Сабақтың басы
15 минут
Сабақтың ортасы
35 минут
|
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш дегенде ойларыңызға не келеді? (жеке, топта жариялау)
Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз.
Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері мыналар:
Толықтауыш атау жіне ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып, затты нұсқайды. Кейде толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.
толықтауыш болатын сөз заттық мағынаны білдіреді. (көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі)
сұраулары аталған септіктердің Кім? Не? түбірлес болады.
Байланысу түрі –меңгеру, жанасу. (ереже шығартылады)
Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлері
|
Толықтауыштың сұрақтары
|
Тура толықтауыш
Табыс септігінде
|
Кімді? Нені?
|
Жанама толықтауыштар
Барыс септігінде
Жатыс септігінде
Шығыс септігінде
Көмектес септігінде
|
Кімге? Неге?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?
|
Толықтауыш құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді. Дара толықтауыш: Татулықта (неде?)табыс мол. Күрделі толықтауыш: Жүз –жиырма беске (неге?) бөлінеді. Үйірлі толықтауыш: Жасау дегеннен (неден?) көз тұнады.
І Ұйымдастыру бөлімі
«Мен сенің мінезіңді сатып аламын!»
Әр оқушы жанында тұрған оқушының бір қасиетін бағалап, сол қасиетті не үшін сатып алатынын айтады
Топқа бөлу
ІІ Жаңа сабақ
1-тапсырма:
Оқушыларға мәтін жазылған парақ таратылады. Мәтіннен толықтауыштарды табу керек.
1 топ:
Мен тоғыз күн бойы төсектен бас алмай жатып қалдым. Апам мен Еркінай әуелгіде қатты қорқыпты. Әнеукүні қол диірменге тартқан екі кило бидайдың тең жартысына жуығын жеті күлше етіп, маған суық тигенін біле тұра, көз тиіп қалды ма деп көрші-қолаңға таратыпты.
Тоғыз күн. Жайшылықта қалай өткенін білмей қалатын бұрымға келмес келте уақыт. Бірақ бар ғұмырындағы қуанышы мен күрсінісіп есептеп әр күніне бөлгенде қайғысына қайық батар тоғыз күн! Таңы атпайтындай, күні батпайтындай ұзақ үміті мен уайымы, сенімі мен сергелдеңі шарпысқан, кемпір-шалдар бал ашып, жаман түссе тағы ашып, кеуде біткенүйде, көңіл біткен түзде, жантайса да жақсы түс көру үшін жайшылықтың жылына тең тоғыз күн! Тоғыз күнде алақандай ауылға екі қара қағаз келіп, адамдары күңіренді. «Аманбыз» деген төрт хат келіп, жыртық жүрекке жамау болды. Бірақ жиырма күн жүріп өткен «аманбыз» үркек көңілге біржола медеу бола алмай, келесі күндердің үміті мен күдігін молайтты.
2 топ
Әкем қыс түскенде анда-санда аңға шығып қоюды ұнататын. Сондықтан біздің үйде күшігінен асыраған екі ит болатын бір сары, бір ақ күшікті әкем бір жақтан екеуі де тазының күшігі деп әкеліп еді. Қарашеке күшік дөрегей де сары күшік құлағы пілдің құлағындай үлкен қара ауыз тазы болып шықты. Оны біз Лашын деп атадық. Лашын күніне жетпей түлкі ұстады. Қарашекенің де өзіндік өнері болып шықты. Келесі бір аңға шыққанда әкем Қарашекені жер-суға сыйғызбай мақтап келді. Таңертең әкем Лашынды қосып, бір түлкі алады. Түлкіні ол темір жолдың ар жағындағы Ақшоқы дейтін таудан аулайтын. Түске таман тағы бір түлкі көріп, Лашын қосылған екен, түлкі інге кіріп ұстатпай кетеді. Сол кезде ін ауызында аңырап тұрған Лашынның қасына әкем мен Қарашеке де жетеді. Қарашеке іннің ауызын искеп-искеп жіберіп, бір-екі қыңсылайды да, іннің ішіне кре бастайды.
3-тапсырма: Жазылым
“Қызыл кітапқа еніп бара жатырған жануарлар тақырыбына ” тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерін қатыстырып,ойтолғау жаз
4- тапсырма
Айдана 5 сөзден құралған бір сөйлем ойлап жазыпты. Оның бастауышы - қазақ халқының атақты ағартушы ақынының аты, тура толықтауышы - кәрі сөзінің антонимі, жанама толықтауышы - қос сөз, оның бірінші сыңары білім сөзімен қосарлана айтылатын сөз, баяндауышы - үндеді сөзінің синонимі.
Айдананың жазғаны қандай сөйлем?
(Ыбырай – жастарды оқу - білімге шақырды.)
ІІІ Қорытынды
Кері байланыс
Үйге тапсырма:
|
,
|
|