Сабақтың тақырыбы Кері пропорционалды тәуелділік. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата22.09.2021
өлшемі29.31 Kb.
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар




Бөлім:

Қатынастар және пропорциялар.




Педагогтің аты-жөні

Н.Б.Жаманов




Күні:

21.09.2021




Сынып: 6б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

Кері пропорционалды тәуелділік.





Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.2.3 пропорция анықтамасын білу;

6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару






Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

- қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну;

- тура және кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын білу;

- тура және кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алу.







Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Үй тапсырмасын тексеру

Ой-түрткі: (Өткен сабақтар бойынша сұрақтар)

С-1: Пропорция дегеніміз не?

С-2: Пропорцияның негізгі қасиетін тұжырмаңыздар.

С-3: Пропорцияның белгізіс ортаңғы мүшесін қалай табамыз?

С-4: Пропорцияның белгізіс ортаңғы мүшесін қалай табамыз?

С-5: Тура пропорционал шамалар дегеніміз не? Қатынастың негізгі қасиеті?


Орнынан тұрады


Сұрақтарға жауап береді.






Презентация


Жаңа сабақ

15 мин

Есеп: Тапсырманы 4 жұмысшы 120 сағатта орындайды. Осы тапсырманы 8, 12, 16 жұмысшы неше сағатта орындайды?

Шешуі: 1) Егер тапсырманы 1 жұмысшы орындаса, ол неше сағатта орындайды? 120*4=480 (сағ).

2) Тапсырманы 8 жұмысшы орындаса, неше сағатта орындайды? 480:8=60 (сағ).

3) Тапсырманы 12 жұмысшы орындаса, неше сағатта орындайды? 480:12=40 (сағ).

4) Тапсырманы 16 жұмысшы орындаса, неше сағатта орындайды? 480:16=30 (сағ).

Шамаларды өзгерістерін кестеге жазайық:

Жұмысшылар саны

4

8

12

16

Жұмыстың орындалу уақыты (сағ)

120

60

40

30

Кесте бойынша:

Демек, жұмыс мөлшері тұрақты болғанда берілген тапсырманы орындайтын жұмысшылар саны неше есе артса, тапсырманың орындалу уақыты сонша есе кемиді.

16-------60 кері жазылады

8--------30

Кері пропорционал тәуелділік әріптермен мына түрде жазылады:



Егер бірінші шама бірнеше есе артқанда (кемігенде) екінші шама сонша есе кемитін (артатын) болса, онда екі шама арасындағы тәуелділік кері пропорционал тәуелділік деп аталады.



Кері пропорционал шамалардың сәйкес мәндерінің көбейтіндісі – тұрақты сан.

Кері пропорционал тәуелділіктер шамалар мысалдары:



  • Тік төртбұрыштың ауданы тұрақты болғанда оның ұзындығы мен ені;

  • Құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;

  • Арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт;

  • Тұрақты жұмыс көлемі үшін жұмыс көлемі үшін жұмыстың өнімділігі мен оның орындалу уақыты.










Жалпы сыныппен жұмыс.

25 мин


А деңгейі

№125


Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 6 см. Осы тік төртбұрыштың ауданы өзгермегенде:

1) ұзындығы 16 см болса, ені неше сантиметр болады?

2) ені 4 см болса, ұзындығы неше сантиметр болады?

№126


Жылдамдығы 50км/сағ жүк пойызы екі қала арасын 6 сағат жүрді. Осы аралықты жолаушылар пойызы 75 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүреді?

№127


Станокта 108 бөлшек даярласа,тапсырма 5 сағатта орындалады. Осы станокта сағатына 60 бөлшек даярласа, тапсырма неше сағатта орындалады?

В деңгейі

№135

Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді?



№136

Тапсырманы 30 жұмысшы 6 күнде орындауы керек. Тапсырманы межелеген күннен бұрын орындау үшін жұмысшылар саны 20%-ке арттырылды. Тапсырма неше күн бұрын орындалды?



Ұ Е

1)8------x

16------6

.5

2) 8------4

x-----6

6 сағ -----75 км/сағ

Х сағ ----- 50 км/сағ


5 сағ -----60 бөлшек

Х сағ ----108 бөлшек




75+40=115

75 сиыр-----х күн

115 сиыр----184 күн



30*1,2=36

30 жұмысшы-----x күн

36 жұмысшы-----6 күн










Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

Алматы: Атамұра,2018.

45-46 бет.

презентация



Жеке жұмыс

40 мин


№128 №129 №130 №133 №139







презентация

Сабақтың соңы

5 мин


Үйге тапсырма: П1.6. №131, №134.

Сабақты қорытындылау:

  1. Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?

  2. Неліктен?

  3. Жұмыста нені ескермедіңіздер?

  4. Неліктен?

  5. Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1. Нені үйрендім?

2. Нені білгім келеді?

3. Нені түсінбедім?













Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік