3.1.1.1 енгізу (тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (монитор мен принтер) ажырату.
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру.
3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Барлығы: Компьютерде дыбыс жазу программасын білу, дыбыс жазу және сақтау, ойнату. цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда техника қауіпсіздігін сақтау.
Кейбірі: Дайын түрлі дыбыстарды түрлендіріп жазу және дыбыс жазу программасының қызметін түсіндіру.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңберін» құру арқылы «Дыбыстар» ойынын ойнатамын.
Қоршаған ортада біз қандай дыбыстар қабылдаймыз?
О қушылар шеңбер құрып, табиғат құбылысының дауыстарын салады және әрекетін орындату арқылы сергіту жаттығуын жасау, жағымды ахуал қалыптастыру.
Өткен материалды қайталау «Ашық микрофон» әдісі арқылы арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
1. Абзац батырмалары қандай қызмет атқарады?
2. Неліктен мәтіндер жазу барысында абзацтарды қолданамыз?
3.Тізімдер мен нөмерленген жолдарды қалай жазуға болады?
ҚБ. Мұғалімнің ауызша тиімді бағалауы
Слайд 1
Микрофон
Сабақтың ортасы
30 минут
Ж аңа сабақты меңгерту «Болжау» әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Ашық сұрақ:
Суретте не көріп тұрсыздар?
Дыбыс туралы не білеміз?
Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
Суреттер арқылы екі топқа біріктіру. Ол үшін оқушылар қорапшадан қағаз қиындыларын таңдап алады. Қағазда бейнеленген суреттер арқылы топқа бірігеді.
« Кластер» әдісі арқылы топта бірлесе жұмыс жасауға дағдыландыру. Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау. Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер)
1.Микрофон тобы –компьютерде дыбыс жазу үшін қандай бағдарлама пайдаланамыз?
2. Колонка тобы- компьютерде дыбыс ойнату үшін қандай бағдарлама пайдаланамыз?
(ҚБ): Әр топ бірін-бірі бағалайды.
1-тапсырма. Топтық жұмыс А)Төмендегі суретте дыбыс шығаруға және енгізуге арналған құрылғылар бейнеленген. Осылардың ішінен дыбыс шығаруға арналған құрылғыны көрсет?