Сабақтың тақырыбы: Санау жүйесі. Сабақтың мақсаты

Loading...


бет14/49
Дата21.09.2021
өлшемі1.34 Mb.
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару.

  2. Жаңа сабақ

КОМПЬЮТЕРДІҢ ЛОГИКАЛЫҚ  НЕГІЗІ

ЛОГИКАЛЫҚ ПІКІРЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ


Электронды есептеуіш машинасының қатысуымен шешілетін есептердің арасында дәстүр бойынша логикалық деп аталатын есептер аз емес.

  Логика дегеніміз - адамның ойлау нысандары мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелді пікір заңдары туралы ғылым.

  Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары ерекшеленеді: формальды логика, математикалық логика, ықтималдылық логикасы, диалектикалық логика және т.б.

 Әр түрлі кестелерді құру, қарама-кайшы түйіндерді шешу және басқа да көптеген жағдайларда адамдар логиканың көмегіне жүгінеді.

 Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

 Математикалық логика формальды логиканың бір бөлігі болып табылады және кесіп-пішіп, айқындалған объектілер мен пікірлердің ақиқаттығын немесе жалғандығын біржақты шешуге болатын дәйектемелерді ғана қарастырады.

Математикалық логика саласы, алгебралық қисын сияқты, информатикада да жақсы меңгерілген. Қазіргі уақьпта алгебралық қисынның негізгі операциялары қосылмаған бір де бір программалау тілі жоқ.

  Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, тосын, тым шатасқан пікірлер бастапқы деректер болып табылады.

 Бір жағалаудан басқа жағалауға қасқырды, ешкіні және қырық қабатты алып бару жөніндегі әзіл есепті қарастырайық.

  Есеп. Өзеннің жағасында қайығы бар шаруа, ал оның жанында қасқыр, ешкі және қырыққабат тұр. Шаруа өзі екінші жағалауға жүзіп өтуі және қасқырды, ешкі, қырыққабатты сонда алып өтуі қажет. Алайда қайыққа, шаруадан басқа, не тек қана қасқыр, не тек кана ешкі, не тек қана қырыкқабат сияды. Қасқырды ешкімен немесе ешкіні қырыққабатпен қараусыз қалдыруға болмайды, өйткені касқыр ешкіні, ал ешкі қырыққабатты жеп қоюы мүмкін. Мұндай жағдайда шаруа не істеуі керек

Талқылап көрейік:

1. Егер қасқырды алып кетсе, онда ешкі қырыққабатты жеп қояды.

2. Егер қырыққабатты алып кетсе, онда қасқыр ешкіні жеп қояды.

3. Ендеше, ең алдымен ешкіні алып өту керек, өйткені қасқыр қырыққабатты жемейді, ал содан кейін қайтып келіп ...

4. Өз бетіңізбен логикалық талқылауды ақырына дейін жеткізіңіз.

 Компьютерде бұл есепті шешу кезінде программада шартты қолдану жолымен логикалық операциялар пайдаланылуы қажет.

 Бір-бірімен араласу алмасу барысында адамдардың ақпарат алмасу формаларының бірі - бұл сұрақтар мен жауаптарды кезектестіру. Әрбір сұрақтың жауабы бізді қоршайтын заттық әлем туралы білімнің қажеттігін талап етеді. Бұл білімдерді біз пікір түрінде айтамыз. Пікір қағида бойынша бақыланатын фактілерді тікелей көрсете алады: "Күн жарқырап тұр",

"Бұл тіктөртбұрыш - квадрат" және т.с.с. Бірақ пікірлер ойдан шығарылған объектілер немесе өлі болмаған жағдайлар туралы пайымдап, хабарлай алады: "Су перісі бұтақта отыр", "Бүгін жаңбыр жауады" және тағы сол сияқты.

   Пікірлер дегеніміз - кейбір жалған немесе ақиқат пайымдаулар.

  Мысалы, "ақ қар", "2*2=4" пікірлері ақиқат, ал "жер тегіс", "2*2=5" пікірлері жалған. Әдетте, біз бақылайтын фактілер ақиқат болып қабылданады. Жалған пайымдаулар көбіне талқылаулардағы немесе сөйлемдердегі қателерден немесе арманды шындыққа балауға ұмтылудан пайда болады.

  Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікірлер нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, "3+3<7", "Бүгін бұлтсыз шуақты күн болады".

  Жалпы пікірлер объектілер тобының немесе оқиғаның қасиетін сипаттайды, мысалы, "Егер жаңбыр жауып өткен болса, онда көше ылғалды болады", "Кез-келген квадрат параллелограмм болып табылады" және т.с.с.

  Жалпы пікірлер объектілердің қандай да бөліктері үшін ақиқат және басқа объектілер үшін жалған болуы мүмкін. Мысалы, "Иттер мысықтарды жақсы көрмейді" пікірі көп иттер  үшін әділетті, бірақ барлықтары үшін емес. "х*у>0" пікірі х=1 және у=1 үшін ақиқат және х=0  болса кез кез келген у үшін жалған.

   Егер пікірде айтылған ой объектілердің кез-келгені үшін әділетті болса, онда жалпы пікір бекем ақиқат деп аталады. Мысалы, "Итте төрт аяқ бар" пікірі кез-келген ит үшін әділ. Бекем ақиқат пікір заттардың заңдылықтарын байланыстыруда ерекше құнды. Мысалы, "а+в=в+а" пайымдауы кез келген нақты сан үшін әділетті және "Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді" деген арифметиканың заңын сипаттайды.

 Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС жалғаулары арқылы кұрамды пікірлермен көрсетіледі.

Мысалы, "Мына оқушы ақылды және зерек" пікірі екі қарапайым: "Мына оқушы ақылды" және "Мына оқушы зерек" пікірлерінен тұратын кұрамды пікір болып табылады.

   Құрамды пікірлердегі ЖӘНЕ жалғаушысы әрқашан бір мезгілдік ақиқатты болжайтын пікірлерден қҗралады.

  Құрамды пікірлердегі НЕМЕСЕ жалғаушысы екі рөлді ойнауы мүмкін. Мысалы, "Бүгін біз баққа демалуға барамыз немесе бақшада жұмыс істейміз". НЕМЕСЕ жалғаушысын "He" бөлушісімен айырбастауға болады, "Бүгін біз не баққа демалуға барамыз, не бақшада жұмыс істейтін боламыз", өйткені бір мезгілде бақта демалу және бақшада жұмыс істеу мүмкін емес. Ал "Жаңбыр күндіз немесе кешке жауады" деген сөйлемде үш түрлі жағдай болуы мүмкін: "Жаңбыр күндіз жауады", не "Жаңбыр кешке жауады", не "Жаңбыр күндіз де, кешке де жауады". Бірінші мысалда НЕМЕСЕ жалғаушысы бөлуші рөл, ал екіншісінде біріктіруші рөл атқарады.

Барлық компьютерлік программаларда және математикалық талқылауларда НЕМЕСЕ жалғаушысы тек біріктіруші рөл атқарады. Мысалы, "х=0 немесе у=0" пайымдауындағы НЕМЕСЕ жалғаушысы не "у=0", не "х=0", не "х=0 және у=0" білдіреді.

   Ереже. Математикада НЕМЕСЕ жалғаушысы құрамды пікір: егер оны құрайтындардың тіпті біреуі ғана ақиқат болса, ол ақиқат болып; егер оны құрайтындардың бірі жалған болса ғана ол жалған пікір болады.

  ЕМЕС жалғаушысы теріске шығаруды пішімдеу үшін қолданылады. Мысалы, "х: пайымдауының теріске шығаруы "х=0" пайымдауына тең "х=0 емес" пайымдауы болады. "Бұл адам әдемі" пайымдауының теріске шығарылуы "Бұл адам әдемі емес" пайымдауына тең.

 Ереже. Егер бастапқы пайымдау жалған болса, онда теріске шығару ақиқат және, керісінше, егер бастапқы пайымдау әділ болса, онда теріске шығару жалған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...