Сабақтың тақырыбы С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



Дата18.10.2020
өлшемі25.67 Kb.
түріСабақ

САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің

«№27 орта мектебі» КММ

Күні: 03.03.2020

Мұғалімнің аты-жөні:Муканов Б.Ш

Сынып: 7-cынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлімнің тақырыбы

Балалар мен үлкендер

Сабақтың тақырыбы

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру.

7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.



Сабақтың мақсаттары

Оқушылар шығарманың өн бойына түрлі тұрғыдан талдау жасай алады және соның негізінде өзіндік ой қорытып, кейіпкерлерге гуманистік тұрғыдан талдау жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың сюжеттік-композициялық құрлымына, кейіпкерлер жүйесіне, тақырыбы мен идеясына талдау жасай алады;

  • Өзінің және өзгенің жұмысын ой елегінен өткізіп, қорытынды жасай алады;

  • Кейіпкерлер жүйесіне қатысты сыни пікір айта алады;

АКТ қолдану

  • АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (интер белсенді тақта)

Сабақта қамтылатын

білім беру

құндылықтары

  • көркем бейнеге баға беру кезіндегі адами құндылықтар;

  • шығарма бойындағы ұлттық ерекшеліктерді тану;

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет, ынтымақтастық және шығармашылық.

  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

  • білімін тереңдету, қажетті материалдарды табу, өзінің жұмысын ұсыну мақсатында өмір бойы оқу.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар: оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын, болжамдарын шығармадан алған білімдеріне сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, креативті шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, ойын еркін жеткізе алады.

Пән лексикасы және терминология: повесть, кейіпкер, сюжет, компазиция, мақал-мәтел, дәйек сөз, идея, эпизод, көркем бейне, оқиға желісі т.б

Осыған дейін меңгерілген білім

Повесть –эпикалық жанрдың бір түрі. «Тәмпіш қара» повесі, шығарманың сюжеттік құрылымы және кейіпкерлердің типтері.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут


1 минут



Сергіту сәті: «Допты дәлдеп лақтыр».

Бұл жерде оқушылар шеңберге тұрып, қолдарындағы допты лақтырмас бұрын «Тәмпіш қара» шығармасынан өзіне ең ұнаған жерін қысқаша баяндайды. Мысалы, маған Ертайлардың Оңалбекті алдастырып, мектепке кіріп асық ойнаған кезі ерекше ұнады т.б



Мақсаты: оқушылардың саббаққа деген қызығушылығын арттыру, әрі үйде оқыған шығармаларын тағы бір еске түсіріп, қайталап шығу.

Болжау.

  • Сабақтың мақсаты анықталған соң оқушыларға болжам жасау ұсынылады. (Бүгін сабақта не істейміз? Қандай бағалау критерийлері болады деп ойлайсыңдар?)

  • Оқу мақсаттарымен таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге жасалынады.







Сабақтың ортасы

1 минут


20 минту

10 минут


5 мин


Топқа бөлу

Оқушыларға 5 түрлі смайликтер беріледі. Оқушылар осы смайликтер арқылы топтарға бөлінеді және әр топ өзінің қандай жұмыспен айналысатынын суретке қарап болжайды.


І кезең. Оқушылар «Әдебиет үйірмесі» стратегиясы арқылы топта жұмыс істейді. Ол үшін әр топтың мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, төмендегі тапсырмалар беріледі.

І топ –«Із кесушілер»

Тапсырма: «Тәмпіш қара» повесінің 9 бөліміне сүйене отырып, шығарманың композициялық құрылысын талдаңдар және оны «оқиға кадрлары» арқылы беріңдер.

ІІ топ – «Сөз тапқыштар»

Тапсырма: Повестегі оқиғалар желісіне сәйкес келетін мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер табу және оны шығармамен байланыстыра отырып дәлелдеңдер.

ІІІ топ – «Ой тапқыштар»



Тапсырма: Шығарманың өн бойында автор Шаншатай мен Ертайды қалай сипаттады, олардың оброзын қалай ашты, нақты мысалдармен дәлелдеп көрсетіңдер.

ІV топ – «Дәнекерлер»



Тапсырма: Повестегі эпизодтарды бүгінгі өмірмен байланыстырып, мысалдар арқылы үндестігін көрсетіңдер.

V топ «Суретшілер»



Тапсырма: Шығармада өздеріңе әсер еткен эпизодты бейнелеңдер немесе оған деген көзқарастарыңды суретке түсіріңдер. (сурет, кластер құрастыру, жапсырма т.б)
ІІ кезең. Топтар өз жұмыстарын таныстыру үшін «Әлемді шарлау» стратегиясымен жұмыс істеді.

Топтан бір спикерді жұмыспен таныстыру үшін орындарыңда қалдырыңдар және өздерің басқа топтардың жұмысымен танысып, оған кері байланыс (стикерлерге «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып қалдырады) беріңдер. Бір-бірінің жұмыстарыңмен танысып, «Тәмпіш қара» әлемін бір шарлап шығыңдар.


Дескрипторлар:

  1. Шығарманың сюжеттік-композициялық құрлымына талдау жасай алады;

  2. Оқиғалар желісіне сәкес келетін мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер таба алады;

  3. Кейіпкерлердің сипатын аша алады;

  4. Эпизодтарды бүгінгі күнмен байланыстыра алады;

  5. Өзінің және өзгенің жұмысын ой елегінен өткізіп, қорытынды жасай алады.



ІІІ кезең. Жұппен жұмыс.

Геометриялық фигуралар стратегиясы.

Жұптарға бірнеше геометриялық пішіндер берілді, осы пішіндермен байланыстырып мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасаңдар. Кейіпкерлер мен түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табыңдар.


Дескрипторлар:

  1. Кейіпкерлердің мінез-құлқына сипаттама бере алады;

  2. Сыни пікір айта алады;

  3. Кейіпкерлер мен түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын таба алады.



С.Сарғасқаев Тәмпіш қара: повестер мен ертегі –Алматы:Жазушы, 2003


http://gulnarairex124.ucoz.ru/t-mpish-ara.pdf


Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия

«Мен үшін маңызды болғаны...»

Бүгін мен үшін ....... маңызды болды.

*................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.
*......................... екенін түсіндім.

Тақтаға рефлексия жасау үшін дайын құрылымды шығарып, оқушылар бүгінгі өзінің әрекетіне талдау жасайды. Сол арқылы мұғалім бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын анықтай алады.






Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


  • Әр оқушының жұмысына «түртіп алу» стратегиясы бойынша кері байланыс беру

  • Қабілеті жоғары оқушыларға «Геометриялық фигуралар» стратегиясымен жұмыс кезінде жазбаша жұмыс (5 минуттық эссе) беруге болады




Өнер, бейнелеу өнері, қазақ тілі сабақтарымен өте тығыз байланыстағы сабақ.

Сабақ барысында орындалатын жұмыстар оқушы өміріне қауіп тудырмайды, керісінше топтағы, жұптағы жұмыстар балалардың психологиялық жағымды жағдайда жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

АКТ слайд көрсету үшін қолданылады. Қажет болған жағдайда Presi com бағдарламасын қолдануға болады.

Оқушылар шығарма кейіпкерлерін талдай отыра, өздерінің өміріне қажет сабақ алады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Негізгі идеясы мен мазмұнын біледі

Шығармаға сюжеттік талдау жасайды

Кейіпкер сипатын аша алады

Шығарма бөліктері бойынша зерттеу жұмысын жүргізеді.

Өз пікірін дәлелді қолданып жазба жұмысын жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар