Сабақтың тақырыбы: Есту арқылы жадында сақтауды дамыту.
Сабақтың мақсаты: Есту арқылы сақтауға жаттығулар, есептер шығару арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Пәнге қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың барысы. Ми гимнастикасы. Ширату.
Бір қайшының неше сақинасы бар? (2 сақинасы бар)
Ұшатын көлік қалай аталады? (тәк ұшақ, ұшақ)
Тонды неден тігеді? (тері)
Төрт тышқанның құлағы нешеу? (8)
Сиырдың қауіпті мүшесі? (мүйіз)
Сұйық - су емес, ақ - қар емес. Ол не? (сүт)
1. Ең қысқа жолақты жасыл, ал ең ұзын қарындашты көк түске боя.
2. Орыншаның пәтері үшінші қабатта. Асыланның пәтері
Орыншаның пәтерінен 2 қабат жоғары. Ал Тайырдың пәтері
Асыланның пәтерінен 4 қабат төмен орналасқан.
Асылан нешінші қабатта тұрады?
Тайыр нешінші қабатта тұрады?
Тұрсын мен Инештің бойлары бірдей. Инеш Күләштан аласа, ал
Орынгүлден биік. Оң жақта бірінші тұрған Тұрсын. Қыздардың атын
ата. Оларды жаз.
Жапырақтарды боя. Қызыл жапырақ сары мен ' жасылдың ортасында, ал сарғыш жасыл жапырақтың оң жағында болсын.
Сәуленің бойында 0 мен 1 сандарының орындары белгіленген. 4 пен 5 сандарының орнын көрсету
Достарыңызбен бөлісу: |