Сабақтың ортасы
|
II. Жаңа тақырып
Әнші Роза Бағланова туралы видеоролик көрсеіледі
-Роза Бағланова 01.01.1922-08.02.2011жж.( Қызылорда облысы. Қазалы ауданы) — Роза Тәжібайқызы Бағланова – әнші, Қазақстанның халық артисі (1967), Халық қаһарманы (1996). Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылыМәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар менстуденттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтардостығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған
Дәптермен жұмыс.
Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі
Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді..Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.
Топпен жұмыс
1-топ. Роза Бағланова апамыз жайында не білесіңдер?
2-топ. Әнші мамандығы қандай мамандық?
3-топ .Қай елдерге гастрольдік сапарда болған?
|
Оқушылар негізгі тақырыппен танысады
Мұғалімді тыңдайды
Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді
Білім алушылар пікірлерімен, мәліметтерімен бөліседі
|
|
көрнекіліктер
|
Сабақтың соңы
|
Қорытындылау:
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
|
Білім алушылар эссе жазады
Мұғалімнің қорытынды сөзін тыңдайды.
білім алушылар сынып сағатында алған әсерлерімен бөліседі, сұрақтарға жауап береді
|
|
|