Сабақтың тақырыбы: «Бір қимылдан екіншіге бір сарынды ауысу: таяқшалар мен заттар сұлбасын жасау»



Дата01.01.2023
өлшемі166.41 Kb.
#405296
түріСабақ
Байланысты:
12.10.2022
мәдениет оөсөж, әлеумет оөсөж, қ тарих өсөж, Документ (20), Документ (21), Документ (21), umkdfile(39782), Документ (21)

Пән: Психомоторикасы мен сенсорлық процестерін дамыту
Күні: 12.10.2022ж.
Сабақтың тақырыбы: «Бір қимылдан екіншіге бір сарынды ауысу: таяқшалар мен заттар сұлбасын жасау»
Сабақтың мақсаты: 6.2.1.1. бір қимылдан екіншіге бір сарынды ауысу: таяқшалар мен заттар сұлбасын жасау


Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсің бе! Бүгінгі сенің көңіл-күйің қалай? Бүгінгі сабағымыз қызықты өткелі отыр.
«Пішінді құрастыр» жаттығуы.
Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.
Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық пішіндерді жасап шығару керек.
Төмендегідей тапсырмалар беріледі:
1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;
2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;
3. Үй құрастыру;
4. Өсімдіктер,жануарлар құрастыру;
5. Жұлдызша құрастыру;



Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.
Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.
А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.
Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.
В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді, бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.
Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.
Қорытындылау. Рефлексия
Сабақта не ұнады? Қандай қиындықтар кездесті? Не үйрендін?

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет