Сабақтың тақырыбы: І. Есенберлин «Қаһар» Сабақтың мақсаты

Loading...


Дата05.04.2020
өлшемі16.81 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні: қазақ әдебиеті Күні:12.02.2020ж

Сынып: 11

Сабақтың тақырыбы:І.Есенберлин «Қаһар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: І. Есенберлиннің  өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру. ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру. 
Дамытушылық: Әдеби теориялық білімін арттыру, өз пікірін айтуға дағдыландыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке. адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, пікір - талас, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: І.Есенберлиннің портреті

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру: 

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

3. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру:

- Өткен сабаққа шолу

- Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру

- Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту: Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романынан үзінді оқыту.



4. Жаңа сабақты түсіндіру:

“Қаһар” романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі. Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері. Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік , даналық істері. 


Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері;

«Алмас қылыш» бөлімінде басты кейіпкер Әбілқайыр ,Жәнібек, Керейлер.

Кейіпкерлерін талдау

Әбілқайыр


Айлакер, ақылды, айбарлы ел басшысы    өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол

Романнан үзінділер оқып танысу.


1. Шыңғысханның балаларына өсиеті
2.Абылай мен Бұқар жырау
4. Уали сұлтанның баласы Абылай
3. Батыр Баян мен Ноян
4.  Абылайдың ақ бурасы
5. Абылайдың түсі
6. Абылайдың өлер алдындағы өкініші 
7. Абылай хан мен сұрша қыз хикаясы
5Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі:

Міндеті: Жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру.

1.    І.Есенберлиннің шығармашылық жолы қалай басталды?


2.    Жазушының қандай кітаптары бар?
3.    «Көшпенділер» трилогиясының идеялық мазмұны, үш кітапта суреттелген кесек кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен көздеген мақсаттары
4.    Қай шығармасы үшін жазушы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алды?

6. Жаңа материалды бекіту кезеңі:

Міндеті: Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

Ілияс Есенберлиннің 1956 жылы орыс тілінде жазылған «Песня о человеке» романы 1958 жылы қытай тіліне, «Ғашықтар» романы өзбек тіліне аударылды. Көптеген шығармаларды орыс тіліне аударылды.


«Көшпенділер»- тарихи роман
Тарихи роман дегеніміз не?
Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады.
Ілияс Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV - ХІХ ғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтарды, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез - құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт - сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелеуге сүйене отырып, қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасады.
«Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады
7. Жаңа сабақты қорытындылау:

Міндеті: Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; жаңа материал бойынша ойын қорытып айта алуға дағдыландыру.

8. Үй тапсырмасы:

Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны мен шығармашылығын оқу.



9. Сабақты бағалау кезеңі:

Міндеті: өзара бақылау, жеке оқушының жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту).

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...