Сабақтың тақырыбы Квадраттық функция

Loading...


Дата18.08.2020
өлшемі123 Kb.
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3В

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.4
аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның
мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу

Сабақтың мақсаты

Аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның
мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу үшін есептер шығарту

Бағалау критерийі

• Аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады
• Функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар

-коэффициенттеріне байланысты


квадраттық функциялардың
графиктерінің орналасуын
пайымдайды;

Пәндік лексика және терминология:

  • квадраттық функция

  • функция

  • функция мәні

  • аргумент

  • аргумент мәні

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

берілген функцияның графигін ... функциясының


графигін екі параллель көшіру көмегімен алуға болады: х
осі бойымен ... бірлікке ... (оңға, солға) жылжыту және у
осі бойымен ... бірлікке ... (жоғары, төмен) жылжыту;
- у = kf(х) функциясының графигіk>1 болғанда y=f(x)
функциясының графигін х осінен k есе созу арқылы
алынады;

Құндылықтарға баулу


Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылықтарға баулу №3-тапсырма арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Геометрия

Тақырып бойынша алдыңғы білім


«Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар
графиктерін салу дағдылары, соның ішінде у = ах2 функциясының.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


«Жұбыңды тап» әдісі бойынша оқушылардың назарын сабаққа аудару оқушылар тапсырмалар арқылы жұптарын тауып, топтасады.

Оқу мақсаты жетелеуші сұрақтар арқылы анықталады



-квадраттық функция дегеніміз не?

-функциясының графигі

Күтілетін нәтиже:

Аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін таба алады;

• Функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін таба алады.



Стикер


Сабақтың ортасы


  1. тапсырма Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі

1-топ Абсциссасы -2,-1-ге тең у=2х2-х–1 функция графигінің нүктенің ординатасын табыңдар.

2-топ у=-х 2 +х+2 функция графигінің ординатасы -4, -2,5-ке тең нүктенің оң таңбалы абсциссасын табыңдар

3- топ у = 2х2 + bх + с функциясы үшін с коэффициентін табыңдар, егер парабола төбесінің координаталары (-0,5; 0,5) болса

Әр топ есептерін түсіндіреді.

«Топтық кері байланыс» әдісі арқылы бағаланады.

2-тапсырма Жұптық жұмыс «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

Егер парабола төбесінің координаталары (-2; 6) болса, онда у=2х2 + bх + с функциясы үшін b, с коэффициенттерін табыңыз

Координаталары (3;20) нүктесі арқылы өтетін у=ах2+2 функциядағы а коэффициентін табыңыз.

«Сен маған, мен саған» әдісімен бағаланады.

3-тапсырма Жеке жұмыс Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Фирма джинсы шалбарларын сату кезінде 1 күнде түсетін кіріс  функциясымен берілген, мұнда Р-кіріс, х- бір джинсы шалбарының бағасы.



  1. Фирма 1 шалбарды 40$-дан сатса қанша кіріс кіреді;

  2. Шалбарды қандай бағада сатса күніне 1500$ кіріс кіреді;

  3. Қандай бағада сатса мүлдем ешқандай кіріс болмайды;

  4. Шалбарды қандай бағада сату ең тиімді?

Дескриптор: Білім алушы

  • аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады;

  • функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;

  • функцияның нөлдерін табады;

параболаның төбесін анықтайды.

Дескриптор арқылы өзін-өзі бағалайды



Оқулық 8сынып

«Атамұра»

Шыныбеков Ә.Н

№3,3


№3,4

106 бет


Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Сабақтың соңы

Реффлексия «Бутерброд» арқылы кері байланыс жасау

- Бүгінгі сабақ маған ұнады, себебі мен--------үйрендім.

-Маған ----------------------қиын болып көрінді

- Мен енді ---------------------- үйренгім келеді




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




1 «.Қарқын» тәсілі бойынша

-Абсциссасы 2-ге тең у=2х2+3х-7 функция графигінің нүктесінің ординатасын табыңыз



- у=х2+х–7 функция графигінің ординатасы 5-ке тең нүктенің оң таңбалы абсциссасын табыңыз

2. «Тапсырма тәсілі» бойынша

а/ білімі жоғары деңгейдегі оқушыларға тапсырма

у = х2 + 45 және у = х2 + 5х функциялары графиктерінің қиылысу нүктесінің


абсциссасын табыңдар

б/білімі төмен деңгейдегі оқушыларға тапсырма

Абсциссасы 1-ге тең у=2х2+3х–4 функция графигінің нүктенің ординатасын


табыңдар.

3. Диалог және қолдау

-Сізге қай жерде көмек керек?

-Қандай есепте қиындық туындады?

-Сұрақтарыңыз барма?

4. «Дереккөздер тәсілі» бойынша интернеттен http://www.math.ru


/lib/files/pdf/misc/S
ivashinsky.pdf сайтынан акпарат алу


«Досыңды бағала»

«Оқушылар арқылы бағалау»


Партада дұрыс отыру.

Мектеп құрал жабдықтарын /қаламсап, сызғыш/ абайлап пайдалану


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақмақсаттарынемесеоқумақсаттарышынайы, қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.











Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
республикасы білім
жалпы конкурс
Барлы конкурс
ызмет регламенті
дістемелік сыныстар
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
мерзімді жоспар
Республикасы кіметіні
Мектепке дейінгі
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
санды жиынты
дебиеті маманды
білім беруді
мектепке дейінгі
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
алауды тапсырмалары
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
Конкурс жариялайды
теориялы негіздері
ырыпты жоспар

Loading...