Сабақтың тақырыбы Сөйлеу. Сөйлем. Мен оқушымын. Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер



Дата14.01.2022
өлшемі76.03 Kb.
#154901
түріСабақ
Байланысты:
01.09.2021ж
1 такырып

Бөлім:

Әліппеге дейінгі кезең




Педагогтің аты-

жөні: Керимбаева.А

Күні: 01.09.2021




Сынып: 1 Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөйлеу.Сөйлем.Мен оқушымын.

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; сөйлеу, сөйлем туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

Дамытушылық: мұғалімнің қолдауымен сұраққа жауап болатын сөйлемдерден шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлейді.

Тәрбиелік: мектеп тәртібін сақтауға, ұжымда, топта, жұпта жұмыс істеуге үйренеді.




Сабақтың

кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныптың оқу әрекетіне мотивін тудыру.



Психологиялық жағымды ахуал орнату.

«Ойлан, тап, жаса» жаттығуы. Мұғалім

«қуану», «ренжу», «таңғалу», «жылау» кейпіндегі смайликтерді көрсетеді. «Қуанған кезде адамның бет-бейнесінде қандай өзгеріс болады? Кәне, айтып көрейікші». «Ренжіген кезде ше?». Сосын оқушылардан қуану, ренжу, таңғалу, жылау сезімдерін түрлі жағдаяттарда ым, қимылмен көрсетуді сұрайды:



  • Мектепке баратыныңды алғаш естігенде қандай көңіл күйде болдың? Ым, қимылмен көрсетіп көр.

  • Қазіргі көңіл күйіңді қимылмен көрсет.

  1. Оқушылар көрсетілген смайликтерді

«ренжу», «қуану», «таңғалу», «жылау» түрлеріне ажыратады.

  1. «Мектепке баратыныңды алғаш естігенде қандай көңіл күйде болдың? Ым, қимылмен көрсетіп көр» тапсырмасын орындайды.

  2. Парталас жұбына қуану, ренжу, таңғалу, жылау сезімдерінің біріне жағдаят құрастырып жасырады:

«Сәулеге әкесі планшет сатып алып беретінін айтты. Сол кезде Сәуленің бет-бейнесінде қандай өзгерістер болды?» (Екі езуі құлағына жетті. Көзі күлімдеді).

Дұрыс орындаған балаларды мадақтау

Қуану, ренжу, таңғалу, жылау сезімдерін білдіретін смайликтер

Сабақтың

ортасы (26 мин)

Мағынаны ажырату

Білу. Түсіну. Қолдану

«Сұраққа ұтымды жауап» ойынын ойнату.


1. «Сұраққа ұтымды жауап» ойыны

арқылы оқушылар мектепке не үшін келгені, ондағы оқу қызметі мен











Сергіту сәті

Мақсаты: оқушылардың қойылған сұраққа дұрыс және толық жауап беруін қадағалау. Шарты: сұрақтар нақты болуы керек: Сен қайда келдің? Мектепке не үшін келдің? Сен енді кімсің? және т.б. Дұрыс емес жауаптарды мұғалім түзетіп, дұрыс жауапты оқушыға қайталатып отырады.

Нәтижесі: ұтымды жауап берген балалар жеңімпаз атанады.

Сабақ тақырыбын таныстыру: Сөйлеу. Сөйлем.

Сабақтың мақсатын айту:

– Балалар, бүгінгі сабақта сендер сөйлемдерден сөйлеу құралатынын білесіңдер.



(Ұ) Тыңдалым және айтылым Мұғалімнің сюжетті сурет мазмұны бойынша сұрақтар қоюы және оған оқушылардың жауап беруі. Сөйлеу (мәтін) туралы қарапайым түсінік беруі.

«Соңғы сөзді мен айтамын» стратегиясы бойынша сұрақ-жауап (диалог арқылы әңгімелесу) тәсілін қолдану арқылы оқушылардың сұраққа дұрыс және толық жауап беруін қадағалау.

Сұрақ-жауаптың төмендегідей мазмұнда болуын ескеру:



  • Бүгін қандай күн?

  • Бүгін – Білім күні.

  • Балалар қайда отыр?

  • Балалар сыныпта отыр.

  • Олар кімдер?

  • Олар – оқушылар.

«Бүгін – Білім күні. Балалар сыныпта отыр. Олар – оқушылар» деген сөйлемдер тобынан сөйлеу (мәтін) құралғанын айту. Қойылған

қажеттілігі, өздерінің жай балақай емес, оқушы екендігі туралы алғашқы ой-пікірлерін ортаға салады: «Мен мектепке келдім. Мектепке оқу (білім алу) үшін келдім. Мен оқушымын».

2. Оқушылар Әбдіраш Жарасқанның

«Күзгі қуаныш» өлеңін үнтаспадан тыңдап, өлең желісі бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап береді.


Сөйлем құраған балаларды мадақтау

Әліппе. Үнтаспа





  1. Оқулықтағы сюжетті сурет бойынша сызбаның көмегімен қойылған сұрақтарға жауап береді.

  2. Мұғалімнің қолдауымен сұрақ жауаптарынан әңгіме құрайды: «Бүгін

– Білім күні. Балалар сыныпта отыр. Олар – оқушылар».

3. Қойылған сұрақтар мен жауаптар, яғни әңгімелесу «сөйлеу» деп аталатыны туралы біледі.



Жетістік критерийі: Сурет сюжеті бойынша сөйлей алады; сұрақтарға жауап бере алады.

ҚБ: Оқушылар мұғалімнің көмегімен бір-бірін бағалайды.

Сюжетті сурет

1. Оқушылар партада дұрыс отырады.



№1 жазу дәптері








сұрақтар мен жауап, әңгімелесу «сөйлеу» деп аталатыны туралы түсінік беру.

(МК, Ұ, Ө) Жазылым

Жазуға даярлауда бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту:



  • дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

  • дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

  • үзік сызықтарды бастырып жүргізу;

  • өзін-өзі бағалау.

  1. Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды.

  2. Дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.

  3. Қарындашты дұрыс ұстап, үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.




Сабақтың соңы (7 мин)

(МК, Т) Сабақты бекіту және саралау

«Сөз тану» айдары бойынша берілген

«Мектеп – кеме,

Білім – теңіз» мақалының мәнін түсіндіру. Мақалды QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату.

Саралау тапсырмалары:

1-деңгей:

Кеме деген не? Ол не үшін қажет? Білім не үшін қажет? Теңіз қандай болады? Білімді теңіз деуге бола ма? т.б. сұрақтарына жауапты мұғалімнің көмегімен «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралынан ізде. 2-деңгей:

Сұрақтарға жауап болатын сөйлемдерді ретімен айтып көр.

3-деңгей:

Жауаптарыңнан сөйлеу құралғанын дәлелде.



  1. «Мектеп – кеме,

Білім – теңіз» мақалын QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдайды.

  1. Саралау тапсырмаларын орындайды. Орындау барысында оқушылардың деңгейі анықталады.

Әліппе. 1-сынып. Үнтаспа



«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы

Рефлексия

Не қиын болды? Не үйрендім? Ұсыны

Оқушылар бүгінгі сабақта өздеріне оңай және қиын болған тұстарды айтады. Не үйренгісі келетінін ұсыныс ретінде білдіреді.

Сызба



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді