Сабақтың тақырыбы: Жеті атаны білу парыз



Дата23.11.2022
өлшемі15.34 Kb.
#362779
түріСабақ
Байланысты:
жеті ата сын тыс
Жоспар ашық сабақ, Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жеті атаны білу – парыз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ұмыт бола бастаған салт – дәстүрі, әдет ғұрпы, арғы бергі тарихы, көне мәдениеті, ескі сөздері, ырымдары мен тыйымдары, жорамалдары, жеті ата жолы туралы түсінік беріп, ұғымдарын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, брошюралар, кітаптар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
1."Ой шақыру" Балалар , « Жеті» дегенде сендерге қандай ой келеді?
Мұғалім: – Бабалықтан тараған ұрпақ жеті атаға толды. Қазақтың жеті атаны қолдауы – өте жақсы заң. Мұны қазіргі Неке заңына кіргізу керек. Мұндай жазылмаған заң әлемде жоқ. Оңтүстік Кореяның ғалымдары дүниежүзіндегі халықтардың қанының құрамын тексеріпті. Сонда ең таза қазақтың қаны деп тауыпты. Жеті атаны ұстанады екен деген. Осында қазақтың қырық үш руының қанын тексергенде, әлгі қырық үш рудың қаны бір әкенің қанындай болып шыққан. Бұл – жеті атаның қасиеті. Жеті атаны ұстайтын қазақтан өзге ел жоқ. Ұйғыр халқы немересін алады. Өзбек немересін алады. Татар мен түрікмен де немересін алады. Немере дегеніміз – туыс. Немерені алған соң адамның қаны бұзылады да, түрлі аурулар көбейеді. Нәсіл өзгереді.

2. Ал , енді , Қадыр ағамыздың « Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік.


« Жеті» .
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қабат көк жер үсті
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы- заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз- жеті жұрт,
Ағайынды жеті құт.
Өлеңнің түсінігін айту;
Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оны мына өлең сөздерінен де көруге болады. Жеті жасқа келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан жеті қарақшы бар.
Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?

Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17- ғасырда Тәуке ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурызкөжеге де жеті тағам салып пісіреді.


3. Сұрақ-жауап, пікірлесу:


- «Жеті ата», « Жеті ұрпақ» туралы не білесіңдер?


- « Жеті атаңды» білесің бе?
« Жеті ата» — бір кісіден тараған аталас қауым. Бала жеті атасын білу керек.
- Қазақ отбасында балаға нені айтып отырады?
- .Бұл баланы неге үйретеді?
- Әр адамның өзінің жеті атасын білуі қандай қасиеттерін танытады?
- Ата –ананың басты борышы қандай?
- Жеті атаны білу арқылы ата-бабамыз қандай мақсат көздеген?

4. «Жеті ата» әнін орындау («Менің Қазақстаным» әуенімен айтылады)


Жеті ата бастауы


Әке мен баласы
Немере, шөбере,
Шөпшекпен жалғайды.
Немене бар деген
Туажат болды ғой
Осымен бірлескен
Ұрпағым мықты ғой
Қайырмасы:
Менің тегім
Менің ұрпағым
Сен үшін мен егілемін
Жырың болып төгілемін, тегім
Жеті атам менің
Қасиетім.

Сабақты қорытындылау.



Құмжарған жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы: Өмір ағашы. Менің шежіремнің тарихы.
7-СЫНЫП (танымдық сабақ)

Жауапты: Т.М.Утеулина



2022-2023 оқу жылы
Анықтама
17.11.2022 ж., 7-сыныпта "Өмір ағашы. Менің шежіремнің тарихы" тақырыбында танымдық сабақ өтті. Мақсаты: оқушыларға халқымыздың ұмыт бола бастаған салт – дәстүрі, әдет ғұрпы, арғы бергі тарихы, көне мәдениеті, ескі сөздері, ырымдары мен тыйымдары, жорамалдары, жеті ата жолы туралы түсінік беріп, ұғымдарын қалыптастыру. Сабақ барысында оқушыларға еш жерде жазылмаған, ешбір заңда бекітілмеген ата-бабамыздың дәстүрлі дала заңдылықтарының маңыздылығымен, заңдылықтарымен таныстырылды. Жеті ата заңдылығы туралы оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды. Әр оқушы өздерінің жеті атасын тарқатты. Оқушылардан алған мағлұматтары туралы кері байланыс алынып, осы дәстүрді берік сақталуы ескертілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені