер кездеседі.

Ұзындығы 40км- 40000метр.

Ені 25км – 25000метр.

Биіктігі 1338метр – 133800см.
V.Оқулықпен жұмыс: Тізбектеп оқу.

Таулар тығыз әрі қатты тау жыныстарынан тұрады.

Кіші Алматы шатқалында Медеу мұз айдыны жоғарырақ Шымбұлақ тау шаңғысы курорты бар.

Медеу мұз айдыны: Медеу спорт кешені, ондағы мұз айдыны бүкіл әлемге әйгілі. Мұнда коньки тебу жөнінен халқаралық жарыстар өтіп тұрады.



Қазақстанның туын көкте желбіреткен – Азиада-2011


  1. Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ таушаңғы орталығы қайта қалпына келтірілді.

  2. Қазақстандық спортшылар Азиадада биік нәтижелерге қол жеткізді.

  3. 70-медаль оның ішінде 32-алтын, 21-күміс,17-қола медальді жеңіп алды.

  4. Азиада-2011 ойындары Қазақстан үшін маңызды оқиға болды.

  5. Дүние жүзі Қазақстанның спорттағы жетістіктерін көрді.


Таулар тығыз әрі қатты тау жыныстарынан тұрады.


  • гранит

  • әктас

  • құмтас


VI.Сергіту сәті.

Ақындар таулар туралы жыр жолдарынан

Таулар туралы мен не білемін?

Алатау

Таулардың пайдасы:


  1. Тау – дем алуға қыдырып танығуға таптырмайтын орын

  2. Таудағы жайлауда мал жайылады

  3. Шипажайлар: Көкшетауда,Баянауылда,Қарқаралы тауларында

  4. Тау етегінде егін егеді, жеміс бағы мен бақша өсірілді

  5. Медеу спорт кешені, ондағы спорт кешені әлемге әйгілі


VІI.Сабақты бекіту

1. Жазықтар бөлінеді:

А. Таулы және қыратты;

В. Тегіс және төбелі;

С. Гүлді және орманды;

2. Бетінде төбе көп кездесетін жазық қалай аталады?

А. Таулы жазық; В. Төбелі жызық;

С. Гүлді жазық

3. Тау неден түзіледі:

А. Топырақтан;

В. Судан;

С. Граниттен.

4. Қазақстанның таулары:

А. Тянь-Шань

В. Памир;

С. Қарқаралы таулары


VIIІ. Үй тапсырмасы:

  • Таулар тақырыбы бойынша мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту.

  • Таулар туралы қосымша деректер жинау.

  • Таулардың суретін салу.


IX. Бағалау.

Күні:

Дүниетану 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі

Сабақтың мақсаты: Жер бетінің өзгерудегі адам әрекеті туралы түсінік беру

Сабақтың міндеттері:

  1. Өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу үшін қандай іс-шара жасау керектігі жайлы түсіндіру;

  2. Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы экологиялық байланысты туралы алған білімдерін жүйелендіру;

  3. Сұрақ-жауап арқылы негізгі идеяня анықтау;

  4. Топтық жұмысқа үйрету арқылы ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;

Бағалау критерийі:

  • Мәтінді сауатты оқуы

  • Мазмұнын түсінуі

  • Негізгі ойды анықтай білуі

  • Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап бере алуы

  • Топпен жұмыс жасай білуі

  • Өзара бірін-бірі бағалауы

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: бағытталған сұрақ қою, болжам сұрақтары,РАФТ әдісі, Автор орындығы

Сабаққа қажетті құралдар: маркер, А1,А2 форматты қағаздар

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: суреттер, картиналар, қызыл кітап, «Қазақстан қорықтары» кітабы.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиеттік оқу.

Сабақтың жоспары:



Топқа бөлу

Проблема тудыру арқылы оқушыларға ой салу

1.Ағаштар

2.Жер-Ана

3.Жануарлар

Оқушылар өздері жазады.Өз мақсаттарын айқындау отырып,проблеманы шешуге әрекеттенеді



Өздік жұмыс

Қол соғу арқылы бағалау

Топпен жұмыс істеуге алғашқы қадам.Ынтасы, қызығушылығы оянады



Қызығушылықты

3.Жаңа сабақ.

а)Сұрақ-жауап әдісі:

-Табиғатта қандай өзгерістер болып отырады?

-Неліктен?

-Ненің немесе кімнің әсерінен?

-Неліктен?

ә) Суретпен жұмыс

3 топқа суреттер тарату.

Мақсатқа жету жолдарын көрсету

Қойылған сұрақтарға өзіндік көзқарастар қалыптастырады

Әр топ өз ойларын айтады. (топпен жұмыс)

Суреттерді көрсету

Бірін- бірі бағалау

Танымдық іс-әрекеті,ойлау белсенділігі,тапқырлығы артады

Мағынаны тану

Көмек, нұсқау,



дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету



























Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында интербелсенді оқытудың формалары мен әдістер


Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды. Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді:

- коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі;

- ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

- жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді;

- топта жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді.

Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді.
Интербелсенді оқыту формалары мыналар:

1. Жұппен жұмыс.

2.  Ауыспалы үштіктер.

3. Әткеншек.

4. Шағын топтардағы жұмыс.

5.  Аквариум.

6. Аяқталмаған сөйлем.

7.  Миға шабуыл.

Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекеттің жүргізілуі

8. Шешімдер ағашы.

9. Рольдік (іскерлік) ойындар

10. Пікірталас.

11.  Дебаттар.
Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады:

  1. топтық оқыту;

  2. фронтальдық оқыту;

  3. ойын барысында оқыту;

  4. пікірталас барысында оқыту.


Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту барысындағы экологиялық білім берудің ерекшеліктері. Топтық оқу әрекеті - оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға, әр адамның қарым-қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Топтық оқытуға жұппен жұмыс, шағын топтағы жұмыс, аквариум жатады. Фронтальдық интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады: «Микрофон», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Миға шабуыл», «Оқи отырып, үйренемін». Ойын барысында оқыту әдістеріне рольдік ойындар, драматизациялау жатады. Пікірталасқа оқыту әдісі оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетінің маңызды тәсілі, өйткені пікірталас – даулы мәселені көпшілік алдында кеңінен талқылау. Бұндай әдістерге «Ток-шоу», «Пресс» әдісі, «Бағытыңды таңда» әдістері жатады.

Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс:

- бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану;

- оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу;

- әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу;

- бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану.

Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақ сегіз кезеңнен тұрады:



Кезең атауы

Мақсаты

1.Мотивация.

Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет.

2.Мақсат қою.

Оқушыларға мақсаттарды хабарлау әрекетті мақсатты бағытталған етуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды үйретеді.

3.Жаңа ақпарат беру.

Бұл кезең оқушылар нені білетінін, ненің таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді. Бұл кезеңді миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Бұл сөз Сізде қандай ассоциация тудырады?», «Бұл сөзбен қандай ұғымдар байланысты?». Интербелсенді жаттығулар.

Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтардағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс.

4. Жаңа өнім.

Оқушылар игерген ақпараттың көлемін есепке ала отырып, олардың өз қорытындылырын жасауына және көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасалад

5. Рефлексия кезеңінде оқушылар жасаған әрекеттің қорытындыларын шығару көзделеді.

Бұл кезең оқушыларға жаңа игерілген білімдерді бөліп көрсетуге және қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді.Рефлексия кезінде төмендегі сұрақтарды қоюға болады:

- Не қатты ұнады?

- Нені үйрендіңдер?

- Келешекте бұл білімдер қандай пайдаға асады?

- Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

Қойылған сұрақтар оқушыларға сабақта болған нәрсенің ең бастысын, жаңасын бөліп көрсетуге, бұл білімдердің қайда, қалай және қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі.

6.Бағалау.

Бұл интербелсенді режимде жұмыс істейтін мұғалім үшін күрделі мәселе болып табылады. Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс. Бағалауда мынадай қатынасты қолдануға болады: топтың әрбір мүшесі әрқайсысын бағалайды, яғни әр жолдасына бағалау парағына баға қояды. Мұғалім парақтарды жинап алып, орташа баллды есептеп шығарады. Оқушылар жұмысын өзіндік бағалауды да қолдануға болады.

7.Үй тапсырмасы.

Оқытудың интербелсенді әдістерін пайдаланып, өтілген сабақтардан кейін игерілген материалды шығармашылықпен қайта қайта қарауға мүмкіндік жасайтын тапсырмалар беріледі: шығарма жазу, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру және т.б. Интербелсенді сабақта мұғалім оқушылар әрекетін сабақ мақсаттарына жетуге бағыттап отырады. Диалогқа қатысу тыңдай білуді ғана емес, ести білуді де, сөйлей білуді ғана емес, түсінікті бола білуді де талап етеді. Интербелсенді әдістер оқушылардың өз күштерін, өз қабілетін сезінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен мінез құлықтарына төзімділікті тәрбиелеу маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...