Сабақтың тақырыбы: Күй және симфония Сабақтың мақсаты

Loading...


Дата09.09.2017
өлшемі17.75 Kb.
түріСабақ
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

45 «Ақ Орда» мектепгимназиясының



музыка пәнінің мұғалімі

РҮСТЕМОВ ТОБАЖАН ҚОЗАЙДАРҰЛЫ
Сабақтың тақырыбы: Күй және симфония

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Күй дәстүрінің өміршеңдігі мен Қазақстандағы симфониялық өнердің дамуы жайлы әңгімелеу.

Дамытушылығы: Балаларға домбырада ән-күй орындаудағы шеберліктерін, әдіс-тәсілдерін шыңдау.

Тәрбиелілігі: Адами қасиеттерге, өнерге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: домбыра, сурет, бейне-үн таспалар, қосымша әдебиеттер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Ауыз әдебиеті, тарих, өнер, әдебиет

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ



Жаңа тақырыпты меңгерту

Күй дәстүрінің өміршеңдігі мен Қазақстандағы симфония өнерінің дамуы жайлы әңгімелеу.

Күй –бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары күрделі аспаптық жанр. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі. Күй құрлымдық жағына қарай екі түрге бөлінеді.



  1. Төкпе, 2. Шертпе

Симфония – грек тілінде (дыбыстар бірлестігі) деген мағынаны білдіреді. Симфонияның көптеген варианттары бар. Симфония бір бөлімнен немесе бірнеше бөлімнен тұрады. Бастауыш сыныптарда оқушылар аңыз күйлер, тарихи күйлер, тарихи күйлер және Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей сынды халық композиторларының күйлерімен толық танысып барынша мол мағұлмат алған болатын. Әрбір өткен күйлердің шығу тарихымен танысып, күйшілердің өмірбаяндық дерегімен сусындап келді. Жалпы дәстүрлі мәдениетімізде көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ, қырғыз түркемен және монғол халықтарында музыкалық аспапта жеке орындау үрдісі қалыптасып сақталғандығы белгілі.

Ал, ХХ ғасырда Қазақстан мәдениетінде батыс еуропаға тән ұжымдық орындау үрдісі пайда болады. Олар оркестр және хор өнері болып табылады. Алғаш рет халық аспаптар оркестрі құрылды. ХХ ғасырда қазақ халқы музыкасының дамыу Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің құрылуымен тығыз байланысты болады. Кеңес дәуіріндегі музыкалық мәдениетіміздің ең үлкен жетістігін осы оркестрдің жұмысы арқылы көре аламыз. Жеке орындауда жеткен күй дәстүрі оркестрдің орындауында жаңаша жаңғырып жаңа ғасырдың ең үлкен жаңалығы болады. Қазақтың күйлері оркестрдің орындауында ауқымы кеңейіп, тыңдарманның көңілінен шығып, халықтың ыстық ықыласына тез ақ бөлене кетеді.

Қазақстан симфониялық музыканың дамуы алғашқыда оңайға соқпайды. Ең әуелі симфониялық оркестр қазақ тыңдарманын батыс еуропа және орыс композиторларының шығармаларымен таныстырады. Қазақ тыңдармандарының ықыласына бөлену үшін Моцарт және Бетховен сынды еуропаның әйгілі композиторларының шығармаларын халық аспаптар оркестрінің орындауында ұсынады. Көптеген қазақ композиторлары да ұлттық нақышта симфония шығаруға талпыныс жасайды. Дегенмен көп шығармалар халықтың көңілінен шыға алмай, тіпті ұмтылып та кетеді. Сондай композиторлардың бірі Е. Брусиловский болатын. Е. Брусиловский 7 симфонияның авторы.

Сөйтіп, симфониялық шығармалар ХХ ғасырдың 70-80 жылдары ғана өзінің көркемдік құндылығына ие болады. Осы кезеңде симфониялық күй жанры пайда болды. Әсіресе, Е. Рахмадиевтің «Құдаша думан» және «Дайрабай» атты симфониялық туындылары кеңінен мәлім болады. Ал, симфония жанрының дамуында ең биік жетістікке ие болған Ғ. Жұбанованың «Жігер» атты шығармасын аса мақтанышпен атаймыз. Бұл симфония Дәулеткерейдің «Жігер» күйінің негізінде жазылып, әлемдік классикалық музыканың қатарында кеңінен тарап кетті.

Музыка тыңдау: симфониялық оркестрдің орындауында Е. Брусиловскийдің «Балбырауын» Скерцо және Е. Рахмадиевтің «Құдаша думан» симфониялық күйін тыңдау.

Сұрақтар:

- ертеде қазақтың дәстүрлі музыкасын қалай орындалады?

- жаңа заманда қазақ күйлерінде қандай жаңалықтар мен өзгерістер болды?

- Құрмағазының «Балбырауын» күйін симфонияға алғаш пайдаланған композиторды ата?

- ал балалар осы біз үйреніп жүрген күйлерімізден халық күйі «Келіншек» халық әні «Гүлдерайым» қайталап ойнасақ.



Тапсырма:

  1. Күй және симфония тақырыбын оқып келу.

  2. Домбырадан М. Әубакировтің «Нар кескен» шығармасының үйренген буынын жаттап келу.

Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен өзендер
2017 -> Сундетова Асемгуль Сапаровна Информатика мұғалімі Ақмола обл., Кокшетау қ. Кмм
2017 -> Ақпараттық қауіпсіздік Біліктілік: Ақпаратты сақтау бойынша т
2017 -> Компъютерлік желі және телекоммуникациялар Біліктілік: Техник
2017 -> Білім беру бағдарламасы мамандық: Жаңартылмалы энергетика, 0903000 Электр энергетикасы (сала бойынша) Біліктілік
2017 -> Сабақтың тақырыбы
2017 -> Сабақтың мақсаты: а Білімділік: Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
ауданы кіміні
конкурс туралы
Мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
жалпы білім
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
мелетке толма
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...