Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
ІҮ. Сабақты қортындылау.
–Нені білдік? –нені біліп үйрендік?
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Төрт құбылыс
Оқушылар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» — десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екіқолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.
Сөзді есіңде сақта
Жүргізуші оқушыларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Оқушыларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, оқушылар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.
көктем – жаңбыр
жаз – күн шықты
аспан – бұлт
жер – шөп
Орныңды тап
Оқушылар шеңберге тұрады. Әр оқушы өзінің жанындағы оқушыны есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, сынып бөлменің жан – жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау арқылы беріледі ). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орынын таппаған оқушылар ойыннан шығарылады.
№2 сабақ. «Кел, танысайық».
Достарыңызбен бөлісу: |