Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өлшеу. Алфавиттік әдіс. Информатика пәні мұғалімі: Әлмаханбетов Ержан Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы – ықтималдық тұрғыдан өлшеудің бір әдісіне жатады



Дата14.09.2022
өлшемі80.76 Kb.
#290165
түріСабақ
Байланысты:
8 сынып слайд сабақ
Меншік құқығы түсінігі, алынуы мен тоқтатылуы қарастыру.ееее, Өнердің ең құнды түрінің бірі, ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ, Лекция 5

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өлшеу. Алфавиттік әдіс. Информатика пәні мұғалімі: Әлмаханбетов Ержан

Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы – ықтималдық тұрғыдан өлшеудің бір әдісіне жатады. Мұнда қандай да бір алфавиттің (символдық хабардың) символдарынан құрастырылған мәтіндегі ақпарат санын өлшеу қарастырылады. Ақпараттың мұндай өлшемінің мәтін мағынасына қатысы жоқ. Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы – компьютерлер мен ақпараттық техникаларда айналып жүрген ақпаратты өлшеуге қолдануға болатын жалғыз әдіс.

Бұл тақырыптың тірегі – «алфавит» ұғымы. Алфавит – ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын, шектелген символдар жиыны. Алфавиттегі символдардың толық саны алфавиттің қуаттылығы деп аталады.

Ақпарат санының шамасын мәтіннің ақпараттық көлемі деп атауға болады. Ақпаратты жіберуге жарамды алфавиттің ең аз қуаты 2-ге тең. Мұндай алфавит – екілік алфавит деп аталады. ​ Екілік алфавиттегі символдың ақпараттық салмағы: 2х = 2 болғандықтан, i = 1 бит болады. Сонымен, екілік алфавиттің бір символы 1 бит ақпарат береді. Бұл жағдаймен оқушылар компьютердің ішкі тілінің алфавиті – екілік кодтаумен танысқанда кезігеді. Бит – ақпаратты өлшеудің негізгі бірлігі. Байт – қуаттылығы 256- ға тең алфавиттің бір символының салмағы. Себебі 256 = 28 болғандықтан, 1 байт = 8 бит.

Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолында ақпараттың өлшемі оның мазмұнына емес, мәтіннің өлшемі мен алфавит қуатына байланысты болады.

Қазақ алфавитін 42 әріп, тыныс белгілері мен 10 цифрды қоса есептегенде жалпы 64 символ деп қарастырайық. Ағылшын алфавиті 26 әріп, тыныс белгілерімен жалпысы 32 символ делік. Қазақ алфавитіндегі 70 символдан құралған хабар мен ағылшын алфавитіндегі 70 символдық хабардың ақпараттық көлемдерін салыстырыңдар.

Хабардың ақпараттылығы – информационноcть сообщения – information мessage Алфавиттік әдіс – алфавитный метод – alphabetic method Егер алфавиттегі барлық символ бірдей жиілікпен кезігеді (тең ықтималды) деп жорамалдасақ, онда әр (Х) символдың беретін ақпарат саны Хартли теңдеуімен есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде