Барлық оқушылар: Дененің жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысын анықтау.
Көпшілік оқушылар: Дененің жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысы кезіндегі жұмысты есептеу
Кейбір оқушылар: Дененің жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысы кезіндегі жұмыстан шыққан қорытындыны тұжырымдау
Бағалау критерийлері
- Дененің жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысын анықтай алады
- Дененің жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысы кезіндегі жұмысты есептейді
- Дененің жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысы кезіндегі жұмыстан шыққан қорытындыны тұжырымдай алады
Құндылықтарға баулу
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым қатынас жасау, көзқарастарына құрметпен қарау .Оқушылар өз бетімен жұмыс жасау,іздену қабілеттерін арттыру.
Мәңгілік ел идеясын дамытуға тәрбиелеу.
3. Қолдану
Жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеуге арналған формулаларды еске түсіру.
1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын пайдаланып, Жердің массасын анықтаңдар. Жердің радиусы 6, 4 * 10^6 м.
2. Ай Жерге F= 2* 10^20 Н күшпен тартылады. Айдың массасын анықтаңдар. 3. Жерден Күнге дейінгі қашықтық 1, 496* 10^11 м. Жердің Күнді айналу периоды 365, 26 тәулік. Күннің массасын анықтаңдар.
2-тапсырма:
Есептер шығару
1. Марстың массасы 6*1023 кг, радиусы 3300 км. Дененің Марс бетіндегі еркін түсу үдеуін есептеп шығарыңдар.
2. Ай радиусы Жер радиусынан шамамен 3,7 есе кіші, ал массасы Жер массасынан 81 есе аз. Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі қандай?
3. Алманың массасы 40 г. Оны Жер қандай күшпен тартады? Егер алма үзіліп түскен бұтақ 2,4 м биіктікте орналасқан болса, онда алма қанша уақытта жерге түседі?
4. Айдың радиусы 1738 км, ал ондағы еркін түсу үдеуі Жердегіден 6 есе аз екені белгілі. Айдағы бірінші ғарыштық жылдамдықты есептеңдер.
5. Марстағы еркін түсу үдеуі 3,76 м/с2, ал оның радиусы 3,39*106 м. Марс бетіне жақын маңайда ұшып жүрген жасанды серік жылдамдығын анықтаңдар.
6.Жердің жасанды серігі жер бетінен 200 км қашықтықта дөңгелек орбита бойымен қозғалса, оның Жерді айналу периоды қандай болады?
Оқушылар қатар бойынша топқа бөлініп қағаздан жасалған ұшақтарға сұрақтар жазып, басқа топқа ұшырады.
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2: