Бөлім:
|
8.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
|
Педагогтің аты-жөні
|
Кудербаева С
|
Күні:
|
10.10.22
|
Сынып:8 а
|
Үйден оқу
|
Бердалиев Д
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы
Зерттеу сұрағы:Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
8.2.3.1 – ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру
|
Сабақтың мақсаты
|
Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін және «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау; «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын бағалауда қазақ зиялыларының рөлін дәйектеу;
|
Бағалау критерийлері
|
«Алаш» партиясы көшбасшыларының қоғамдық-саяси қызметін талдайды; ·
- «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын жіктейді;
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушы: Оқылым: қазақ зиялыларының Қазақ елін әлемдегі өркениетті елдердің қатарына қосудағы қызметі мен Алаш партиясының құрылуын оқиды;
Айтылым:Алаш партитясының құрылу себебін талқылайды;
Жазылым: Оқулықтағы 52-57 беттегі «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын сараптайды, жан-жақты салыстырады;
«Алаш алыптары» тақырыбында қазақ зиялыларының Алаш партиясын құрудағы қызметі туралы бейнедеректі талдайды;
|
Құндылықтарды
дарыту
|
«Мәңгілік ел» идеясы аясында «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім» құндылығын баулу, сабақта топтық,жұптық жұмыс барысында білім алуға,ынтымақтастыққа тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақ әдебиеті
|
Бастапқы білім
|
Қазақ интелигенция өкілдері ұлттық мүдделерді қалайша қорғады тақырыбында қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау жасаған, сол білімдері арқылы Алаш қайраткерлерінің қызметі мен рөлін бағалауды үйренеді. 1916 ж ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтауды үйренген, сол арқылы «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдайды
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Жаңа сабақты меңгерту «Ойтүрткі» ретінде жаңа тақырып бойынша суреттер мен тірек сөздер жазылған қағаз қиындыларын беру, құрастыру арқылы жаңа тақырыпты анықтайды,тақырыпты болжайды.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайында болмақ? - Оқушы жаңа сабақтың тақырыбын ашады -Оқушыны сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
|
Оқушы өз ойын айтады.
Оқушы жауабы арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамын айтып, талқылайды
|
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
|
Тақырыптық суреттер
|
|