Сабақтың тақырыбы Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Бастапқы білім



Дата14.09.2022
өлшемі1.04 Mb.
#290381
түріСабақ
Байланысты:
3,10,18, 6 КЛ
Лекция 13, 2.12.2021ж. 6сынып, біз әлемді өзгерте аламыз



Бекітемін:

Пән: математика

Мұғалімнің аты-жөні: Құлтаева А.Ф.

Күні: 3.10.18.

Сынып: 6




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану (20 сағат)

Сабақтың тақырыбы

Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу.

Бастапқы білім

Сандарға амалдар қолдану.

Оқыту мақсаттары

6.1.1.4 - координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;

Сабақтың мақсаттары

Оң сандар, теріс сандар және нөл ұғымын түсінеді.

бағалау критерийлері

  • Оң сандарды дұрыс жазады

  • Санақ басы (нөл саны) біледі

  • Теріс сандарды дұрыс жазады

Тілдік мақсаттар



Оқытудың тілдік мақсаты:
- оң сандарды, теріс сандарды біледі.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • +4973м («плюс 4973м» деп оқылады);

  • – 2210м («минус 2210м» деп оқылады). Пән лексикасы және терминология: Оқушылар: сандардың оң және терісін ауызша түсіндіре алады, Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; «+» таңбасымен жазылған сандар оң сандар деп аталады. «–» таңбасымен жазылған сандар теріс сандар деп аталады. 0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды. Пәнге тән лексика мен терминология

қазақша

Орысша

ағылшынша

Оң сан

Положительное число

Positive number

Теріс сан

Отрицательное число

Negative number

Нөл

Ноль

Zero

Қосу

Плюс

a plus

Азайту

Минус

Minus




Құндылық-тарды
дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.
- академиялық адалдық құндылығын, бір-біріне құрмет құндылығын дарыту;
- елжандылыққа тәрбиелеу;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Жаратылыстану

Ауа райы температурасын өлшеу

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Сабақтың ортасы


10 мин

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу және сабаққа қатыстып отырған оқушыларды түгелдеу.
Жұптарға бірігіп отыру. Жаңа тақырыпты меңгеру үшін мысал қарастырамыз. Шамамлардың өзгерісінің сан мәнін жазғанда, оқығанда оның тура мағынасының сан мәнінің алдына «+» таңбасы қойылады. Шаманың қарама–қарсы мағынасының сан мәнінің алдына «–» таңбасы қойылады.
1-мысал. Іле Алатауындағы Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4973м биіктікте жатыр, ал Қара теңіздің ең терең жері теңіз деңгейінен 2210м төмен. Мұндағы теңіз деңгейінен жоғары биіктік «+» таңбалы санмен жазылады, теңіз деңгейінен төменгі тереңдік «–» таңбалы санмен жазылады.
Демек, Талғар шыңының биіктігі +4973м («плюс 4973м» деп оқылады). Мұндағы +4973м – оң сан. Оң санның алдына «+» таңбасы қойылып жазылады. Қара теңіздің ең терең жеріндегі түбінің тереңдігі – 2210м («минус 2210м» деп оқылады). Мұндағы – 2210м – теріс сан. Теріс санның алдына «–» таңбасы қойылып жазылады.
«+» таңбасымен жазылған сандар оң сандар деп аталады.
«–» таңбасымен жазылған сандар теріс сандар деп аталады.
0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.
Балалар осы сандарға өмірден жоғарыдағыдай мысал келтіріңіздер. Оқушылар ауызша мысалдар келтіреді.
Мысалы, сандары – оң сандар,
ал сандары – теріс сандар.
Егер берілген өрнекте оң сан бірінші орында тұрса немесе өрнекте бір ғана сан болып және ол оң сан болса, оның алдына «+» таңбасы қойылмайды.
Мысалы:
1) өрнегі түрінде жазылады.
2) өрнегі түрінде жазылады.
Өрнектерде теріс санның тікелей алдында қосу, көбейту, бөлу, азайту таңбалары тұрса, онда теріс сан жақшаға алынып жазылады.
Мысалы,
Көп жағдайда теріс сан өрнектің бірінші мүшесі болса, ол жақшасыз жазылады.
Мысалы, өрнегін түрінде жазуға болады.

Математика-6 кл Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011



Топтық жұмыс
10 мин

Есептер шығару 12 мин


Топтық жұмыс


Жеке жұмыс



Жыл мезгілдері арқылы оқушылардың санын ескеріп төрт топқа бөліміз.









Бөлінген топқа сәйкесінше ат қойып, Жасқайрат ауылының ауа райы бойынша әрбір топ өз жыл мезгіліне сәйкес шамамен ең жоғары және ең төменгі температураны анықтайды.
Төмендегі сурет топтарға беріледі, суретті талқылайды және әрбір топ өмірден мысалдар келтіреді. Келтірген мысалдары бойынша постер құрып, ортаға шығып қорғайды.

Топ

Шаманың аты

Оң санмен өрнектеледі

Санақ басы 0(нөл) саны

Теріс санмен өрнектеледі

Суретпен бейнеленуі


Ұзындық

Биіктік +24м; теңіз деңгейінен жоғарылауы +0,5м

Теңіз суының деңгейі 0 м

Тереңдік (-8) м теңіз деңгейінен төмендеуі (-0,3)м





Температура

Дене температурасының жоғарылауы (жылуы) +150 С

Мұздың еру (судың қату) температурасы 00 С

температурасының төмендеуі (сууы) +170 С





Жылдамдық

Өзен ағысымен жүзгендегі ағыс жылдамдығы +2,3 км/сағ

Тыныш (қозғалыссыз) тұру 0 м/с;
0 км/сағ

Өзен ағысына қарсы жүзгендегі ағыс жылдамдығы
(-2,3) км/сағ





Уақыт

Алдағы (келер) уақыт +2 сағ

Осы уақыт (мезет) t сағ

Өткен уақыт
(-1,5) сағ



№228,229
Өз бетімен жұмыс №236
Жеке жұмыс №232
Жұптық жұмыс №235

СЛАЙД


Математика-6 кл Т.А. Алдамұратова Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2018

Сабақтың соңы


3 мин



  1. Үй тапсырмасы

№230,233,238

  1. Кері байланыс

Мен не білдім




Мен не үйрендім




Мен нені түсінбедім







  1. Қандай сандар оң сандар деп аталады?

  2. Қандай сандар теріс сандар деп аталады?

  3. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

  4. Оң сандарды, теріс сандарды пайдаланып мысал келтіріңдер?







Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Есептерді жеңілден ауырға дейін күрделеген. Топтық және жеке жұмыста деңгейлік тапсырмалар



Бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау
Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру

Дұрыс отыруын қадағалау, топ ішінде емін еркін қозғалыста болу

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіруүшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттарына жеттім, бірақ бағалау кезінде ейбір оқушылар күрделі түрлендіруде көп қателескен,келесі қосымша сабақта талдау жасаған дұрыс және дәл сондай есептерді шешу қажет

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы дао йланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқ ажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде