Сабақтың басы
Сабақтың ортасы.
Сабақтың соңы.
|
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдейді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырады.
Қызығушылықты ояту.
Үй тапсырмасын сұрау үшін суреттер арқылы «Әпке»драмасының сюжетін айту.
1-тапсырма.
"Әпке" драмасындағы кейіпкерлер әлемі
Бұл кім? (Кейіпкер сөзіне байланысты кім екендігін анықтау)
1. Ал, туған күнің құтты болсын, інішек. Қуаныштымыз. Темірбекжанның досы болсаң, менің де туған інімсің. Ал, өздерің отыра тұрыңдар, мен барып котлет... імм... тамақ дайындап жіберейін.
2. Тоқтат, тіліңді кесіп, отварной язык жасаймын.
3. Қазіргі заманда жұрттың бәріне ұнай беру шарт емес. ХХ ғасыр - ғылыми-техникалық прогрестің ғасыры ғана емес, субъективті пікірдің ғасыры. Біреуге ұнау үшін әрекет жасау бекершілік. (
4. Өмір көрсетер оны. Жалпы, жалынды сөйлеген адамнан күдіктенемін. Өйткені, олар көп ретте жалған айтады.
5. Марат айтады, папаң сендерді тастап кеткен дейді. Ол ешқандай да ұшқыш емес дейді. Ол өтірік айтады ғой, ә?..
6. Ғылымға негізделмеген дәлел әлсіз болады, сондықтан сіздерге түсініктірек болсын деп...
2-тапсырма.
Топтық жұмыс.
"Отбасы" тобы: Омарға
"Әпке" тобы: Қамажайға
"Бауыр" тобы: Нәзилаға
3-тапсырма.
Жеке жұмыс.
"Адаспай тап" әдісі бойынша кейіпкерлерді тура мінездеу мен жанама мінездеуге жікте.
1. "Синквейн" әдісін қолданып, әпке сөзімен 5 жолды өлең құрастыру.
2. Ойбөліс. Анасының еске алу 60 жас мерейтойына бауырларының келмеуі әпкесі берген тәрбиенің жеміссіз болғаны ма, әлде?..
Кері байланыс:»Әлеуметттік желі» әдісі арқылы жүзеге асады.
Үйге тапсырма. «Маған ұнаған кейіпкер» тақырыбына аргументативті эссе жазу.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабақтың тақырыбы мен танысады.
Оқушылар өткен сабақты қайталау мақсатында драманың сюжетін айтады.
Оқушылар өз ойларын топта ашық жеткізіп, сұраққа жауап береді.
Оқушылар кейіпкерлерге мінездеме жазып, дәптерге жазбаша орындайды.
Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады.
|
Дескриптор:
Оқушылар топта өз ойын ашық айтады.
кейіпкерлердің сөзін дұрыс табады.
ҚБ:2 балл.
Дескриптор:
- әр оқушы кейіпкер туралы өз пікірін жазады;
- пікірлерді саралап, топ ортақ идеяға келеді;
- жұмысты қорғайды.
Қалыптастырушы бағалау: 3 балл
Дескриптор:
-мінездеудің түрлерін ажырата алады;
-драмадан кейіпкердің мінездеу түрлерін тауып жазады;
ҚБ:2 балл.
Дескриптор:
-«синквейн» әдісін қолданып, 5 жолды өлең жазады
-өз ойын ашық жеткізеді.
ҚБ: 2 балл
Кері байланыс кезінде бүгінгі сабақта түсінгенін толық жазады.
ҚБ: 1 балл
|
|