Компьютерлік программа – компьютерді басқаруға арналған логикалық құрылымы мен реттілігі бар командалар жиынтығы.
Программалау тілі – деректерді белгіленген ережелер бойынша өңдейтін адам мен компьютерді байланыстыратын формальды (жасанды) тіл.
Программалау тілдері сөздік қорының аздығымен және жазу ережесінің қатаң сақталуымен ерекшеленеді.
Программаларды процес-сор тіліне (екілік кодқа) аударатын программа транслятор (аударғыш) деп аталады.
Транслятордың 2 түрі бар:
Компилятор – програм-маны машиналық кодқа толық аударып, орындайтын тран-слятор;
Интерпретатор – прог-рамманы машиналық кодқа қадам бойынша (кезең – кезеңімен) талдай отырып, аударып, одан кейін орындайтын транслятор.
Әрбір программалау тілінде өзінің программалау ортасы бар, оны программаларды құрудың біріктірілген ортасы ағылшынша - Integrated development environment (IDE), Python тілінде де дәл солай. Ол программалау тілін үйрену үшін қолайлы. Python-да жазылған қарапайым программалау тілі басқа тілдермен салыстырғанда оңай оқылады. Программаның кіріктірілген ортасы программаны енгізуге және бірден нәтиже алуға мүмкіндік береді. Python-да қарапайым тіл құрылымы мен интерактивті қабықшадан басқа оқытуды тезедететін және қарапайым анимациялар жасауға мүмкіндік беретін құралдар бар.
Python – бұл программаны құрудың кіріктірілген ортасына енетін командалық қабықша.
Үш (>>>) үлкен таңбасы жұмыс аумағында программаны шақыру деген мағынаны білдіреді.
|
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. Сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазып алады.
Жаңа тақырыпты мұғаліммен бірге практикада қолдану арқылы меңгереді.
|
|
Презентация
(слайд 2-4)
Презентация
(слайд 5-7)
Презентация
(слайд 8-10)
|
Сабақтың соңы
|
«Оқушылардың сұраққа берген жауаптары» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.
Программа деген не?
Программалау тілі деген не?
Транслятор деген не?
Транслятордың қандай түрлері бар?
Программаны құрудың кіріктірілген ортасы дегеніміз не?
Кері байланыс.
Оқушылардан стикерге мына сұрақтарға жауап алады:
Неұнады?
Неніүйрендім ?
Неқиынболды?
|
«Оқушылардың сұраққа берген жауаптары» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа байланысты берілген сұрақтарға жауаптарын береді.
Кері байланыс.
Оқушылар стикерге мына сұрақтарға жауап жазады:
Неұнады?
Неніүйренгімкеледі?
Неқиынболды?
|
«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалау: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Презентация
(10)
Стикерлер
|