Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің емлесі. Қатысқандар: 10 Қатыспағандар: 0



Дата21.09.2021
өлшемі29.75 Kb.
түріСабақ

Мектеп:




Мұғалім:

Қалдарбекова Сәуле.

Пән:

қазақ тілі.

Сынып:




Сабақтың тақырыбы:

Біріккен сөздердің емлесі.

Қатысқандар: 10

Қатыспағандар: 0

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

Біріккен сөздердің емлесін естерінде сақтап, дыбыстық өзгеріске түскен біріккен сөздердің жазылуын жақсы біледі.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Біріккен сөздердің жазылуын үйренеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Біріккен сөздері бар мәтіндермен еркін жұмыс жасай алады.

Кейбір оқушылар:

Біріккен сөздерді іс жүзінде қолдана біледі.

Бағалау критерийі:

Біріккен сөздердің мәтін ішіндегі жазылуымен таныс болады.

Біріккен сөздерді мәтін ішінен тез табады.

Біріккен сөздерді толық меңгереді.

Құндылықтарға баулу:

Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өнер-білімге деген сүйіспеншілігін ояту.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, тарих,т.б.

Тілдік мақсат:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:




Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Дыбыстық өзгеріске түскен біріккен сөздердің жазылуы.

  2. Емленің үш түрі.

Алдыңғы тақырып:

Дара және күрделі сөз.

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар



Ресурстар

Басы:

І. Ынтымақтастық орнату:

«Бумба - юмба» әдісі: оқушылар шеңбер болып тұрып, қол беру, иық пен иықты түйістіру, аяқ пен аяқты тигізу, арқа қағу арқылы амандасады. II.Топқа бөлу.

Оқушылар шеңбер болып тұрған күйі қызықты ертегі құрайды. Мысалы, арыстан мен тышқан туралы. Әр оқушы осы екі кейіпкерді жеке-жеке кезекпен қатыстырып ертегі құрай бастайды. Алғашқы үш оқушы арыстан туралы айтса, кейінгі үш оқушы тышқан туралы, соңғы үш оқушы біреуі арыстан, біреуі тышқан туралы, соңғысы қорытындылайды. Осылайша арыстанды айтқандар бір топқа, тышқанды айтқандар бір топқа жайғасады.



III.Алдыңғы сабақты пысықтау үшін «Ақиқат па, жалған ба?» әдісін қолданамын. Оқушыларға үш ақиқат, үш жалған ақпараттар экраннан көрсетіледі. Соның қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін табады.

1. Екі я одан да көп түбірлер бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөздер біріккен сөздер деп аталады.

2. Бір ғана түбір сөзден тұратын сөздерді біріккен сөздер деп атаймыз.

3. Мүйізтұмсық, айгөлек, бесқақпай деген сөздер біріккен сөздерге жатады.

4. Алты, жаздың, басы деген сөздер біріккен сөздер қатарына кіреді.

5. Біріккен сөздер әр түрлі сөз таптарынан жасала береді.

6. Біріккен сөздер тек зат есімнен ғана жасалады.

Смайликтермен бағалау.


1-топ: Арыстандар

2-топ: Тышқандар

Интербелсенді тақта


Ортасы:

Сергіту сәті:

1-тапсырма.

62 – жаттығу. Берілген мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазыңдар.

1-топқа:

... Аласа таулар Сарыарқаның әр жерінде шашырап жатыр. Солтүстік – батысында Көкшетау (947 м), батысында Ұлытау (1134 м), орта тұсында Қызыларай (Ақсорақ 1565 м), Қарқаралы (1377 м), қиыр шығысында Шыңғыстау (Қособа 1305 м) оқшау көтеріліп тұр.



Дескриптор

- Біріккен сөздерді таба алады

- Мысалдар келтіре алады



Қол шапалақтары арқылы бағалау.

2-топқа:

Сарыарқаны айдын шалқар көлдер көріктендіре түседі. Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Зеренді, Торайғыр, Жасыбай, т.б. көлдер Қазақстанның аса маңызды демалыс және тарихи аймағы болып табылады.




Дескриптор

  • Біріккен сөздерді таба алады

  • Біріккен сөзге сөйлем құрай алады


Бас бармақпен бағалау.

Интербелсенді тақта, жұмыс дәптері

2-тапсырма:

«Алаңқай» әдісі. Еш, кей, бір, әлде деген сөздерді есімдіктермен біріктіріп біріккен сөздер жасау. Яғни, оқушылар, жоғарыда көрсетілген сөздерге біріккен сөз құрап, әр топқа берілген А4 форматтағы параққа «Біріккен сөздер» алаңқайын жасап, жабыстырып шығады. Болған топ тақтаға шығып, жазғандарын оқиды.


Дескриптор

  • Есімдіктерден біріккен сөз жасай алады.





Бір – бірінің арқасын қағу арқылы бағалайды.
Саралау

А

Біріккен сөздерге 5 мысал келтір.

В

Біріккен сөздердің емлесіне сөйлем құра.

С

Біріккен сөздерді қатыстырып, өлең құра.
«Көз, мұрын, құлақ, бас, шаш, қол». Айтылған мүшелер кезек-кезек, тез – тез айтылады, оқушылар соны қолмен көрсетеді.
Үйге тапсырма:63-жаттығу.

Біріккен сөздердің қажетті сыңарларын тауып жазады.

Стикерлер,

А4 форматты парақ.

Стикерлер



Соңы:

Кері байланыс.

«Менің жұлдызым» әдісі.

Өздеріне ұнаған бір – бір оқушыға тарқатылған стикерлерге мақтау сөз жазады. Жазған оқушылардың арқасына барып жабыстырады.







Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Саралау

А

Біріккен сөздерге 5 мысал келтір.

В

Біріккен сөздердің емлесіне сөйлем құра.

С

Біріккен сөздерді қатыстырып, өлең құра.


Бағалау – оқущылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау арқылы:
Бір – бірінің арқасын қағу арқылы бағалайды.

Смайликтермен бағалау.

Бас бармақпен бағалау.


Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс.

Әдебиет,география




Рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Иә, сабағым шынайы, қолжетімді болды. Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді деп ойлаймын. Иә, сабағымдағы саралау жұмыстары дұрыс жүргізілді деп ойлаймын. Көптеген оқушылар В – деңгейінің тапсырмасын орындапты. Жоқ, уақытты тиімді пайдалана алмадым. Өйткені, менің сабағыма уақыт жетпеді. Үй тапсырмасын беріп үлгермедім. «Алаңқай» әдісіне уақытты көп жұмсап жібердім. Сабақ жоспарында ешқандай ауытқу болған жоқ.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1 . Топпен жұмыс жасау табысты болды. Себебі, оқушылар топпен жұмыс жасағанда сабаққа қызығушылықтары арта түсті.



  1. «Алаңқай» әдісі.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1. Саралау жұмыстары.

2. Үй тапсырмасын сұрауда қолданған «Ақиқат па, жалған ба?» әдісі.

Сабақ барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару керек?

Мен сабақ барысында топқа бөлуден қиналдым. Бірақ, топпен жұмыс жасағанда оқушылардың белесенділігін байқадым.Сабаққа деген қызығушылыұтары арта түсті.Келесі сабақта жұппен жұмысқа баса назар аудару керек екенін білдім.






Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік