Сабақтың тақырыбы: тас дәуірін кезендерге бөліу. Сабақтың мақсаты



Дата09.09.2017
өлшемі15.79 Kb.
#19785
түріСабақ
Күні: 08.09.2014.ж.

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1. Тас дәуірін кезендерге бөліу.

Сабақтың мақсаты:


  • Жер бетіндегі алғашқы адамдардың пайда болуы мен дамуына тоқтала отырып, Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсету.

  • Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  • Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру

Әдісі: интерактивті, Сыни тұрғыдан ойлау

Сабақтың көрнекілігі:


  1. «Дүние жүзінің саяси картасы».

  2. «Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында »картасы

  3. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».

  4. «Адам баласының қалыпты даму кезеңдері»,

  5. «Ежелгі тас дәуірі», т.б. тірек-сызбалар.

  6. Техникалық құралдар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Жылы сөз арнау:

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:


  • Өткен жылға материалдарды қайталау.

Сабақтың жоспары:

  1. Адам баласының пайда болуы және оның дамуы.

  2. Ежелгі тас дәуірі

  3. Орта палеолит

  4. Соңғы палеолит

  5. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылымы.

Қызығушылықты ояту кезеңі:

      1. Ой қозғау.

      2. Өзіндік жұмыс.

Жаңа материалды түсіндірер алдында оқушыларға «Тас дәуірі», «Ежелгі адамдардың өмірі» деген сөздерді естігенде естеріңе не түседі? Деген сұрақ қойып,оқушы ынтасын сабаққа аударып, олардың бұрынғы алған білімдерін қайта жаңғыртып, өзім жетелей отырып талдап беремін (2-3 мин). Жауаптарын тақтаға жазуға болады.

Сабақ жоспарындағы бірінші, екінші мәселелерді түсіндіру барысында дидактикалық материалдарда берілген «Адам баласының қалыпты даму кезеңдері», «Ежелгі тас дәуірі» тірек-сызбаларын пайдаланамын. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін жаттықтыра түседі. Мәтіннің негізгі мазмұнын жүйелеп беруге мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар ежелгі адамдар өмірінен алынған, тастан жасалған еңбек құралдарының, т.б. суреттерін пайдаланамын. Картаны да үнемі пайдаланамын.

2.Мағынаны тану сатысы:

1.Топпен жұмыс.

Төмендегі сұрақтар арқылы оқушылардың түсінігін байқаймын.


  1. Адам баласының алғашқы ата-тегі гомонидтер тұқымына жататын рамапитек қаңқасының қай жерлерден табылғанын картадан көрсетіңдер.

  2. Ғалымдар адам баласының біртіндеп дамуын қанша кезеңге бөледі? Оны қалай дәлелдеп отыр?

  3. Ежелгі тас дәуірі қанша кезеңге бөлнеді, оларды атап шығыңдар.

  4. Ғалымдар Қазақстанның ежелгі тұрғындарын адамның қалыпты дамуының қай кезеңімен сәйкестендіреді, оны немен дәлелдейсіңдер?

Жоспардың үшінші, төртінші мәселелерін оқушыларға бөліп беріп, (мыс: үш топ), төмендегі сұрақтарға жауап дайындайды.

Әр топқа берілетін сұрақтар.

І


  1. Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?

  2. Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған? Картадан көрсетіңдер.

  3. Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдерін меңгерді?

ІІ

  1. Соңғы палеолит кезеңін ғалымдар адамдардың шын мәніндегі тарихи өмірінің басталуы деп не себептен айтқан, дәлелдеңдер?

ІІІ

  1. Соңғы палеолит кезеңінде адамдар өмірінде еңбек, аңшылық құралдардың қандай жаңа түрлері мен тәсілдері пайда болды?

  2. Осы кезеңде адамдар тұрағын көбінесе қай жерлерге салған, оның себебі қандай?

  3. Соңғы палеолит кезеңінің ескерткіштерін археолог ғалымдар Қазақстанның қай аймақтарынан зерттеп әлемге әйгілі етіп отыр?

Оқушылардың жауаптарын толықтырып отырамын. Жоспарда көрсетілген соңғы мәселеде адамдардың қоғамдық құрылысында да алға дамытушылық болғанын, ашель-мустье кезеңдерінде ұжымдық қатынастың жаңа түрі пайда болғандығына оқушылардың назарын аудару..

Алғашқы рулық құрылыс аналық рулық құрылыстың мәнін, ерекшеліктерін ашып, сабақты қорытындылаймын.

Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты бекітіп, үйге тапсырма беремін.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау.



Үйге тапсырма: § 1 бойынша сұрақтарға жауап дайындау. Картамен жұмыс.

4.Рефлексия кезені: Сабақтан алған әсері туралы ой бөлісу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Сабақ 6-шы сыныптар Сабақтың тақырыбы Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлігі және оларды өңдеудің тәсілдері Сілтеме
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
attachment -> Жаңа сабақты түсіндіру 28. 11. 12 Сабақтың тақырыбы: Жанатын пайдалы қазбалар. Мағынасын аш
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
attachment -> 5 сыныпқа арналған тақырыптар бойынша тесттер
attachment -> Практикумы Тақырыбы: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді