Сабақтың тақырыбы: Кәсіпорындардың өндірістік -шаруашылық қызметін талдаудың мақсаты мен міндеттері. Сабақтың мақсаты

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі121.45 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары№ 61
Пәні Сала экономикасы

Тобы ТК-18-9к

Күні 30 .03.2020 ж
Сабақтың тақырыбы: Кәсіпорындардың өндірістік –шаруашылық қызметін талдаудың мақсаты мен міндеттері.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кәсіпорындардың өндірістік –шаруашылық қызметін талдаудың мақсаты мен міндеттері бойынша студенттердің білімдерін бекіту, және жүйелеу. Студенттердің білім, білік, дағдыларын тексеру.

Тәрбиелік: студенттердің өздігінен шешім қабылдай отырып , жұмыс істеуге және тапсырманы ұқыпты орындауға, бір-біріне көмек беруге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Кәсіпорындардың өндірістік –шаруашылық қызметін талдаудың мақсаты мен міндеттері бойынша студенттердің терең ойлау қабілетін және алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында қолдана білу әрекетін және ой-өрісін дамыту, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі (аралас, жаңа білімді игеру)

Сабақтың түрі (теориялық, тәжірибелік, лабораториялық)

Пән аралық байланыс: Өндіріс жоспарын ұйымдастыру. Ұйым экономикасы. Менеджмент негіздері. Нарықтық экономика негіздері.

Көрнекі құралдар: Кіріспе-ақпараттық, түсіндірмелі- иллюстративтік әдіс

Таратпа материалдар: Көрнекілік альбомы

ТОҚ:

Әдебиеттер: Негізгі. Зайцев В. А. «Өндірістік кәсіпорын экономикасы», М., 2001 ж.

Қосымша. Скляренко В.К. «Кәсіпорың экономикасы», М., 2008 ж.


Сабақтың барысы мен мазмұны
1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу, кабинеттің тазалығын тексеру, студенттердің зейінін сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру: «Мозайка» әдісін қолдана отырып, студенттерді топтарға бөліп аламыз, сосын өткен тақырыптар бойынша топтар өзара сұрақ-жауап алысады.

Бухгалтерлік құжаттар.



3.Оқушылардың білімін бағалау:

4.Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау,баяндап жаздыру:

Кәсіпорындардың өндірістік –шаруашылық қызметін талдаудың мақсаты мен міндеттері.

  1. Өндірістік  кәсіпорын дегеніміз не?

  2. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық  әдістерінің негіздері  және оның тиімділігі.

Өндірістік  кәсіпорын – деп өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.

Кәсіпорынның  өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта өнім өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады. 

Кәсіпорынның  ұйымдастыру жұмыстары

құрал-жабдықтарға  деген меншік түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, саяси-экономикалық байланыс қызметін қамтиды. 

Кәсіпорынның  шаруашылық жұмыстары 

алдын ала анықталған өндірістік бағдарламаны орындау барысында  Қазақстан Республикасындағы бекітілген заңдарға сәйкес, өз бетінше жұмыс  істеуін және әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді.

          Кәсіпорынның қызметінің бағыты  алдына қойған   түпкі мақсатымен  анықталады.


  1. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық  әдістерінің негіздері  және оның тиімділігі

1. Нарықтық экономика кезінде ағындық өндіріс түпкілікті түрде ерекшеленуімен қатар ол жұмысшылардың жұмыс уақытын толық пайдалану құралы ретінде қолданылады. Өндірістің ағындық әдістері еңбек жағдайын жақсарту мен жеңілдетуге, әрбір жұмыс орнында жұмыскерлердің біліктілігін көтеруге, еңбек өнімділігін арттыруға, жалпы кәсіпорынның табысын молайтуға себебін тигізеді. 

Өндірістің  ағындық әдістерін  кең түрде қолдану  өнім өндіруді, оны  құрайтын түйіндері  мен бөліктерінің көлемін арттыруды  қамтамасыз етеді. Бұл  бұйымдарға стандартты элементтер мен унифицирленген түйіндерді максималды түрде қолдануға, өндірісті мамандандыруды тереңдетуге көмектеседі.

Өндірістік  үрдістерді жан-жақты  механикаландыру  және автоматтандыру, еңбек пен өндірісті  ғылыми ұйымдастыру  негізінде өндіріске  кешенді ағындық  әдістерді енгізу кез келген кәсіпорынның табысын арттыруға  ықпалын тигізеді.
5.Жаңа материалды бекіту: Жаңа тақырыпты бекіте келе студенттер мен жаңа тақырып жайында сұрақ қойып түсінбегенін түсіндір жаңа сабақты жете меңгеру.

6.Сабақты қорыту: Сабақты қорта келе студенттердің білімін тексеріп олармен өткен сабақтар жайында сұрап бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру: Н2 143-148 беттер Қ2 165-169 беттер Оқытушы___________________________________________

61 сабақ. Кәсіпорындардың өндірістік –шаруашылық қызметін талдаудың мақсаты мен міндеттері.



1.Өндірістік  кәсіпорын дегеніміз не?

2.Өндірісті ұйымдастырудың ағындық  әдістерінің негіздері  және оның тиімділігі.
Өндірістік  кәсіпорын – деп өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.

Кәсіпорынның  өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта өнім өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады. 

Кәсіпорынның  ұйымдастыру жұмыстары

құрал-жабдықтарға  деген меншік түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, саяси-экономикалық байланыс қызметін қамтиды. 

Кәсіпорынның  шаруашылық жұмыстары 

алдын ала анықталған өндірістік бағдарламаны орындау барысында  Қазақстан Республикасындағы бекітілген заңдарға сәйкес, өз бетінше жұмыс  істеуін және әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді.

          Кәсіпорынның қызметінің бағыты  алдына қойған   түпкі мақсатымен  анықталады. Кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнеше таңдаулары болуы мүмкін:


  • өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу;

  • жоғары сапалы өнім өндіру;

  • технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену;

  • қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын      ұтымды пайдалану;

  • жұмысбастылықты барынша жоғары деңгейге жеткізу.

  • Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар  міндеттерді шешуге тырысады: 

  • қандай  тауар немесе тауарлар номенклатурасын  өндіру және сату керек;

  • бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек;

  • өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек;

  • қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек;

  • қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады;

  • өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.

    Осы мәселелерді шешуге бағытталған  кәсіпорынның қызметі оның жалпы  іскерлік саясатын анықтайды.

    Жұмыс барысында іскерлік саясат іс-әрекеттердің нақты жоспарына  айналады, ол әдетте үш кезеңнен тұрады:



    1. кәсіпорын қол жеткісі келетін сандық көрсеткіштерді анықтау;

    2. алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды бағыттар мен іс-әрекеттерді анықтау.

Бұл жағдайда екі негізгі факторға назар аударылады:  кәсіпорын қызметіне әсер етуші сыртқы факторлардың дәрежесін анықтау;                                                         

    1. кәсіпорынның әлсіз жақтары мен оның ішкі мүмкіндіктерін талдау;

    2. кәсіпорын қызметінің құрылымына сәйкес икемді ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін жасау және стратегиясын анықтау.

Бәсекелестік-нарықтық  жүйедегі бақылаудың басты әдісі. Сұраныс пен ұсыныстың нарықтық механизм ретінде тұтынушылар қалауын өндіруші-кәсіпорындарға, ал ол арқылы ресурстармен жабдықтаушыларға жеткізеді. 

    Бәсекелестік  кәсіпорындарды ғылыми-техникалық жетістіктермен толығуына, инновациялық техника  және технология, өндіріс  пен еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін қолдануға  итермелейді. 

    Бәсекелестік  өндірістің кеңеюіне және бағаның өндіріс  шығындарына сәйкес деңгейге дейін төмендеуіне  себеп болады

    Бәсекелестікке  кері ұғым – монополия. Монополия жағдайында нарықта тек бір сатушы және көптеген тұтынушылар қалыптасып, берілген тауардың тек жалғыз өндірушісі болуынан тауарға монополды жоғары баға тағайындау мүмкіндігіне ие болады. Соның нәтижесінде тауарларды сатып алатындар саны салыстырмалы түрде азаяды да, мұндай тауар үшін көбірек төлеу қажеттілігі туады.

    Маркетинг («market» ағылшын сөзі – «нарық») – деп нарық пен экономикалық конъюнктураны, өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін тұтынушылардың талабын ескере отырып, кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізу және ғылыми-техникалық жұмысын басқарудың нарықтық тұжырымдамасын айтады. 

    Өндірістік  кәсіпорынның маркетингтік қызметінің негізгі мақсаты болып өнімге сұранысты қалыптастыру және оның ынталандыру, кәсіпорынның жұмыс жоспары мен басқару жұмыстарында ұтымды шешімдер қабылдай білу және өнімнің нарықта алатын үлес салмағын арттыру, сату көлемін арттыру арқылы табысты молайту болып саналады.

    Кәсіпорынның  маркетингтік қызметінің негізгі функцияларына:             

      -нарықты кешенді  зерттеу (талдау, болжау, конъюнктура);

    -кәсіпорынның  өндірістік-өнім  өткізу мүмкіндіктерін  талдау;

    -маркетинг  стратегияcы мен бағдарламасын жасау;

    -тауар  саясатын жүргізу;

    баға  саясатын қалыптастыру және жүргізу;

    -коммуникациялық  саясатты жүргізу. 

    Нарықты кешенді зерттеудің мазмұны мен бағыттылығы  келесіде:

    А) тарауға нарықтың қоятын талабын зерттеу, яғни тұтынушылар  талабына сәйкес өнімнің  тұтынушылық қасиеттерін  арттыру, өнімнің  бәсекеге қабілеттілігін көтеру шараларын  жүргізу және оларды дайындау;

    Б) нарықты кешенді  зерттеу – экономикалық конъюнктураны тыңғылықты зерттеу.  




  1. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық  әдістерінің негіздері  және оның тиімділігі

1. Нарықтық экономика кезінде ағындық өндіріс түпкілікті түрде ерекшеленуімен қатар ол жұмысшылардың жұмыс уақытын толық пайдалану құралы ретінде қолданылады. Өндірістің ағындық әдістері еңбек жағдайын жақсарту мен жеңілдетуге, әрбір жұмыс орнында жұмыскерлердің біліктілігін көтеруге, еңбек өнімділігін арттыруға, жалпы кәсіпорынның табысын молайтуға себебін тигізеді. 

Өндірістің  ағындық әдістерін  кең түрде қолдану  өнім өндіруді, оны  құрайтын түйіндері  мен бөліктерінің көлемін арттыруды  қамтамасыз етеді. Бұл  бұйымдарға стандартты элементтер мен унифицирленген түйіндерді максималды түрде қолдануға, өндірісті мамандандыруды тереңдетуге көмектеседі.

Өндірістік  үрдістерді жан-жақты  механикаландыру  және автоматтандыру, еңбек пен өндірісті  ғылыми ұйымдастыру  негізінде өндіріске  кешенді ағындық  әдістерді енгізу кез келген кәсіпорынның табысын арттыруға  ықпалын тигізеді.

Ағындық өндірісте көп  жағдайда өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастырудың негізгі  қағидаларын  жүзеге асыру негізгі  мақсат болып табылады. Мұнда әрбір мамандырылған  жұмыс орнында  белгілі бір операцияны орындау технологиялық  үрдістің тәртібіне  сәйкес бекітіледі, еңбек барлық орындарында  қосарлы (параллельді) түрде орындалады. 

2. Ағындық өндірістің негізін ағындық сызық құрайды. Онда өнімді (бұйымды) өңдеу немесе құрастыру бойынша өндірістік үрдіс жүзеге асады.Ағындық сызық бірнеше белгі бойынша топталады.  

   Өңделетін немесе құрастырылатын бұйымның санына қарай ағындық сызықтар

      бір заттық ағындық сызықтар

      көп заттық ағындық сызықтар

Ұзақ уақыт бір типті-размерлі бұйымды өңдеу немесе құрастыру жүктеледі және ол жаппай өндіріске тән болады. 

  Бір заттық ағындық  сызықтарға  

Көп затты да – екі немесе одан да көп орындалады.Мұндай ағындық сызықтар (желілер) бұйымның бір түрі бойынша жұмыс орындарын толық жүктеу жеткіліксіз болған жағдайда қолданылады (сериялық өндірістің шарттарына сәйкес келеді).

   Көп затты ағындық  сызықтар (желілер)

      Топтық ағындық сызықтар

      айнымалы-ағындық  сызықтар

Ағындық топтарда бірдей құрал-жабдықтарда жалпы технологиялық маршруты бар әр түрлі еңбек заттары өңделеді.

Айнымалы-ағындық сызықтар ұқсас технологиялық маршруттары бар еңбек заттарын өңдеу үшін ұйымдастырылады.  

Өндірістік  үрдістің үздіксіз жүруіне байланысты бірзатты және көпзатты сызықтар үздіксіз-ағындық және үздікті ағындық сызықтар болып бөлінеді.

Үздіксіз-ағындық  сызықтарда барлық операциялар синхрондалды (үйлестіріледі), яғни орындалу уақыты бір-біріне тең немесе еселі (қалдықсыз бөліну арқылы) бөлінеді.  

 Мұндай  сызықтардың экономикалық тиімділігі  әр түрлі болып келетін еңбек  заттарының әрқайсысын өңдеуге  ағындарды қайта өңдеуге қажетті  уақытқа тығыз байланысты болады

Үздікті-ағындық  сызықтарада технолигялық үрдістердің операциялары толық синхрондалмаған (үйлестірілмеген), яғни барлық операцияларда бірдей еңбек өнімділігі қалыптасады, демек еңбек заттары бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу кезінде келесі өңдеу жұмыстарын күтіп жатып қалуы мүмкін.

Ағындық өндірісті  ұйымдастырудың ең жетілдірілген түріне үздіксіз-ағындық өндіріс жатады.

Ағындық сызықтық жұмыс істеу тәртібі – ағындық тактісі, яғни екі бұйымды құрастыру немесе екі бөлікті дайындау арасындағы уақытты айтады. 

   Тактіні қолдау әдісіне байланысты ағындық сызықтар

      еркін ағындық сызықтар

      регламенттелген (уақыт тәртібін ұстау)

Еркін тактілі ағындарда  тактіні ағындық сызықтағы жұмысшылардың өздері қадағалап отырады.

Регламенттелген тактілі ағындық  сызықтарда ағын тактісі конвейерлердің көмегімен, дыбыстық және тағы басқа реттегіш құралдардың көмегімен жұмыс тәртібі ағын тактісімен үйлестіріліп отырады. 

Ағындық өндірістің негізгі ерекшелігіне технологиялық  операцияны автоматтандырудың жоғары деңгейіне ғана емес, сонымен қатар  операцияаралық көлікке де байланысты болады. Бұл жерде қолданылатын тасымалдау құралдары тек қана бір жұмыс  орнынан екінші орнына еңбек заттарын тасмыалдап қана қоймай, ағындық сызықтың қабылданаған жұмыс тактісін қолдау функциясын орындайды.

Олар  келесілер:

-ағыныдқ  сызықты ұйымдастыру  түрлері;

-еңбек  заттарының конструкциялық  үрдістерінің өзгешеліктері  және т.б. 

       Тасымалдау құралдарының  түрін таңдау үшін  бір қатар факторалрды  ескеріп, экономикалық  есептеулер жүргізілуі  қажет.  

   Ағындық өндірісте қолданылатын барлық тасымалдау құралдары 

      Білікті (проводные) тасымалдау құралдары

      Біліксіз  тасымалдау құралдары




Ұй тапсырмасы.
1.Шаруашылық қызметті талдау түсінігі, мазмұны, рөлі және мақсаттары

2.ШҚТ түрлері және олардың жіктелімі

3. ШҚТ нысаны
Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Зайцев В. А. «Өндірістік кәсіпорын экономикасы», М., 2001 ж.

2.Савицкая Г. В. «Кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін талдау Минск, 2000 ж.

3.Грузинов В.П. «Кәсіпорын экономикасы», М., 2004 ж.



4.Семенова В.М. «Кәсіпорын экономикасы», М., 2007 ж.

5.Скляренко В.К. «Кәсіпорың экономикасы», М., 2008 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...