^Модельдеу деген не?
Не үшін модельдейміз?
^Модельдеу қандай кезеңдерден тұрады?
Түсіну кезеңі:
Компьютерде модельдеуді ұйымдас- тыру қандай іс- әрекеттерден тұрады? ^Компьютерде модельдеудің басқа модельдеу түрлеріне қарағанда қандай ерекшеліктері бар?
Практикалық жұмыс: № 2 тапсырма Екі жеңіл автокөлік бір уақытта және бір жолда екі қаладан біріне-бірі қарама - қарсы бағытта жолға шықты. Қалалар арасындағы қашықтық 8 километр.
Бірінші автокөліктің жылдамдығы км/сағат, екінші автокөліктің жылдамдығы У2км/сағат болса, олар жолға шыққаннан кейін қанша уақытта кездеседі?
Берілген тапсырманы модельдеу кезеңдерімен орындап шығамыз. 3.45- суретте тапсырманың компьютерлік моделі берілген. Тапсырманы орындау барысында: Электронды кесте элементтерін дұрыс пішімдеу;
Есептеулер кезінде автоматты толтыруды тиімді пайдалану;
Диаграммалар құру
Шағын топтарда: №2 тапсырмада тапсырма бойынша жасалған компьютерлік модельдеу жұмысына талдаулар жүргіземіз. Талдау барысында төмендегі тапсырмаларды орындаймыз.
3.44-суреткеқарап, тапсырманың орындалу кезеңдерін компьютерлік модельдеу кезеңдеріне сәйкестігін анықта (3.45-сурет). 3.44-суреттегітапсырманың әрбір кезеңіне жеке-жеке талдау жасаңдар.
Компьютерлік модельдеуді басқа модельдеу түрлерімен салыстырыңдар. Ұқсастықтары мен ерекшеліктерін қағазға түсіріңдер
Топта пікір- алмасу, ортақ идеяны постерге түсіру
Күнделікті тұрмыста өздеріңе таныс мысалдың бірін таңдап, компьютердегі моделін ұсыныңдар (мысалы, үй салуға кететін шығынды есептеуші ).
Компьютерде модельдеудің тұрмыста және техникадағы маңыздылығына баға беріңдер.