Қозғалтқышты торапқа қосу кезіндегі сақталатын қауіпсіздік талаптары:
- Мастердің рұқсатынсыз жұмыс бастамау
- Құралдардың жұмысқа жарамдылығын тексеру
- Жұмыс орнын дайындау
- Жұмыс алдында кернеудің жоқтығына көз жеткізу
- Айналып тұрған бөлікті қолмен немесе басқа да заттармен тоқтатпау!
- Қалқаншадағы автоматтарды студенттің қосуына рұқсат жоқ!
Қозғалтқыштың паспорттық мәліметтері:
Power 3.0 kW (қуаты)
Voltage 220V (кернеуі)
Insulation F (оқшаулау класы)
Frequency 50Hz (жиілігі)
Speed 1400 r/min (жылдамдығы)
Current 7 A (ток күші)
Protection IP (қорғау класы)
1. Бір фазалы асинхронды қозғалтқышты торапқа қосу сұлбасын сызу
2. Бір фазалы асинхронды қозғалтқышты магнитті іске қосқыш, батырма арқылы торапқа қосу
3. Бір фазалы асинхронды қозғалтқышты шаппа қосқыш (рубильник) арқылы торапқа қосу
4. Үш фазалы асинхронды қозғалтқышты магнитті іске қосқыш және батырма арқылы торапқа қосу
Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы қандай?
Қозғалтқыштың айналмайтын бөлігі қалай аталады?
Қозғалтқыштың айналатын бөлігі қалай деп аталады?
Роторының ерекшелігі бойынша асинхронды қозғалтқыштың неше түрі бар?
Автоматты ажыратқыштың қызмет қандай?
Магнитті іске қосқыштың құрылысын айтыңыз.
Батырманың (кнопка) қызмет қандай?
Реверс дегеніміз не?
Үш фазалы қозғалтқышта реверс қалай жүзеге асады?
Магитті іске қосқыштың катушкасының бүтіндігін қалай тексеруге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |