2-жаттығу «Хайуанаттар бағы».
Мақсаты: есті дамыту, ойлау қызметін жандыру.
Ойынның барысы: балалар бір шеңберге тұрады немесе отырады. Ойыншының біреуі қолына тас алып оны көршісіне «Тасты өзіңе ал да, аңды тез ата» деп айтып беруі қажет. Ойыншы тасты алады, «Мысық» - деп жауап беріп, тасты келесісіне ұсынады. Ойын осылай жалғасады. Тез жауап беруі және қайталанбауы тиіс. 10 минут.
3. «Жануарды бейнелеп бер» психогимнастикасы.
Мақсаты: қиялды дамыту, белсенді жұмысқа дайындау.
Нұсқау: келіңдер, сендермен ойнаймыз. Қазір бәріміз тоты құсты бейнелейміз. Ал енді, біз – аққумыз. Итбалықтар құрғақ жерге келіпті. Одан соң қайталап суға секірді. Міне, маймыл да келді. Ең соңында ханша-жылан келді. 10 минут.
4. «10 сөзді есіңде сақта» жаттығуы.
Мақсаты: есті дамыту.
Нұсқау: қазір мен сендерге 10 сөзді айтамын, сендер сол сөздерді сол қалпында жазып бересіңдер.
1 сүлгі 4 шам 7 дәрі 10 парта
2 қоян 5 жүзім 8 көңіл-күй
3 теледидар 6 пісте 9 фантик 10 минут
Достарыңызбен бөлісу: |