Сабақтың тақырыбы: Жер тобының планеталары
Сабақ/ оқу мақсаттары: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жер тобының планеталарымен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Сабаққа қажетті: Көрнектілігі: Сызба,плакат
Сабақ беру әдісі: Кесте толтыру
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: Математика
Сабақ/оқу барысы
Реттік №
Сабақ/оқу кезеңі
Мазмұны
1
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Журналға белгі соғу.
Назарларын сабаққа аудару.
2
Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)
Жұлдыздың планеталық жүйесі неден пайда болады?
Астероидтар мен кометаларды зерттеу Күн жүйесінің эвалюциясын дұрыс түсінуге көмектесе алады ма?
Жердің жасын қандай әдістермен анықтауға болады?
Плутон орбитасының сыртында оныншыпланетаның пайда болуы мүмкін бе?
3
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
Жер тобының планеталары
Құрылысы. Космос аппараттарының бортынан алынған көптеген фотосуреттер (суреттер) жер шарының негізгі үш қабықшасын көруге мүмкіндік береді: атмосфера және оның бұлттары, гидросфера және өзінің табиғи қабаттарымен бірге алынған литосфера. Осы қабықшалар сәйкес келетін заттың үш агрегаттық күйі - газ, сұйық жэне қатты күйлер бізге - Жер тұрғындарына үйреншікті болып кеткен.
·Шолпан және Марс Жер тобындағы планеталар - Меркурий, Шолпан, Жер және Марстың алып планеталардан айырмашылығы - олардың өлшемі кіші, массасы азырақ, тығыздығы үлкенірек, осінен айналысы баяулау, атмосферасы едәуір сиректеу, серіктері аз не мүлде жоқ.
Қазіргі кезде осы топқа жататын планеталарды (және Айды да) зерттеу жан-жақты жүргізіледі, оған тек астрономдар ғана емес, басқа саланың мамандары да: геологтар, геофизиктер, топографтар, радиоинженерлер және т. б. назар аударуда, олар планеталарды зерттеуде жер жардайында жақсы сыннан өткен және планеталардын бетінің құрылысы мен атмосферасы жайлы сенімді мәліметтер бере алатын методтарды қолданады.