Сабақтың тақырыбы: Санау жүйесі. Сабақтың мақсаты


Бұрын құрылған бар құжатты ашу



бет34/49
Дата21.09.2021
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
Бұрын құрылған бар құжатты ашу

    Бұрын теріліп дискіге жазылып қойылған мәтіндік құжаттарды терезеге шығарып ашу үшін "Құжат ашу"  сұхбат терезесі пайдаланылады (4-сурет).



     


Бірақ бұл әрекеттің басқа тәсілдермен де Іске қосу мәзірінің Құжаттар командасы немесе Сілтеу терезесі арқылы да орындалатыны айтылған болатын. Бұл тәсілдер Word редакторын іске қосумен қатар бірден керекті құжатты да дискіден оқып терезеге шығарады. Ал, егер Word алдын ала іске қосылып тұрса, онда бұл әрекеттер оны екінші рет қайта іске қоспайды. Оның орнына тек керекті құжат дискіден оқылып жаңа терезе ашылады.
     Енді "Құжат ашу" сұхбат терезесін экранға шығару үшін, мына тәсілдердің бірін (тек біреуін ғана) пайдалану керек:

- Файл-Ашу  мәзір командасын таңдау:

- Ctrl+O пернелерін қатар басу.

- Cтандартты саймандар тақтасындағы Ашу  батырмасын басу.

"Әдеттегі" шаблонды таңдап ОК-ды басыңыз.

     Келісім бойынша "құжат ашу" терезесі экранға шыққанда, ол Word-та дискінің ағымдағы бумасы ішіндегі бұрын даярланған құжаттар тізімін береді.

    Терезе бірінші рет ашылғанда, экранға WINWORD (немесе Менің құжаттарым) бумасының құжаттарының (егер ол бар болса) тізімі шығады. Бірақ терезе ашыларда, экранға одан өзге бума құжаттарын да шығару мүмкіндігі бар. Ол үшін оларды алдын ала Сервис-Параметрлер мәзір командаларының "Орналастыру" деген парағындағы бірден ашылуға тиіс буманың аты енгізілетін өріс жолына қажетті бума атын жазып қою керек.

   Сонымен, дискідегі құжатты ашу үшін келесі әрекеттер орындалуы тиіс:



1. Файл-Ашу мәзір командасын орындау, сонда экранға "Құжат ашу" терезесі шығады. Сол терезеде ағымдағы бумадағы барлық құжаттар тізімі тұрады. Буманың өз аты сол терезенің Бума  деген өріс жолында көрінуі тиіс. Керекті құжат аты тізім ішінде көрініп тұрса, оны таңдап алу керек.

2. Егер керекті құжат ағымдағы бумада жоқ болса, басқа бумалар мен дискілерді қарап шығу үшін "Бума" өріс жолындағы бағыттауышы батырманы басу қажет, сонда жаңа тізімдер пайда болады.

3. Тізімнен өзіңізге керекті файл орналасқан дискіні таңдап алыңыз. Сонда үлкен терезеге дискісіндегі барлық бумаларының тізімі шығады. Әрбір бума атының қасында жабық бума тәрізді шартбелгі көрініп тұрады.

4. Бумалар тізімінен керектісін таңдап алсақ, сонда жоғарғы өріс жолына файлдар шығып, ал төменгі негізгі терезеге сол буманың ішіндегі мәліметтер тізімі шығады. Мысалы,    егер  сіз бумадан керекті файлды таппасаңыз,   онда басқа бумаларға ауысып қарауыңызға болады.

5. Егер керекті файл ашық терезеде тұрса, онда келесі қадамға өту керек. Әйтпесе келесі төменгі деңгейдегі ішкі бумаларға өтіп, солардың ішіндегі мәліметтерді қарап шығу қажет, т.с.с. керекті файл табылғанша саты бойынша төмендей беру керек. Ең төменгі файлдар деңгейінде, олардың атына сәйкес шартбелгісі мәтіні бар парақтарға ұқсап тұрады.

б. Ашылған терезедегі тізімнен керекті файлды тышқан арқылы таңдап алу керек. Бұған балама тәсіл ретінде төмендегі "Файл" атты өріс жолына бірден файл атын енгізуге болады.

7. Соңында ОК-батырмасын басу қажет.

     Егер файл тұрағы белгілі болса, оны тауып алып, ашу қиын емес.   Ал, егерде белгісіз болса, онда файлды ашу негізінен, оны іздеу процестеріне айналып кетеді.

     Word редакторы соңғы өңделген бірнеше файл аттарын есте сақтайды. Әдетте олар Файл мәзірінің тізімдері соңында орналасады. Олардың кез келгенін тышқанмен ерекшелеп, жылдам ашуға болады. Сонымен, жақында ғана жұмыс істеген

құжатыңызды ашу үшін, Файл мәзірінің тізімінен, соған сәйкес файл атын таңдап, тышқанды шерту жеткілікті, Есте сақталатын файлдар санын Сервис-Параметрлер командаларының ішіндегі "Жалпы"  парағының көмегімен алдын ала тағайындау мүмкіндігі бар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар