Сабақтың тақырыбы: К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс


-топ: Кенесары хандығы, құрылымы, саясаты туралы мәтінді талдау



бет4/6
Дата20.01.2023
өлшемі1.04 Mb.
#417607
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қмж (дұрысы)

2-топ: Кенесары хандығы, құрылымы, саясаты туралы мәтінді талдау
Кенесары хан құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Салықтар жинау тәртіпке келтірілді: малшылар үшін — зекет егіншілер үшін —ұшыр салығы қолданылды. Патша әскерлерімен соғысудың жалғасуы материалдық және басқа шығын — қаражаттарды талап етті, мұның өзі, әрине, салық ауыртпалығының арта түсуіне әкеп соқты.
Кенесары мемлекеті қазақтардың егіншілікпен айналысуын қалады. Кенесарының сауда-саттық саясаты едәуір өзгерістерге ұшырады. Көпес керуендерінен алынатын баж салығы едәуір кіріс келтіретінін көріп, хан керуендерді тонаушылығын доғарды, кейде керуен басыларын жеке өзі қабылдап, товар алып келгені үшін баж салығын төлеуден жалтарушыларға қосымша салық салды.
Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді, Хандық кеңес мәселені кеңесіп шешетін жоғары органдар ретінде ханға берілген батырлардан, билерден, сұлтандардан, ханның туысқандарынан құрылды. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарының өз қолында қалды. Мемлекеттің басында бола отырып, Кенесары басқару ісіне шығу тектеріне қарамастан жеке басының әдеттен тыс сапасымен көрінген адамдарды тарта білгендерді сыйлық беріп көтермеледі.

  1. Кенесары бірорталықтанған мемлекет құрудағы басты мақсаты?

  2. Хандықтағы жиналған салықтан түскен қаржы неге жұмсалып отырды?

  3. Кенесары хандық кеңеске неліктен толық билік бермеді?

3-топ: Қозғалыс барысындағы маңызды шайқастар туралы мәліметтерді талдап, контур картадан көрсету
Кенесары соғыс қимылдарын 1838 ж. көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай ауданына қарай ойысты. Кенесары өзінің бұл қадамын Орынборға жақынырақ келіп қоныстап, келіссөздер жүргізуімді жеңілдету үшін жасадым деп түсіндіреді.
1844 ж. шілденің 20-нан 21-не қараған түні сұлтан Жантөрінің жасағын тас-талқан етіп жеңді. Осы жеңістерімен жігерленген Кенесарының негізгі күштері 1844 ж.14 тамызда Екатеринск станицасына шабуылдап, оның шетін, форштадты өртеп жіберді, 40-адамын тұтқындап алып кетті.
Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. "Алмалы сай" шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады. Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған қаһармандық шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары хан патша чиновниктерінің алдауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз манаптарының тарапынан өлтірілді.

  1. Ақтау бекінісін алғаннан кейін көтерілісшілер неліктен Торғай ойына қарай ығысты? Картаға белгілеу

  2. 1844ж көтерілісшілер жеңісінен кейін патша қандай шараларға көшті? Картаға белгілеу

  3. Қырғыз манаптарының бауырлас қазақ көтерілісшілеріне неліктен жаугершілік көзқараста болды? Картаға белгілеу

.


Дескриптор:

  1. Берілген хаттар мәтінін талдап, сұраққа жауап бере алады

  2. Кенесары хандығы, құрылымын, саясатын талдап айта алады

  3. Қозғалыс барысындағы маңызды шайқастарды талдап, картадан көрсете алады

Басым көпшілік оқушыларға бағыттаушы тірек сөздер –дипломатиялық келісім, қозғалысты ұйымдасқан, кіші жүз қазақтарын
Кейбір оқушыларға нақты тірек сөздер – қазақ ханы ретінде мойындауын, келісімге келмеу үшін, Орта Азиядан қару алынды, елшілер Герн мен Долгов жібереді
Қ.Б: әр оқушы смайлик арқылы өз деңгейін көрсетеді


Түрлі-түсті маркерлер
Флипчарт
Стикерлер

Топқа бағалау баспалдығы суреті беріледі


Мәтін жазылған қағаздар


А4
Контур карта
Суреттер

Қазақстан тарихы. 8 сынып. Алматы, Атамұра. 2018 ж


Т.Омарбеков
109-118 бб


www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads

e-history.kz/kz/contents/view/272



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы