Сабақтың тақырыбы Сабақ 1 Иррационал сандар және нақты сандар Сабақтың түрі



Дата20.09.2021
өлшемі77.62 Kb.
түріСабақ

Тексерілді :

ДОІЖО:______________Қ.А.Көпжасаров





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек

Мектеп: Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты

Күні: 15.09.2021

Мұғалімнің аты-жөні:Жалтаева С.А.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сабақ 1

Иррационал сандар және нақты сандар

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру

Сабақтың мақсаты

Оқушылар иррационал және нақты сандар ұғымдарымен танысады

Бағалау критерийлері




Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

рационал, иррационал, нақты сандардың анықтамаларын біледі

Қолдану

ұсынылған сандардың арасынан иррационал сандарды таңдап алады




Тілдік мақсат

Оқушылар сандар жөніндегі математикалық терминдерді ауызша талқылауда қолданады.

Пәндік лексика және терминология

Рационал сан, иррационал сан, бүтін сан, бөлшек, бөлімі, ондық бөлшек, иррационал сан



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

иррационал сандар … ондық бөлшектерден тұрады

X/Y иррационал сан бола ма?

X иррационал сан болуы керек, өйткені …

Y иррационал сан болмайды, өйткені…

сандары нақты сандар болады, өйткені ...



Құндылықтарды дарыту

Оқушылар математикалық сөйлеу дағдысын дамытады, тапсырмалар сыни ойлауын дамытуға көмектеседі.

Пәнаралық байланыс

Физиканың есептерін шығару кезінде қажет болады

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, жаңа материалды меңгеру кезінде тақырыпты түсіндіруге арналған бейнематериал қолданылады.

Бастапқы білім

Оқушылар натурал, бүтін, рационал сандар ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

2 мин


Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындықтарын тексереді. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырады.



Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар дайын үлгі арқылы үй тапсырмаларын тексереді, қателерін анықтайды, түзетулер жасайды.



Презентация
1-2 слайдтар



Сабақтың ортасы

6 мин

4 мин

8 мин

5 мин

10 мин


6 мин



Білімді жаңғырту

Мұғалім оқушыларға жалпы жиын, сандар жиындарын еске түсіру мақсатында ауызша сұрақ қоя отырып жауаптарын алады:



  1. Жиын дегеніміз не? Қалай түсінесіз?

  2. Жиынға өмірден мысал келтіріңіздер

  3. Ал математикада жиынға қандай мысал келтіре аласыздар?

  4. Қандай сандар жиындарын білесіздер?

  5. Ол жиындарға мысал келтірсеңіздер?

  6. Жалпы сол сандар жиындардың белгіленуі қалай? және т.с.с.

Оқушылардың жауаптарын негізге ала отырып мұғалім жалпы сандар жиындарына тағы бір тоқталады және Эйлер диаграммасы арқылы тақтаға сызып көрсетеді.
Осы диаграмма бойынша N – бүтін сандар жиынының ішкі жиыны, ал Z – рационал сандар жиынын ішкі жиыны екенін көрсетеді ().
Жұппен жұмыс:

сандарының қайсысы:

а) оң бүтін сандар;

б) теріс бүтін сандар;

в) оң бөлшек сандар;

г) теріс бөлшек сандар?
Оқушылар жауаптарын өз дәптерлеріне жазады, кейін жұпта талқылайды.

Дескрипторлар:



  • оң бүтін сандарды ажыратады;

  • теріс бүтін сандарды ажыратады;

  • оң бөлшек сандарды ажратады;

  • теріс бөлшек сандарды ажыратады.

Жеке жұмыс

Алдымен оқушыларға өздіктерінен орындауға уақыт беріледі, кейін мұғалімнің белгісімен әрбір есептің жауабына «ия» немесе «жоқ» деген карточкаларды көтеріп көрсетеді.



Дұрыс па:


Дескрипторлар:

  • өрнектің мәнін есептейді;

  • шыққан сан қай сандар жиынына жататынын ажыратады.

Жалпы сыныпқа тапсырма:

  1. 0,33333... санын жай бөлшек түрінде көрсетіңіз.

  2. 2,23606798... санын жай бөлшек түрінде көрсетіңіз.

Оқушылар 2-мысалды жай бөлшек түрінде көрсете алмайтындығын түсінеді.

Жаңа материалға шолу

Олай болса бұл сан рационал сан емес, бұндай сандарды иррационал сандар деп атайды.

Анықтама:

Иррационал сан деп кез келген шексіз периодсыз ондық бөлшекті айтамыз. Иррационал санды қатынасы түрінде және керісінше жаза алмаймыз. түріне келтірілмейтін кез келген сан иррационал сан болады.

Тақтадағы тапсырма ауызша орындалады.

Бейне материалға шолу

https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/8-synyp/irraczional-sandar-naqty-sandar-zhiyny

Рационал сандар жиыны мен иррационал сандар жиыны нақты сандар жиынын құрайды. Яғни,



нақты сандар жиын.
Жеке тапсырма

0,8; 0; -19; 2,343443444…; ; -1,24242424...; ; 12,6(7); 5,727727772...; ; π; 3,676776777… сандарды рационал немесе иррационал екенін анықтап екі шеңберге орналастырыңыз.

Дескрипторлар:


  • Рационал сандарды анықтайды

  • Иррационал сандарды анықтайды

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң көршілерімен жауаптарын салыстырып, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді.

3 слайд


4 слайд

5 слайд


Қосымша 1
6-12 слайдтар

13 слайд


14-15 слайдтар

16-18 слайдтар

Қосымша 2


Сабақтың соңы

3 мин



Рефлексия:

  • Бүгінгі сабақта ... түсіндім.

  • Енді мен ... орындай аламын.

  • Сабақта ... қызықты болды.

  • Алған білімім ... қажет

Үй тапсырмасы:

  1. Берілген сандардың ішінен иррационал сандарды теріп жазыңыз:

-5; 1,0303...; ; 0,66666...; 3,14; -3,242424...; 2,010010001...; ; -6,513..., .

  1. Мәнін табыңыз: 3,1(28) + 2,(21).

19 слайд
Қосымша 3


20 слайд


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар жеке, жұппен жұмыстанады. Бұл олардың қабілеті жоғары оқушылардан көмек алуларына ықпал жасайды.


Сабақта өзара бағалау, өзін-өзі бағалау түрлері жүргізіледі. Сабақ кезінде мұғалім оқушыларға қолдау көрсетеді.

Сынып бөлмесі желдетіледі.

Оқушылар жалығып кетпес үшін іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?



Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік