7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
Гаметогенез (gametogenesis; грек «gametos» - жыныс, жыныс жасушасы; «genesis» - шығу тегі) - жыныс бездерінде жыныс жасушаларының (сперматозоид, жұмыртқажасуша) даму үдерісі
Гаметогенез сатылары:
Сперматогенез- сперматозоидтардың түзілу үдерісі
Оогенез- жұмыртқажасушаларының түзілу үдерісі
Сперматогенез-аталық гаметалардың түзілу және жетілу үдерісі.
Ерекшелігі:1)жетілу кезеңінде бір жасушадан 4 бірдей гаплоидті жасуша түзіледі
2)түзілу кезеңінде бұл жасушалардың ядросы мен цитоплазмасы тығыздалады,өлшемі кішірейеді
Оогенез-аналық гаметалардың түзілу және жетілу үдерісі.
Ерекшеліктері:
1)Жетілу кезеңінде бір жасушадан
4 бірдей емес гаплоидты
жасуша : толық жетілген бір жұмыртқа жасушасы және үш ұсақ полярлы денешік түзіледі
2)Түзілу кезеңінде сыртқы қабаттың бір бөлігі түзіледі,ал полярлы денешіктер жойылады
Жынысты көбею кезінде жаңа ағза жыныс жасушалары – гаметалардың қосылуынан пайда болады. Гаметалардың түзілу үрдісі гаметогенез деп аталады. Жұмыртқа жасушаларының түзілу кезеңі –оогенез. Сперматозоидтардың түзілу кезеңі – сперматогенез.
Гаметогенез кезеңдері 4 сатыға бөлінеді:
-көбею;
-өсу;
-пісіп жетілу;
-қалыптасу
Көбею аймағында митоз жүреді, жыныс бездерінің диплоидты жасушалары көбірек болады.
Өсу аймағында – митоз бен мейоз аралығындағы интерфаза кезеңі, бұл кезеңде ДНҚ матрицалық жолмен өздігінен көшірмелену әдісімен екі еселенеді.Осы фаза соңында әрбір диплоидты жасуша бөлінуге дайын, яғни екі хроматидтен тұратын хромосомалар болады.
Пісіп-жетілу аймағында- мейоз жүреді, соның нәтижесінде жыныс бездерінің диплоидты бастапқы жасушасынан қосылуға, яғни ұрықтануға қабілетті хромосома жиынтығы бар 4 гаплоидты жасуша қалыптасады.
Қалыптасу аймағында-сперматозоидтердің құйрығы қалыптасады, ядро жасуша ұшына орын ауыстырады, ядро алдында жұмыртқа жасушасының қабықшасын еріту үшін лизосомалар жинақталады.
Тапсырма. Биологиялық диктант
................ цитоплазма аз және арнайы қабықшасы болмайды.
Жыныс жасушалары дайын болғанда олардың қосылу үдерісі-...........жүруі мүмкін.
Гаметогенез-............. жасушаларының даму және қалыптасу үдерісі.
Аталық жыныс жасушаларының –сперматозоидтердің (спермийлердің) түзілу үдерісі .................. деп аталады
.............жұмыртқа жасушалары оогенез(овогенез) үдерісінде түзіледі
Дұрыс жауап
Сперматозоидтерде цитоплазма аз және арнайы қабықшасы болмайды
Жыныс жасушалары дайын болғанда олардың қосылу үдерісі-ұрықтану жүруі мүмкін.
Гаметогенез-жыныс жасушаларының даму және қалыптасу үдерісі.
Аталық жыныс жасушаларының –сперматозоидтердің (спермийлердің) түзілу үдерісі сперматогенез деп аталады
Аналық жұмыртқа жасушалары оогенез(овогенез) үдерісінде түзіледі.
Бүгінгі сабақта:
Сперматогенез бен оогенездің кезеңдерінің айырмашылықтарын білдік
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
Дескриптор:
.
Тиісті сөздерді орнына қойып дұрыс жаза алады
|
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 9
Слайд 8
Слайд 10
|