Он алтылық есептеу жүйесі - Екілік есептеу жүйесін компьютерден тыс жерде қолдану өте қолайсыз екенін атап өттік. Екілік санды жазуды қысқарту үшін негізі 16 болатын санау жүйесі қолданылады. Бұл жүйені он алтылық санау жүйесі деп атайды.
Он алтылық позициялы санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0, 1,2, 3,4, 5, 6, 7, 8, 9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін ондық сандарының мәні 10, 11, 12, 13, 14 және 15 болатын сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Осылайша ондық жүйенің барлық цифрлары және сонымен қатар, латынның алты әріптері он алтылық жүйенің -«цифрлары» болып табылады.
Он алтылық жүйенің барлық цифрларын келтірейік: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B C, D, E, F. Он алтылық санау жүйесінде F санынан кейін F+1 саны келеді, ал ондық санау жүйесіндегі 15 санынан кейін 15+1=16 саны келеді деген жазуға сәйкес келеді.
Сондықтан, он алтылық санның түрі, мысалы, 3E5A1 болуы мүмкін. Осы санды негізі 16 болатынын ескеріп, қосындысы түрінде есептеп жазсақ, мынаны аламыз:
3Е5А116=3*164+E*163 +5*162 +A*161+1*16°
Ондық санау жүйесінен басқа санау жүйесіне алмастыру
Ондық бөлшектерді екілік санау жџйесіне ауыстыру
Ондық есептеу жүйесінен екілік есептеу жүйесіне және керісінше түрлендіргенде әр түрлы сан мәні және іс – әрекеттің қиындығы пайда болады. Содықтан ондық сандарды сандық техникада көрсету үшін код сзінің екі түрі қолданылады.
1. Жоғарыда қарастырған екілік код сандар аз болған жағдайда қолданылады.
2. Егер сандар көп болса, онда екілік-ондық код қолданылады. Бұл жағдайда ондық сандар екілік кодқа түрленбейді. Бірақ әрбір ондық сан нөл және бірлік комбинация түрінде жазылады.
Сандық техникада екілік – ондық кодтың бірнеше түрі болды.
Сандық техникада ең көп таралған «8421» коды, өйткені бірінші он ондық сандардың 0 – ден 9 – ға дейінгі мәндері осы сандардың екілік кодымен толық сәйкес.
Мысал. 275,68 ондық санды екілік – ондық кодқа «8421» түрлендіру қажет.
Жауабы: 275.6810 = 0010 0111 0101 0110 1000 8421
= 1001110101,011018421
тапсырма:
Өтілген сабақты қайталау.
Сандарды екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз:
а) 101000112; в) 11010112;
ѕ) 110110012; г) 111012;
б) 10010012; д) 11101112.
Достарыңызбен бөлісу: |