Сабақтың тақырыбы: Санау жүйесі. Сабақтың мақсаты



бет47/49
Дата21.09.2021
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Бағалау.

Қорыту.
Үйге тапсырма: Электронды пошта

Күні ____________________ Сыныбы ______________________
Сабақтың тақырыбы: Хаттар және хабарлармен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға электрондық пошта мен электрондық хабарлар туралы түсінік беру, электрондық адрес туралы түсінік беру, онымен жұмыс істеуді үйрету, 2.Дамытушылық: оқушылардың ақпарат және оны тасымалдау, хабарларды беру және қабылдау туралы алған мағлұматтарын одан әрі дамыту;

3.Тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастырау кезеңі. Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеп, үй тапсырмасын тексеріп, назарын жаңа сабаққа аудару.

1. Кестелік процессоры деректермен әр түрлі операциялар орындауға мүмкіндік беретін программа? ( MS Excel)

2. Компьютерде MS Word редакторы арқылы нені өңдеуге болады?-( құжат)

3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал? –(компьютер).

4. Жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпараттық жүйе? – (интернет)

5. Компьютер желісінде электронды хаттар алмасу жүйесі. –( электрондық пошта).

6. Өзіне қосылған желідегі басты кызмет көрсетеді және басқарады? – (сервер)
ІІ. Жаңа сабақ.

     Компьютерлік  желі көмегімен тек бір қала аумағында ғана емес,  дүние жүзі деңгейінде ақпараттарды таратуға болады.   Ақпараттардың: хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Хабарлар алмасудың мұндай жүйесі электрондық пошта (E-mail) деп аталады.

  Электрондық пошта (E-mail) - бұл компьютер желісінде электронды хаттар алмасу жүйесі. Электрондық пошта көп жағынан әдеттегі пошта қызметіне ұқсас. Сіз абоненттерге  хатты олардың мекен-жайына жібересіз, ал олар өз кезегінде сіздің мекен-жайға жазады.

  

 Электрондық поштаны әдеттегі поштамен салыстырғанда бірқатар маңызды артықшылығы бар:



1. Хабарларды жіберу жылдамдығы.

     Егер әдеттегі поштамен жіберілген хат бірнеше күнде, аптада жетсе, электронды пошта арқылы жіберілген хат тарату бірнеше секундта немесе бірнеше сағатта жеткізіледі.

   Электрондық  хат тек мәтіндік хабарлардан ғана тұрмайды, сонымен бірге оған бірнеше файлдар салыну мүмкіндігі де бар. Бірақ  хатты жылдам жеткізуге кедергі келтірмес үшін өте үлкен файлдарды жіберуге  болмайды. Мұндай кедергілерден алдын-ала сақтану үшін кейбір пошталық серверлерде жіберілетін хабарламалардың өлшеміне шектеулер енгізіледі.

2. Электрондық хатты бірден бірнеше абонентке жіберуге болады, мысалы, кездесуге шақыру.



  

 Пошталық қызметтің негізгі объектісі - хат. Электрондық хат (хабарлама), әдеттегі хаттағыдай  қабылдаушының мекен-жайынан (электрондық адрес), хат мәтінінен және жалғастырылған файлдардан тұруы мүмкін. Бұл  файлдарда әртүрлі  форматтағы ақпарат  (мәтін, графика, дыбыс немесе программа) болуы мүмкін. Электронды хат құрылымында хат тақырыбы мен мазмұны ерекшеленеді. Тақырыпта хат кімге жазылғандығы, кімнен жіберілгендігі және не жөнінде екендігі жазылады. "кімге", және "кімнен"  деген өрістерінде хатты қабылдаушы мен жіберушінің сәйкес электрондық пошта мекен-жайы көрсетіледі.



     Жіберілетін хабар  пайдаланушы өзінің жҗмыс орнында немесе пошта жіберу программасымен немесе әдеттегі мәтіндік редакторларда дайындалады.  Одан  кейін пайдаланушы поштаны жіберу жіберушінің пошталық серверіне хабарды жіберетін  поштаны жіберу программасын шақыруы керек. Ол өз кезегінде  оны адресаттың пошталық серверіне  жібереді, онда арнайы программа поштаны сұрыптаумен және ақырғы пайдаланушылардың жәшіктеріне жіберумен айналысады. Поштаны алу программасы іске қосылғаннан кейін  адресат өз пошталық серверімен қосылуды орнатып, өз атына келген  хабарлардың бәрін қайта жіберуді ұйымдастырады. Пошталық серверлер желіге тұрақты қосылып  тҗратынын атап өтеміз, ал хат  алмасуға қатысушылар олармен қосылуды қажеттілігіне қарай орнатады. Сонымен қатар, Интернеттің әр түрлі серверлері арқылы да поштаны алып, жіберуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар