Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. «Арыстан мен тышқан»



Дата10.09.2017
өлшемі30.6 Kb.
#20042
түріСабақ


Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы

132 орта мектебінің



бастауыш сынып мұғалімі

Альмусина Жанар Сайлауовна

4- сынып. Әдебиеттік оқу

Күні: 19. 11. 2014 ж

Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. «Арыстан мен тышқан» (мысал)

Сабақтың мақсаты: Мысал мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

-оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

-ауызша, диалогты сөйлеу машығын жетілдіру;

-сыни ойлау дағдыларын дамыту;

-қойылған мәселеге нақты өз сөзімен еркін жауап беруге үйрену;

Қолданылған модуль: «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», АКТ.

Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, ментальді карта, диалогты оқыту, ой түйіндеу,Венн диаграммасы, топпен жұмыс



Бөлімі


Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

Мен сыныпты қалай қарсы аламын

Оқушылармен жылы амандасу. Шағын үш топқа бөлу.

Амандасады. Шағын топтарға бөлінеді.

1-топ «Қыркүйек»

2-топ : «Қазан»

3-топ : «Қараша»




Үлестірме қағаздары

Мотивациялық кезең

Психологиялық дайындық

Білем деме балам,

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам,

Дүниеде жоқ шығар.




Оқушылар қосылып орындайды.

Интер белсенді тақта

Негізгі бөлім




Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын бекіту

«Ой қозғау»

Жаңа сабақ

Ментальді карта

Мағынаны таныту

Оқулықпен жұмыс.

Жаңа білімді меңгерту.



Сергіту сәті

Топпен жұмыс



Венн диаграммасы



Дәптермен жұмыс.


Қорытынды

Бекіту

Ой түйіндеу

Үйге тапсырма

Бағалау

Рефлексия



Ш.Уәлиханов «Абылай хан»

I топ.

1. Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады?

2. Халық неден қатты қиналды?

3. 1730 ж. Шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім? Мақсаты не еді?

II топ.

  1. Абылай кім?

  2. Неге қазақ халқы Абылайға сенеді?

  3. Қалдан Серен қайтыс болған соңғы жағдайды айт.

III топ.

1.Абылай өсиетінде кімнен байланысты үзбеу керек деді?

2. Абылайдың денесі қайда жерленді?

3. Халқы Абылайды неге пір тұтты?

Мәтінді осы жоспар бойынша әңгімелеу.

Сонымен балалар, Абылай хан қандай адам екен?

Ендеше біздің де бойымыздан осындай жақсы қасиеттер байқалсын.

Жұмбақ

Айбарлы сұсы бар,

Қанжардай тiсi бар.

Тұла бойында

Тасыған күшi бар,

Күжiрейген жалды,

Бiлсең айт бұл аңды? (Арыстан)

Үй iшiн аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады. (Тышқан)

Олай болса, бүгін

С. Торайғыровтың «Арыстан мен тышқан» деген мысал өлеңімен танысамыз.

Мысал деп нені айтамыз?

Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көлемді шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады.

- Қане, балалар, С. Торайғыров туралы мәліметтер жинақтадық.Олай болса, сұрақтарға жауап берейік.

С. Торайғыров кім?

А) С. Торайғыров туралы толықтыру.

Б)Сызбаға түсіру



- С. Торайғыров (1893 - 1920) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл аулында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әрі педагог. Жастарды оқуға үндеген «Неге жасаймын», «Шәкірт ойы», т. б. өлеңдердің, «Қамар сұлу», т. б. көркем шығармалардың иесі.

- Ал, балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Арыстан мен тышқан» деп аталады.

«Арыстан мен тышқан»

а) Оқушының оқуы (оқушылар қарындашпен автор, арыстан, тышқан сөздерін бөліп отырады).

в) Сөздік жұмысын жүргізу.

Сейіл құру – қыдыру, бойын жазу.

Зиян – залал, зақым

Азат қыл – еркіндікке жібер, босат.

- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?

Мысал

Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көлемді шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады.

ә) қарапайым сөзбен мазмұның айтқызу.

б) Оқушылардың рөлдерге бөліп оқуы (бетперде киіп).

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.



1 топ. Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез - құлықтар байқалады?

Арыстанның сөзінен оның қандай мінез - құлқын байқауға болады?



2 топ. Бір шумақ өлең жаз.

3 топ. Мысалды бөліктерге бөл. Ат қой. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның (көңілшектігі) мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.). Ары қарай не болады деп ойлайсың?

Қане, ендеше балалар, айта қойыңдаршы, арыстан мен тышқанның айырмашылығын салыстырыңдаршы, екеуіне мінездеме беріңдер.Екеуі де аң.

I топ. Арыстанға мінездеме берейік.

II топ.Тышқанға мінездеме беру.

III топ.

Мысал мазмұнына сәйкес мақал –мәтел айт.(Әлді-әлсіз туралы мағынасын түсіндір)

Шығарманы видео арқылы оқушыларға көрсету.

- Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?

- Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?

- Тышқан арыстанға берген уәдесін қалай орындады?

- Балалар, бүгін біз кімнің шығармасымен таныстық?

- Мәтін ұнады ма?

- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?

- Адамдар қатты қысылған уақытта қандай көмек беру керек?

- Осы мысалдан қандай сабақ алдыңдар?

Түйін

Үлкен сабақ түйгеніміз мысалдан –

Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан.

Тығырыққа тірелер күн туғанда

Арыстан да көмек сұрар тышқаннан!

Арыстан мен тышқан мәнерлеп оқу.

Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазып шық.

Өзін –өзі бағалау

Парақшалар тарату


М: Жоңғар қалмақтары,башқұрттар шабуыл жасады.

Қалдан Серен мақсаты –қазақ пен қырғыздардың байлығын, жерін иемденіп, жерін жаулап алу.

Абылай хан- аса көрнекті қоғам қайраткері,әйгілі қолбасшы, ірі тұлға.

1711 жылы Шыңғыс хан әулеті Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Шын аты –Әбілмансұр.

20 жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен атқарды.

Оқушылар жұмбақты шешеді.

Дайындап келген жинақтарын әр топтан оқиды, сызбаны толықтырады.

педагог



С. Торайғыров

Ақын жазушы

Дәптерге жазып алады.

Оқушылар қосылып орындайды.




Арыстан

тышқан


Арыстан жыртқыш,ірі,аң патшасы,батыл,өте күшті,ұзақ жасайды,етпен қоректенеді,бірнеше жылда балалайды.

Тышқан-кеміргіш,ұсақ,жыл басы, өте қорқақ,өте әлсіз,көп өледі,тағам талғамайды,көп балалайды.

1.Сорлы тышқан соқыр мысық бар дегенге сенбейді.

2.Күлме досқа, келер басқа.

3.Түйедей бойың болғанша, тарыдай сыйың болсын.

Оқушылар бірлесіп жауап береді.

Күнделікке жазып алады.

Оқушылар өз ойларын ж




Карточкалар

Интер белсенді тақта

реферат

Торайғыров (портреті көрсетіледі).

Оқулық


Интер белсенді тақта

Интер тақта

Карточкалар

Интер тақта

Дәптер

Интер тақта



күнделік

үлестірме



Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Қысқа мерзімді жоспарлау
lessons -> Оқушыларға векторлардың скаляр көбейтіндісі туралы түсінік беру, оған байланысты есептерді шығаруға үйрету
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақтың тақырыбы : германия Сабақтың мақсаты
lessons -> 1 тақырып: Молекулалық биология пәніне кіріспе «Молекулалық биология»
lessons -> Сабақтың мақсаты: Білімділік : Оқушылардың сабаққа болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін көтеру
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Логарифмдер және оның қасиеттеріне есептер шығару. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Металдар мен бейметалдар. Химиялық элементер жай заттар Сабақтың мақсаты: Жаңа білім
lessons -> Сабақтың тақырыбы: «Модель және модельдеу»
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді