Сабақтың тақырыбы Жарықтың кванттық теориясы негізінде жарық қысымының табиғатын түсіндіру



Дата20.01.2023
өлшемі29.4 Kb.
#417574
түріСабақ
Байланысты:
2 курс 19.02.2022
vozrastnaya psihologiya 1, vozrastnaya psihologiya 1, vozrastnaya psihologiya 1, proekt obrazov kredit, 2 курс сабақ жоспар 07.02.2022, 2 курс 10.02.202222, 1 курс 08.02.2022, 1 курс 14.02.2022

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.Аралбаева
Бекітемін:

Күні: 19.02.2022
Тобы: А-20/9
Курс: II

Пән мұғалімі: Ибрагимов Қ.Б
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жарықтың кванттық теориясы негізінде жарық қысымының табиғатын түсіндіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жарықтың кванттық теориясы негізінде жарық қысымының табиғатын түсіндіру



Сабақтың мақсаты

  • Жарықтың қысымы. Жарықтың кванттық табиғатын растайтын тәжірибелер жайлы мағлұмат беру

  • Жарықтың қысымы.Жарықтың кванттық табиғатын растайтын тәжірибелерінің формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету




Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Студент іс-әрекеті

Ресурстар
Бағалау

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Оқушыларды түгелдеу
Жағымды ахуал туғызу әрі үй тапсырмасын тексеру
"Миға шабуыл"
Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Фотоэффект деп қандай құбылысты айтамыз?

  2. Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуін жазыңдар?

  3. Фотон дегеніміз не?

  4. Фотонның энергиясын және массасын өрнектейтін формулаларын жазыңдар.

Сөздер жазылған қима қағаздар






Жаңа сабақты түсіндіру



Жарықтың қысымы

Толқындық теория

Кванттық теория

Максвеллдің электромагниттік теориясы бойынша дене бетіне түскен жарық толқындары оған қысым түсіреді. Қозғалыстағы зарядқа магнит өрісі тарапынан Лоренц күшінің бағытын сол қол ережесімен анықтайды.

Фотондар жұтылғанда, олардың денеге беретін импульстерінің нәтижесінде қысым көрініс береді

Жарықтың қысымын алағш рет өлшеген П.Н. Лебедев.


Лебедев тәжірибесі:
Жарықтың кванттық қасиеттері
Стефан-Больцман және Вин заңдары
Абсалют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілеті оның температурасы жоғарылаған сайын күшейе түседі. Яғни, температура жоғарылағанда дененің жарқырауы да күшейіп, одан шығатын сәуленің түсі де өзгереді. Олай болса, белгілі бір температурада абсалют қара дененің әр түрлі толқын ұзындығына сәйкес салыстырма сәуле шығарғыштық қабілетін эксперименттік қисықтарынан байқауға болады.

Жылулық сәулелену заңдарын қызған және сәуле шығарғыш денелердің температураларын өлшеу үшін қолданылады.Олай болса,қызған денелердңің өте жоғары температура ларын өлшеу әдісі оптикалық пирометрия деп аталады.


Егер сәуле шығарушы дене абсолют қара болмаса,онда формуласы бойынша табылған температура дененің шын температурасы болмай,оны дененің түс температурасы Тm деп атайды.
Қызған денелер температурасын оның жарықтылығын абсолют қара дене жарықтылығымен салыстыра отырып табуға болады.Ол үшін абсолют қара денені пайдаланып,пирометрді градуирлейді де,кез келген температураларды өлшейді.Егер зерттеліп отырған дене абсолют қара дене болса,онда пирометр оның шын температурасын көрсетеді(T).Ал дене абсолют қара болмаса,онда өлшенген температура оның шын температурасы болмай,оның жарықтылық температурасы –Tж болады.Ол үшін қылы көрінбей кететін пирометрдің түрі қолданылады.
Сыртқы фотоэффект құбылысы және оның заңдары
Электромагниттік толқындарды тапқан неміс ғалымы Генрих Герц 1887 жылы электр ұшқындары пайда болатын вибратор саңылауына ультракүлгін сәулелерімен жарық түсіргенде,электр ұшқындары көбейіп,электр разрядының күшейетіндігін бірінші рет байқаған.Онан кейін ғалымдар осы құбылысты зерттей отырып,мысалы теріс зарядталған таза мырыш плпстинаға ультракүлгін сәулелері түсірілгенде,оның теріс заряды бірте-бірте кеміп,керісінше оң зарядталатындығын анықтады.
Фотонның массасы мен импульсі.
Жарық шығару немесе жұтылу кезіндегі энергия һV-u тең бөлшектер ағыны болып есептеледі делік.Олай болса,сәуле шығару немесе жұтылу кезінде байқалатын жарықтың қасиеттері корпускалық бөлшек деп аталады.Жарық бөлшегінің өзі фотон немесе жарық квантты болып есептеледі.Фотнның энергиясы болғандықтан,оның массасы мына түрде анықталады




Жұптық жұмыс (Венн диаграммасы)
Жарықтың қысымы




Деңгейлік есептер шығару (Оқулықпен жұмыс)
№26.1 Энергиясы Е=5эВ болатын фотон беттен айналық шағылған кезде бет қандай импульс алады.
№26.4 Шағылу коэффициенті 0,7, ауданы 10см2 перпендикуляр бетке әр секунд сайын 10 18 түседі.толқын ұзындығы 500 нм. Жарықтың қысымын анықтаңдар.


Оқулық, есептердің шарты түсірілген флипчарт,


Оқулықта
ғы берілген практика
лық тапсырма

Сабақтың соңы



Рефлексияны «Пирамида» тәсілімен ұсыну
Жоғарғы сатысына салған бір әрекеті шығармашылық жұмыс ретінде үйге беріледі.
-«Пирамиданың» жоғарғы сатысына келесі кезеңде жасайтын бір әрекетін немесе сұрағын,ортаңғы сатысына бүгінгі сабақта өзін таңғалдырған екі сөзді, соңғы сатысына тақырып бойынша маңызды үш кілт сөздерді жазады.

Кесте



Үй тапсырмасы

§6.8 Жарықтың қысымы
П.Н.Лебедов туралы мәлімет жинақтау

күнделік


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет