Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Ньютонның екінші заңы, үдеу, масса, тең әсерлі күш.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Неліктен тез қозғалып келе жатқан көліктің алдын кесіп жолдан өтуге болмайды? Шауып келе жатқан салт атты сүрініп кетсе қандай жағдай болуы мүмкін?
Құндылықтарға баулу
Ньютонның екінші заңын айналадағы болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерден анықтай алуға баулу.
Пәнаралық байланыс
Математика – есептер шығаруда математикалық амалдарды қолдану.
Алдыңғы білім
Механикадағы күштер, масса, үдеу, инерттілік, масса
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
10 мин
2 мин
8 мин
«Пазл» әдісі бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді. Құрастырған суреттер бойынша топ атын анықтайды.
1-топ: «Ауырлық күші»
2-топ: «Үйкеліс күші»
3-топ: «Серпімділік күші»
«7 W» немесе «7 неліктен» әдісіарқылы алдыңғы тақырыпты еске түсіріп, жаңа тақырыптың мақсатын ашады.
1. Неліктен күш векторлық шама болып саналады?
2. Неліктен денелердің бір-біріне әрекеті түрліше сипат алады?
3. Неліктен еркін түсу тек ауырлық күші әрекетінен болады?
4. Неліктен серпімділік күші дененің көлемі мен пішіні өзгерген кезде пайда болады?
5. Неліктен үйкеліс күші қозғалыс бағытына қарама-қарсы болады?
6.Неліктен тез қозғалып келе жатқан көліктің алдын кесіп жолдан өтуге болмайды? (Бұл сұрақтың толық жауабын алу үшін оқушыларға бейнеролик ұсынылады)
Үй тапсырмасы «бағдаршам әдісі» арқылы бағаланады.
Сабақтың ортасы 24 мин
4 мин
6 мин
8 мин
5 мин
Ой қозғау. Тақырыпты түсіну үшін оқушыларға бейнеролик көрсетіледі.
1 тапсырма. «Өкіл» әдісі бойынша әр топқа бейнероликтен түсінгендері бойынша 3 ұғым беріледі. Алдымен ұғымды топта талқылайды. Топтың бір адамы «елші» болып басқа топта өз ақпаратымен бөліседі, басқалармен пікірлесіп Ньютонның екінші заңын тұжырымдайды.
Топтардың тапсырмалары: 1-топқа: Инерттілік ұғымын тұжырымдау.
2-топқа: Масса ұғымын тұжырымдау.
3 топқа: Ньтонның екінші заңын тұжырымдау.
2 тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша топтарға есептер беріледі. Оқушылар тапсырманы Ньютонның екінші заңының формуласын қолдану арқылы жеке орындап, жұпта талқылайды. Топ ішінде үздігі анықталып, тақтаға шығарылады.
1 топ Массасы 1500 кг автомобиль 0,5 м/с2 үдеумен горизонталь бағытта қозғала басталы. Қозғалысқа кедергі жасайтын күш 500 Н-ға тең. Қозғалтқыштың өндіретін тарту күшін анықтаңдар.
2 топ Массасы 500 т пойыз бірқалыпты баяу қозғалады және 1 минут ішінде өзінің жылдамдығын 40 км/сағ-тан 28 км/сағ-қа азайтты. Тежелу күшін анықтаңдар.
3 топ Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әрекетінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде, ол қандай үдеу алады?