Сабақтың тақырыбы: «Қар және аққала»



Дата31.12.2022
өлшемі18.87 Kb.
#405256
түріСабақ
Байланысты:
аккала
сценарий 7 гр НГ 2022

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Қажыкенова Д.Р.

Күні: 28.12.22


Білім беру саласы/ бөлімі: «Таным» / «Құрастыру»
Сабақтың тақырыбы: «Қар және аққала»
Мақсаты: БМ: Қар парағын жырту, умаждау тәсілдерімен көлемді пішіндерге келтіру арқылы қар кесегі мен аққаланы жасауға үйрету
ДМ: дайын бөлшеті парақта дұрыс орналастыруға дағдыландыру
ТМ: жұмыс барысында ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу
Көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, тақтайша, желім, қағаз, сулық, т.б.
Сөздік жұмысы-билингвальді компонент: аққала – снеговик, қар – снег



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғау-шы
Іздеу- ұйымдас-тырушы

Рефлек-сиялық түзетуші



Шаттық шеңбер
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз
Балалармен ең алғаш
Амандасып аламыз
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Оны қайдан білдіңдер?
- Қыста ауа-райы қандай болады?
- Қыста аспаннан не жауады?
- Қармен қандай ойындар ойнауға болады?
- Қардан балалар не жасайды?
Сөздік жұмыс: аққала - снеговик
Ендеше біз сендермен бүгін қар мен аққаланы жасайық!
Үлгіні қарастыру!
Сергіту сәті: видематериал арқылы
- Алдымен ақ түсті қағазды алып кішкентай бөліктерге жыртып аламыз.
Содан әрбір кішкентай бөлікті умаждап домалақ жасаймыз.
Енді берілген үлгі бойына әрбір бөлікке желім жаға отырып, жапсырып шығамыз
Аққаланың шет шеттеріне қар жауып тұрғандай етіп қар қиыршықтарын жапсырамыз

- Аққаланы қандай түстен жасаймыз?


- Ол қандай пішіндерден тұрады?
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Тәрбиеші қажет жағдайда қиналып отырған балаға жұмысына көмектеседі.
Сабақты қорытындылау:
Бірнеше сұрақтар қойып пысықтайды.
- Балалар, бүгін нені құрастырдық?
- Аққаланың түсі қандай?
- Ол қандай пішіндерден тұрады?
- Аққаланы қашан жасауға болады?

Балалар қимылмен өлең жолдарын орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар аққалаға сипаттама береді.
Сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.
Жұмыс ретін мұқият тыңдап алады.
Бекіту сұрақтарына жауап береді.

Балалар өз бетінше жұмыс жасайды.


Сұрақтарға жауап беріп, сабақты қорытындылайды.



Күтілетін нәтижелер:


Нені біледі: умаждау тәсілін
Нені игеру керек: біркелкі қылып жапсыруды
Нені жасай алады: ұқыптыллыққа, еңбексүйгіштікке

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет