Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты



Дата10.09.2017
өлшемі478.5 Kb.
#20101
түріСабақ
Турганбаева Баян Бегниязовна,

7 жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.



Маңғыстау облысы , Мұнайлы ауданы


Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға ақпараттық білім көзі арқылы Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» өлеңдерінің мәнін ашып түсіндіру

2. Дамытушылық: Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Әдеби тероиялық білімдерін шыңдау.Өз ойларын, пікірлерін еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Адами қасиетті оқушы бойына дарыту

3. Тәрбиелік: Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерін оқыта отырып өз ана тілін бағалай білуге, қазақтың қара домбырасының қасиетін ұғындыра отырып тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Әдіс-тәсілдері: интерактивті тақтамен жұмыс, түсіндіру, салыстыру, дәлелдеу, сұрақ-жауап әдісі, ойландыру әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Ілияс Жансүгіровтің портреті, электрондық оқулық, интерактивті тақта, домбыра, жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған әдебиет оқулығы

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу; ә) Кезекшілермен жұмыс;

б) Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру1) Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы жайында сұрақтар қою2) «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің мазмұнын сұрау

3. Жаңа сабақ: Балалар, Ілияс Жансүгіров жайында не білесіңдер?( Оқушылардың ойын тыңдау )Өте жақсы. Олай болса тақтаға назар аударайық


I Электрондық оқулық арқылы «Ақын – жазушылардың өмірі мен шығармашылығы» модулінен Ілияс Жансүгіровтің өмірімен таныстыру. (Оқу, талдау, негізгі түйінін бөліп алу. Оқушылардан түсінгендерін сұрау )

Оқушыларға қосымша мәлімет беру

Жылдар

Болған оқиғалар

Шығармалары

1894 ж.

14 мамыр


Бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( Қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында) туған




1909 ж.

Петербургте шыққан Абайдың жинағы қолына түседі.




1928 ж.




«Сағанақ» тұңғыш кітабы жарық көреді

1929 ж.




«Күй» поэмасы

1930 ж.




«Дала» поэмасы

1934 ж.




«Күйші» поэмасы

1936 ж.




«Құлагер» поэмасы

1938 ж.

Қайтыс болды




ақын


домбырашы журналист

драматург жазушы әнші

II «Анам тілі» өлеңі

- Балалар,өлеңмен таныспас бұрын «Анам тілі» не жайында деп ойлайсыңдар?



Электрондық оқулықта берілген «Анам тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Өлеңнен түсініксіз сөздерді оқушыларға тергізіп алу. Мағынасын ашу

Бағасы алтын анам тілі – қымбат

Бағаланған балаң түрі - есейген

Маңымды танығанмын – білдім

Тәттілік – қадірлілік

Апкәусар – жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада

- «Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?» сұрағының төңірегінде ой қозғау.

III Оқушыларға домбырада ойналған күйдің адамдарға қандай әсер қалдыратынын анықтатамын. Өте жақсы балалар, олай болса тақтаға назар аударсақ.

Электрондық оқулықта берілген «Домбыра» өлеңін ашып қоямын.

Домбыра жайында қысқаша айта кету. ( Оқушылар пікірін де біле кету абзал)



Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Негізінен, екі ішекті немесе кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау» т.б.Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Домбыра тұтас ағаштан ойып жасалады.

«Домбыра» өлеңін оқып, мазмұнын ұғындыру.Сабақты әңгіме әдісімен әрі қарай жалғастыру.Домбыра үні; 2.Әуез; 3.Қарқын; 4.Күй суреті.Осы жоспар бойынша талдау

IV Интерактивті тақтаға назар аударту.



Электрондық оқулық бойынша «Әдеби теориялық ұғымдар» модулінен градация туралы мәлімет беремін Градация, дамыту- алдыңғы сөзден соңғы сөзі, алдыңғы ойдан соңғы ойды,алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.

Түйдектету Баяулату

«Домбыра» өлеңінде осы екі түрі де бар.

(Оқушыларға тапқызып, талдату, салыстыру)

Домбыра, сенде мін бар ма? Тіл жоқ деуге бола ма?

Мінсіз болсаң тіл бар ма? Тілден анық үн барда.

Домбыраның күші мол Көмейінде күй барда? ( Түйдектеу бағытында жазылған )

Келді жақын сең қағысқан, Өлді арыстан

Үн шыққандай жолбарыстан Ат шапқандай

Тұншыққандай Жер қайысқан. ( Баяулату сарынымен жазылған )

Теңеу, эпитетті тапқызу

Теңеу: жолбарыстай, тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай, дабыстай,..

Эпитет: қоңыр жел, адақтаған күй, ыңыранған домбыра.

V «Күйге» өлеңі. Қазақ халқының қандай күйлерін білесіңдер? Күйшілерді ата?

Өлеңді оқулықтан мәнерлеп оқыту.

Өлең жолдарындағы сөздердің мағыналарын тапқызу.

«Тәтті көрем» - сағынамын

«Жаным күйіп» - елжіреймін

«Өмірдің сыры» - құпия

«Жандырған күйік» - ыза

«Тамылжиық» - тыңдайық, рақаттанайық

Сабақты бекіту сұрақтары: Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?“Домбыра” және “Күй” өлеңдерінің тақырыбы не туралы деп ойлайсың? Градация дегеніміз не?

Үйге тапсырма:


  1. І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын оқу

  2. “Домбыра”, “Күй” өлеңдерінің мазмұнын ашып оқу.

  3. І.Жансүгіровтың “Анам тілі” өлеңін жатқа оқу.

«№7 жалпы білім беру орта мектебі КММ»



Ашық сабақ
Пәні: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы
Өткізген: Тұрғанбаева Б.Б

Ақтау 2014ж.
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: § 13 Құрлық сулары Мақсаты: География пәнінен алған білімдерін ғылыми,табиғи заңдылықтар
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. «Қазақстанның климатын қайталау»
sabaktar -> Тақырыбы: Қазақстанның аласа таулар Мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: §10 Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу
sabaktar -> Сабақ тақырыбы: «Айналу денелері. Конус, цилиндр, шар»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Трапеция Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
sabaktar -> Сабақтың мақсаты: а Білімділік: Оқушыларды функцияның шығу тарихымен, практикада пайдалануымен таныстыру
sabaktar -> Ахирова Дилнаваз, «Иқан» жалпы орта мектебінің математика пән мұғалімі
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді