Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамудағы басты факторлардың бірі – тәрбие. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болады.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс – әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына терісғ зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды.
Акселерация, оның әлеуметтік және педагогикалық мәні.
Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.
Акселерация – биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радиотолқындардың жақсаруы сонымен бірге радиотолқындардың және геграфиялық – климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы – орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі – ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (латынша «жеделдеу») деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады. Сондықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдыңдағы өзінің борышын ар – намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне бермейді. Осы мәселені ата – аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет.
Әрине, акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі зерттеуді қажет етеді, дегенмен акселерацияға байланысты мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің үлгілеріне, дене шынықтыру және жаттықтыру кешендеріне қайта қарауға тура келіп отыр. Акселерацияның ақыл – ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара байланысты бірнеше факторлардың ықпалымен жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық процесс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |