Ойынның негізгі мақсаты қарсыластың торына доп түсіру болғанымен, әр команда өз торын қорғай білуді естен шығармауға тиіс. Сондықтан қорғаныс әрекеттеріне үйрену қажет.
Ойын кезінде тез шаршап қалмау үшін әрбір ойыншының қимылы өте шапшаң әрі дәл болғаны жөн. Оған дағдылану үшін іші нығыздап толтырылған допты лақтырып, қағып алуға жаттығып, секірме жіппен секіріп, “Мерген мен үйрек”, “атысу”, “доп әкелу” т.б. қозғалмалы ойындарды жиі ойнап, қимылды жетілдіре түсуге болады.
Мына төмендегі жаттығулар баскетболшының қимыл-қозғалысын жетілдіруге, шапшаңдығын арттыруға көмектеседі. Бұл жаттығуларды оқушылар өз беттерімен орындап, дағдылануға тиіс:
Әр түрлі бастапқы қалыпта тұрып, 8-10 метр қашықтықты тез жүгіріп өту;
Теріс қарап жүгіру;
жүгіріп келе жатып, бір аяқпен бұрыла беріп, кілт тоқтай қалу;
тұрған орыннан тез серпіле жүгіру;
1-2 адым аттап барып жоғары қарай секіру;
бір қырымен қатарласа жүгіріп бара жатқан екі оқушы допты бір – біріне кезекпен лақтырып ұстау;
Секірме жіппен 1 минутта 140-150 рет секіруге машықтану.
1.Жұппен жұмыс: допты кеуде тұсынан серіктесіне беруді, қайтадан қағып алуды үйрету. Допты еденге соғып беру, қағып алу.
2. Допты қарсыласынан алып кету тәсілін үйрету.
3. Баскетбол торына допты лақтыру.
4. Эстафеталық ойын.
Достарыңызбен бөлісу: |