Тапсырма №4 Ойла, есепте, жауап бер!
Сенбіден кейінгі күннің басталатын әрпімен үш қыздың атын жаз. (Жанар, Жұпар, Жауһар) Сәрсенбінің алдындағы күннің басталатын әрпімен бес ұлдың атын жаз.(Самат, Серік, Сұңғат,Сәбит, Сағи)
ІІІ. «Мұрынмен жазу» жаттығуы. Көзіңді жұм.Мұрныңды қалам ретінде пайдаланып, ауада кез келген сурет сал. Көзің жұмулы болсын.
Тапсырма №5. (Ойлан, есепте, жауап бер!)
Арман биыл екінші сыныпқа көшті. Енді оған анасы түскі асқа 100 теңге беретін болды. Арман үнемдеуді жақсы көреді. Ол күнде 70 теңгеден ғана жұмсады. Ол бір аптада неше теңге үнемдеді?
Қайсысы жетіспейді?
Геометриялық фигуралар қатары беріледі, оқушылар 1 минуттай қарайды, келесі суретте осы фигуралардың біреуі алынып тасталады, оқушылар соны табуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |