Сабақтың тақырыбы: Санау жүйесі. Сабақтың мақсаты


Бір міндетті операциялық жүйелер



бет20/49
Дата21.09.2021
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына , яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көп міндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл программалар бір – біріне кедергі келтірмей , қатар жұмыс істейді.

Бірміндетті жүйелер қарапайым, жинақы , қуаты аз компьютерлерде жұмыс істей береді, жұмыс істеу қолайлылығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды.

Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жеке өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.

Қазіргі кезде дербес компьютерлердің ең көп тараған түрі Windows жүйесі болып табылады. өз тарихында Microsoft компаниясы Windows NT жүйесін жасады.

Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі мыналар:



  1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады.

  2. Windows графикалық жүйе боып табылады.

 Адамның көзқарасынша, операциялық жүйе компьютердің электрондық құрауыштары, қолданбалы программалар және адам арасындағы келістіруші болып қызмет етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында да, оның операциялық жүйесімен  жұмыс істеу болып табылады.

     Дербес компьютерді, яғни олардың операциялық жүйесін  дүние жүзі бойынша жүздеген миллион адамдар қолданады. Дербес компьютердің операциялық жүйесімен танысу да телефон шалу және теледидарды қосу, банкіні және поштаны, сөздіктерді және анықтамаларды қолдана білу сияқты, қазіргі қоғамда соншалықты қажетті болып келеді.

     Қазіргі операциялық жүйе - бұл бірнеше жыл ішінде жүздеген және мыңдаған құрастырушылар құратын күрделі программалық комплекстер. Операциялық жүйенің сипаттамасы қалың томдар болады, ал толық үйрену талай жылдарға созылуы мџмкін.   Қуанышқа орай, операциялық жүйені жақсы қолдану үшін көп білудің қажеті жоқ - жұмыс істеудің жалпы принципін және негізгі операцияларды орындаудың әдістерін білсе болғаны. Нақты операциялық жүйемен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгермейінше, онымен жұмыс істеу мүмкін емес; жалпы принциптерін білмейінше, жүйені тиімді қолдануды үйрене алмайсыз және қазіргі дербес компьютердің кез келген  қолданушысында ерте ме, кеш пе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.

      Көптеген операцияларды орындаған кезде операциялық жүйе бізді қызықтырмайтын әрекеттерді: мысалы, белгілі секторда  оқитын бастиекті қалай орнатуды, нақты жолшықтан ақпаратты оқуды, дискідегі бос жерді тауып және сонда файлды жазуды және т.б. жасырын орындайды.  Біз үшін компьютермен танысудың ыңғайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейспен жұмыс істеу.

   Кейбір көп қолданушылық жүйелер, мысалы UNIX, бір мезгілде бірнеше қолданушыларға бір компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір қолданушының жұмыс орнында терминал орнатылуы қажет. Терминал қызметтік не арнайы бағытталған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде жүктелген арнайы программа орындауы мүмкін. Өз терминалындағы бірнеше қолданушылар бір-бірін байқамай және кедергі келтірмей, бір мезгілде бір компьютермен ғана жұмыс істей береді.

     Терминал компьютерден бірнеше метрде немесе бірнеше мың километрде орналасуы мүмкін. Егер мекеме компьютерінде көп қолданушылық операциялық жүйе және бірнеше модемдер орнатылған болса, онда әрбір қызметкер компьютермен модем арқылы байланыса алады және өзінің дербес (жұмыс орындық немесе тасымалданатын) компьютерін терминал ретінде қолдана отырып, ол өзінің жұмыс орнында отырғандай жұмыс істей алады.   Терминал негізгі компьютермен және дүниежүзілік компьютерлік желі арқылы Internet-пен байланыса алады.

     Жиырма жылдай бұрын адамның операциялық жүйемен қарым - қатынасы командалық режимде болған: қолданушы жүйенің  шақыруына жауап ретінде  команданы теретін, жүйе оны орындайтын. Мұндай командалық режим көптеген командалардың пішімдерін білуді және ұзын командалық қатарды қатесіз енгізуді талап ететін.

     Соңғы жылдары графикалық көп терезелі интерфейс жиі қолданылады, мұнда қажетті әрекеттер және объектілердің сипаттамасы мәтін түрінде енгізілмейді, мәзірден, файлдар тізімінен немесе тышқан арқылы таңдалады. Бұл көп терезелі интерфейс бір мезгілде бірнеше программалармен жұмыс істегенде ерекше қолайлы: олардың әрқайсысымен адам жеке терезеде жұмыс істейді.

     Бұдан бірнеше жыл бұрын Microsoft компаниясының қарапайым бір есепті, бір қолданушылы командалық интерфейсі бар MS-DOS операциялық жүйесі ең танымал болған. Бұл жүйе дербес компьютерде ең қарапайым ресурстармен жұмыс істеуге қабілетті болатын.

  Бүгін дербес компьютерлер қуаты соншалықты күшті болғандықтан, оған көп терезелі графикалық интерфейсі бар қуатты, көп есепті операциялық жүйені орнату мүмкін және тиімді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар